Материалдар / Тәрбие сағаты "Шексіз саған алғысым менің! "

Тәрбие сағаты "Шексіз саған алғысым менің! "

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге 1 наурыз Алғыс айту күніне орай сыныптан тыс шара өткізуге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1877
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Шексіз саған алғысым менің! Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; – үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдары: жүрек пішінді кеспе қағаздар,күн бйнесі, маркерлерӨту барысы:І. Кіріспе.Шаттық шеңбері: Ризашылық Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге! Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын, Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Әңгімелесу
  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады. –Ризашылық - адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі –Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. ІІІ. Негізгі бөлім. Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.Ал биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде ел халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс!Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл — әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдемін. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.

Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды."Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.   "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. Ой топшылау.Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? 

 Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жергемахаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін..

Топпен жұмыс І - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар? ІІ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады? “Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видеоролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

ІІІ. Қорытындылау - Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. «Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет. 

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