Материалдар / Тәрбие сағаты: «Шежірелі -Туған өлкем !»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты: «Шежірелі -Туған өлкем !»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға ауылымыздың шығу тарихы, жергілікті жер атаулары, туған жер табиғаты жайында түсінік беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
2197
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шежірелі -Туған өлкем х»Мақсаты: Оқушыларға ауылымыздың шығу тарихы, жергілікті жер атаулары, туған жер табиғаты жайында түсінік беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.Түрі: Аралас сабақӘдісі: баяндау, сұрақ-жауап.Барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
  • Сабақтың жоспары
3.1. Туған өлкем-тұнған тарих. /ауыл тарихы/3.2. Жергілікті жер атаулары сыр шертеді. 3.3. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! /ауыл табиғаты/3.4. Мақал-сөздің мәйегі. /мақалды аяқта/3.5. Сұрақ-жауап.Қорытынды.

Сабақтың эпиграфы: Жұмақ дегеніміз - өзің дүниеге келген жылы ұяң, атақонысың, туған жерің, өскен елің. Өтебай Қанахин.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым-жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер. Туған жердің тарихын, шежіресін білу-әр ұрпақтың азаматтық борышы. Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Сондықтан да жауға қарсы сапарға аттанғанда, немесе ел басына күн туып, уақытша қоныс аударған кезде, кіндік қаны тамған туған жердің бір уыс топырағын ата-бабамыз әрқашан өзімен бірге алып жүрген. Сондай-ақ шет өлкеде қайтыс болған кісінің сүйегін туған жеріне әкеліп жерлейтін дәстүр бүгінге шейін жалғасын табуда. Тарих арқылы біз өткенді зерттеп, болашаққа мақсат қоямыз. Елін, жерін сүю үшін ең алдымен оның тарихын жақсы білу қажет. Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат,Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат,-демекші қазақ халқы туған жерін-елін қасиетті санаған. Ауылымыздың сыр шертер тарихы, айтар аңызы, ашылмаған құпия сырлары баршылық...Құлазыған сенің құла түздерің,Не білмеген, не көрмеген ізгі елім.Жазылмаған тарихымның жолдарын,Ауыз екі аңызыңнан іздедім.деп, Мұқағали жырлағандай,Арқат ауылының шығу тарихы жайлы аңызға тоқталайық.









  • Туған өлкем-тұнған тарих. /ауыл тарихы/Ауыл тарихынан
Көнекөз қариялардың айтуы бойынша Арқат атырабы аңызғатолы.Бұл аңыздарың бірі тіпті ғасырлар қойнауынан басталады.«Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырындағы Айбар батыр Аягөз бойынан Баян сұлуды іздеп барып аты арықтай тау бөктерінде нулы қамыс бар көлдің жанына аялдаған деседі. Осыдан “Арыған ат” сөзінен бұл жер “Арқат “деп аталып кеткен. Арқаттың сан түрлі құз тастары мен қамысты көлдері –аң мен құстың базары тәрізді. Қытай мен Орта Азияға баратын керуен жолындағы үлкен бекеттің бірі болғандықтан, бұл таудың сұлу тұрпаты осы жерге аялдаған атақты жиһанкездер П.П. Семенов-Тян-Шанский мен Н.М. Пржевальскийді, Ш.Уәлиханов пен А. Янушкевичті ерекше таңырқатыпты. Д. Достоевский аң мен адам мүсініне ұқсайтын сан түрлі жақпар тастарды аралап көріп, мөлдір сулы Қопа көліне бетін жуыпты деседі... 1927 жылы «Қосшы», «Батырақ», «Мойынсерік», «Тоз» деген ұйымдар пайда болды. 