Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты. Спид-ғасыр дерті. 6-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақсаты:
-
Білімнің мәні шылым шегудің, алкоголь, нашақорлықтың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру.
-
Дамытушылық мәні оқушыларды мамандықтар бойынша түсініктерін кеңейте түсу.
-
Тәрбиелік мәні нашақорлықтың зиянды жақтарын аша отырып, адамның өзінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтауда азаматтық жауапкершілік қалыптастыру.
Түрі: баспасөз- конференция
Көрнекіліктері: суреттер, рефераттар, газет- журнал деректері, пікірталас сұрақтары.
І. Конференция
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары! Бүгінгі күннің өзекті мәселесі- темекі, арақ, есірткі, СПИД ауруларына қарсы ұйымдастырылған «СПИД- ғасыр дерті» атты конференциясына келіп отырсыздар.
Жас өспірімдерді салауаттылыққа, өмірді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеуде ғасыр дерті болып отырған СПИД, нашақорлық туралы насихат жұмыстарын жүргізіп, ой- пікірлерін бөлісу мақсатында қонақтар қатысып отыр.
Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбат- ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы- денсаулығы әсер етеді.
өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние, бірақ адам соны өз қолымен бүлдіреді. Бұл қалай болды?
Біріншіден темекі. Темекі- адамның өмірін біртіндеп қияды.
Жыл сайын темекіден 3 млн. адамның өмірі қысқарып отырады.
Екіншіден , ішімдік. Ішімдік адамның жүйке – жүйесін, миын зақымдайды.
Ішімдіктен жыл сайын 700 мың бала өмірімен қоштасады.
Үшіншіден, СПИД- иммундық тапшылық синдромы. СПИД 3,5 млн. балалардың өмірін қысқартады.
Төртіншіден, нашақорлық.
Есірткі – бұл анық өлтіретін у.
Жыл сайын есірткіден 15 пен 25 жас аралығында 1 млн адам өмірімен қоштасады. Нашақорлық – ХХІ ғасырдың індеті.
Бүгінгі конференциямыздың негізгі мақсаты: Өмірде кездесіп жүрген ең қауіпті дерт- нашақорлық жайлы пікірталас.
-
Адамның ағзасына есірткінің қандай әсері бар?
-
Осы дерттен жасөспірімдерді қалай сақтандыру керек?
Бәрімізді толғандыратын өмір проблемасының бірі- осы мәселе туралы талқылаймыз.Осы конференцияға өздерінің ойларын бөлісу үшін маман иелері келіп отыр.
-
Нарколог- дәрігер.
-
Биохимик
-
Психолог
-
Қоғамдық тәртіп сақтаушы
Осы кісілерге оқушылар өз ойларыңда жүрген толғандыратын сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар.
-
оқушы: Мен нарколог- дәрігерге сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан- жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес. Осы конференцияны пайдаланып, дәрігер маманымыз оқушыларға «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсұнбауға қандай ақыл- кеңес берер едіңіз?
Нарколог: Сұрағыңыз өте орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы: бұдан ХХ- ХХІ ғасырда қатерлі, ұлы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде таратқан.1975 жылы клиникалық наркология емханасы ашылды. Бір рет тартқаннан- ақ , басы ауырып, жүйке жүйесін уландырады, бұлшық еттері шаншиды. Анашаны қолданған адам мидағы естесақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адам тез көріксізденеді. Ағзаның дамуы тоқталады. Сондықтан балалар сендерге беретін көмегім, кеңесім ешқашан нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.
Жүргізуші: Міне, балалар, қазір ғана нарколог- дәрігер есірткі, СПИД ауруларының адам ағзасына қаншалықты зиян екені жөнінде бізге мәлімет беріп өтті. Осының нақты дәлелі ретінде бүгін біздің конференциямызға СПИД ауруына шалдығып, өмірден күдер үзіп келіп отырған «Жұмбақ кейіпкер» бар. Енді біз «Жұмбақ кейіпкердің» әңгімесіне құлақ түрейік:
Жұмбақ кейіпкер: «... Мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті бар екенін білмеймін сол бір инені көрсем аузымнан суым ағып, есім кететін. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты суық тиіп, ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД- пен ауратынымды анықтады.