1930 жылы Орда тауының айналасындағы елдер Голощекин атындағы колхоз болып құрылды. Оның алғаш бастығы Шаймардан Құсайынов болды. Бұл колхоз кейін «Ұзынбұлақ» деп аталды. Осы жылдары Арқаттың оңтүстігінде «Қумая», «Қопа» колхоздары құрылды. Колхоздарды алғашқы жылдары Мейрамхан Әділбеков, Баласары Қапановтар басқарды. «Қумая» колхозы 1937 жылы «Жаңа –Нұр» деп аталып орталығы қазіргі жерге көшірілді. 1950 жылдар ауыл шаруашылығын ірілендіру кезеңі басталғанда Қопа, Ұзынбұлақ, Жаңанұр колхоздары Молотов атындағы колхозға біріктірілді. 1956 жылы Ленин атындағы колхоз аталды. Колхоздың алғашқы бастығы Қ. Болатбеков болды. 1963 жылы Ленин атындағы колхоз Әуезов атындағы колхозға біріктіріліп, Әуезов атындағы совхоз болып, бір жылдан кейін қайтадан бөлініп, «Арқат» совхозы құрылды. 1983 жылы совхозға Кеңес Одағының батыры Зәкәрия Белібаев есімі берілді. Арқат «Батырлар ауылы» деп те аталады. Кеңес Одағының батырлары З. Белібаев, С. Бекбосынов, Даңқ Орденінің иегері Б. Байғожина осы ауылдың тумалары.





















  • Жергілікті жер атаулары сыр шертеді.
Жұмақан – көп жылдар бойы сиыр қыстағы болды. Ескендіров Қабдолла сиыршы болып еңбек етті. 1957 жылы тамаша табыстары үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Кемпіршал – үнемі қой малының қыстауы.Аумалы-төкпелі заманда /аты-жөнін білмейміз/ -ақ қашып қызыл қуған кезде Қытайға өтуге әрекеттенген атаман Анненковтың қарақшылары балаларын тұтқындап алып кеткен соң бұл жерде зар жылап екі адам кемпірі мен шалы ғана қалыпты. Сол бейкүнә қарттардың есімімен осылай аталыпты.-дейді қариялар. Жәнібек – 1635-1758 жылдар аралығындағы яғни жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-қалмақ соғысында қолға түскен қалмақ батырының есімі-дейді. Мамай батыр қолға түскен қалмақтардың бәрін өзінің бір ұлы Жоламанға тапсырып- «өз бауырыңдай көріп өсіріп жеткіз» деген дейді. Тоқа – қой қыстағы болған. Ежелден суы мол ну тоғайлы жер. Басында бастауы бар, алты ай – жаз бойына суы тартылмайды. Кеңес өкіметі орнамай тұрып қазақтар бұлақтың төменгі ағысына тоған құрып егін еккен. Сол «тоған» деген сөз кейін «Тоқа» атанып кеткен. Иесі кім? Ол бізге беймәлім. Шоқпартас – қой қыстағы. Тастардың табиғи жаратылысынан аталған. Өйткені тастары /тауы/ шоқпар-шоқпар болып келеді. Ақбастау- «бастау»- бұлақ басы деген мағынаны білдіреді. Ертеректе Ақбастаудың суы Үркінбай өзегіне құйып ол қалың көкшалғынға бөленіп жататын. Ақбастау көктемде, жазда төскейден жалтырап ағып жатқанда жолаушыға күнмен шағылысып, аппақ болып көрінетін екен. Содан «Ақбастау» аталыпты. Батыр- белгісіз бір батырдың аты. Ежелден қыстау болған. Мұнда Төртқара өзенінен басталатын Батыр өзені ағып өтеді. Ол да Үркінбай өзеніне құяды. Батыр өзеніне кәрі өзен құяды. Өзен бойы ну тоғайлы, онда қайың, терек, тал, т.б ағаштар өседі. Сертек – Айбас батыр Қопадан атын жетектеп келіп ну тоғайлы Әлім өзенінен ағып келетін шыбынсыз төскейге келіп құндыз сертегін басына жастап, атын бірде шалғынға, бірде көдеге арқандап, дем алып жататын жері екен. Содан «Сертек» атаныпты-дейді көне көз қариялар. Қопа – ну қамысты, шілікті, сулы болғандықтан аталған екен. Шыңғыстау бауырына біткен оқшау таулардың ішінде Арқат жері ерекше шұрайлы. Салтанатты үйдің жасауындай текшелеп жиналған ғажап құз жартастар, шырша, қайыңдар сан салалы бұлақ-бастаулар қаншама. Қопа тауының бауырындағы көл шық тамшыларынан пайда болғандай мөп-мөлдір. Оның шыңдарынан бұлт тарқап, көлінен құс кетіп көрген емес. Абай атамыз қаршыға салғызып, осы көлде ұзақ күндерді өткізеді екен-дейді жерлес жазушымыз Кәмен Оразалин / «Абай ауылына саяхат»/.Бұл Қопада 1930 жылы алғашқы колхоз ұйымдастырылған. Абай билік айтқан тас тұғыр /трибуна/ -Бұл атырапта Ұлы Абайдың мол ізі бар. Ол 1875-1878 жылдары Қоңыр Көкше болыстығының болысы болған.Ол кезде Арқат болыстың құрамына кірген. Тағы бір дерек: 1898 жылы Тобықты мен Көкен елі-уақтың арасындағы жер дауын шешу үшін Семей Оязының бітірушісі судьясы /соты/ П.Е. Маковецкий Арқатта яғни Қопада «Шербешнай» /черезвычайный/ - төтенше съезін ашуға келеді. Бұған Тобықты мен Уақтың игі жақсылары шақырылады. Міне осы съезде Абай осы тас тұғырлардың үстінде тұрып билік айтып Тобықтының тартып алған жерлерін уақтарға қайтарып бергізеді. /Мұның арты бітіспес кекке айналып, ақыры Көшбике съезінде Абайдың сабалауымен аяқталады./ Кең дала-табиғаты ғажап алаң. Кіре берісіндегі оң жағында екі қарауыл тас шоқы көрінеді. Сыртын айналсаң төбесін жаба салатын үй тәріздес қуысты көресің. Осы жерде «Жаушы» кинофильмінің басы түсірілген. Мың жылқы қамаған тарихи қуыс- Ерте заманда да бұл қуыс өте жасырын болған екен. Мұны кейде «Ұры тас», «Ұры қуыс» деп те атаған. Себебі бұрынғы барымта заманда Қопаның бөктерін жайлаған рулар Найман рулары Сыбаннан т.б мал ұрлағанда осыған әкеліп қамап аузын керегемен жаба салатын көрінеді. Іздеушілер дал ұрып іздегенмен таба алмаған. Бұндай оқиға 1970 жылдары да қайталанады. Бірақ бұл барымта емес еді. «Белтерек» совхозынан /Шар ауданы/ мыңға тарта жылқысы Бәйжігіттегі , Еспедегі егіндікпен шабындыққа түсіп болмаған соң біздің ауылдың жігіттері түн ішінде айдап келіп осыған қамапты... Үш келіншек- табиғи тас ескерткіш. Күн шығып келе жатқанда, күн батарда қарағанда нағыз «Үш келіншекке» ұқсайды, арасында бесігі бар. Қойма тас – Ақ қашып, қызыл қуған замандарда ма, әлде 1928 жылғы кәмпеске кезінде ме, әйтеуір ата-мекеннен қоныс аударған бір әулет осы араға өзінің киіз үйін, үй-жиһазын тығып кетіпті. 1940 жылдары осыны іздеп келген ұрпақтары болған деседі. Алайда дүние-мүлік шіріп, киіздерді күйе жеп қойған екен. Бұл жерде де «Жаушы» кинофильмі түсірілді. Зерделеп қарасаң тастары қыздың жиған жүгіндей көрінеді. Сынтас- Телеграф тасын қашаған жер, арнайы станоктары болған. Күйме тас - / «Абай жолы» романындағы Шербешнай сияз туралы тарауды қарау керек./ Оған қосымша: Боран бөспе... Басына Күйме тастың Боран шыққан, Өзімен өтірігін ала шыққан. Одан соң аспандағы қыран шыққан, Өзімен балапанын ала шыққан... деген екен. Желіндеп жүрген інгенім жоғалып кетіп Күйме тастың басына шықтым /қарайын деп/ Шықсам түйем Қалбикенің бауырында тұр екен, Саршегірді міне салып Қалбикеге барсам /Қарауылдың бер жағы, Орданың ар жағы/ Боталап тұрған түйем емес, саршұнақ тышқан екен- депті. Содан бір күні Мұхаммед Пайғамбар түсімде аян беріп «Күйме тасына шық, Семейдегі хазірет қалай дәрет алады екен, соны көр, сонсоң намазың түзеледі» - дейді. Мен қалт жібермей тағы да Күйме тастың басына шықтым, сөйтсем хазірет дәретті шәугіммен емес, күміс құманмен алады екен - деп таң қалыпты Боран ақсақал.
  • Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! /ауыл табиғаты/
4. Мақал-сөздің мәйегі. /мақалды аяқта/Өзге елде сұлтан болғанша, /өз еліңде ұлтан бол./Ит – тойған жеріне, /ер-туған жеріне./Аққу көлін аңсайды,/адамзат туған жерін аңсайды./Туған жер- тұғырың, /туған ел-қыдырың./Туған жердің күні де ыстық, /күлі де ыстық./Жат жердің қаршығасынан, /өз жеріңнің қарғасы артық./Егілмеген жер – жетім, /елінен айрылған – ер жетім./Өзге елде күркірегенше,/ өз еліңде дүркіре./Туған үйдің түтіні жылы, /туған ананың күтімі жылы./Отансыз адам-/ормансыз бұлбұл. /7. Сұрақ-жауап.
СұрақЖауап
Арқат ауылы қай Кеңес Одағының Батыры есімімен аталады? З. Белібаев
Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері, “Шабыт” фестивалінің лауреаты болған жерлес жас ақын кім? Қ.Сарин
Орда орталау мектебі кімнің есімімен аталады? Мамай батыр
Жер-су аттарының шығу тарихын зерттейтін ғылым? Топонимика
Еуразия кеңістігінің кіндігі қайда орналасқан? Жидебайда
Арқат ауылының шығу тарихы туралы аңыз қай лиро-эпостық жырда айтылған? «Қозы Көрпеш-Баян сұлу
Арқат атырабына дейін келген қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы кім? Ш.Уәлиханов
Ауылымызда тұрған Социалистік Еңбек Ерін ата? Ө.Қасымжанов
Свирь өзенін кесіп өткен кезде көрсеткен ерлігі үшін кімге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? С.Бекбосынов
Біздің жерімізде түсірілген кинофильмді ата? «Жаушы»
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ата-бабаларымыз жерімізді жауға бермей, бойтұмарындай қорғай білді. Жер үшін қаншама жас, қаншама қан төгілді! Оған тарих куә... Тәуелсіздіктің көк туын көгімізге тіккелі бері өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанданып, елдің еңсесі көтерілгеніне биыл 20 жыл болды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2003-2005 жылды «Ауылды дамыту жылы» болып жарияланған болатын. Биылғы жылы да Президентіміз өзінің кезекті Жолдауында да ауылды соның ішінде «Ауыл шаруашылығын дамытуды» назардан тыс қалдырмады. Ендеше құрметті оқушылар, бабаларымыз аманат етіп қалдырған жерімізді сақтап, ауылымыздың гүлденіп-көркейуіне үлес қосайық! Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!Ауылымның өткен өмір іздері,Арттағыға өнеге болған істері.Кейінгі ұрпақ біліп өссін, айтыңдар,Қадірлесін туған елін, біздерді!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!