4-5жыл оны білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір өзенім.
Менің дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен,
Жүрегімнің мұң көзінен сеемін.
«Өлермін» деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай ,
Қанатымнан қырқылатын күйдемін.
Жүргізуші: Естіп отырсыздар балалар, «Жұмбақ кейіпкер» басына төніп тұрған қайғы мен өмірдің ащысы мен тепірешсін көріп, өмірден түңілген күй кешіп отыр. Осындай өмірге кейінгі кезде шыдай алмайтын сияқты. Сіздер қандай ойдасыздар? «Жұмбақ кейіпкерге» сұрақтарыңыз бар ма?
Екінші оқушы: Сізді осындай жағдайға итермелеген қандай себеп болды және кімді кіналай аласыз?
Жұмбақ кейіпкер: Мен жағдайы әжептеуір отбасында дүниеге келдім, әп деп өсе бастағаннан ештеңеден іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда өте ерке болып өстім. Әке- шешем барлық дегенімді жасады. Анда- санда әкем мен тентек болған кезде айғалап ұрса бастаса, анам «ойбай, жалғыз балада нең бар?» деп ара түсетін.
Әлпештеп алды артымнан анам шығып,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып,
Ата-ана пәруана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық,
Ардақтап ата- анаңды сол секілді.
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылдық.
Менің бұлай өмір сүруіме тек өзімнің еркелігім мен тентектігім және баршылық, мол ақша, қасымдағы өзім секілді достарым деп ойлаймын. Кейде осыған жол берген ата- анамның екі түрлі тәрбиесі себеп болды ма деп те ойлаймын.
Білмеймін......
Жүргізуші: Маман- дәрігерлер « Жұмбақ кейіпкердің» тағдырына қарап, сіздер не айтар едіңдер?
Нарколог: «Жұмбақ кейіпкер» сіз осы есірткіге әуестенгеннен кейін, СПИД ауруына шалдыққан соң дәрігерге көрініп, ақыл- кеңес сұрап емделгіңіз келмейді ме?
Бізге келген әрбір сырқатқа ем көрсетіп, ақыл- кеңес беруге әрқашан дайынбыз, әлі де болса үмітіңізді үзбей келуіңе болады.
Жұмбақ кейіпкер: Мен қысқасы дәрігер туралы , емделу дегенді ол кезде ойламадым да, уақытым да болмады.
Ата- анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. 7- ші сыныпқа жеткенші екі- үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой? Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді жалғыз ұлы бар еді.
Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуіміздің жұбымыз, жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы «наша» деген пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым, нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егер білген болсам тіріде жолаймын ба? Ата- анамды тыңдамақ түгілі, бар тапқанымды есірткіге жұмсадым. Өкінгенмен не пайда?!
Түседі екен кей кезде бала кезім,
Бала кезім... кетпеуші ем дала кезіп.
Ақ қайыңға шайқалған қараушы едім,
Қараушы едім мөлдіреп қара көзім.
Үшінші оқушы:
Тамырын у мен суарып,
Инемен таза денеңді.
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру меңдеп құлайсың
Дәрігерлерді мазалап
Не үшін енді жылайсың?- деп сізге бір шумақ өлең жолдай отырып, мына отырған қауымнан қандай көмек сұрайсыз дегім келеді.
Жұмбақ кейіпкер: Соңғы кезде өмір туралы, табиғат, жаратылыс туралы көп ойлайтын болдым. Маған енді адамнан да, басқадан да көмек жоқ екенін сездім! Сондықтан сендерге айтарым, мен ішкен уды ішпеңдер, денелеріңді тесіп, өзіңді азаптама, мен жүрген ізбен жүрме демекпін!
Өмір- ол дастан сияқты.
Өмір бәріңе де қымбат.
Бұл тірлікте не тыңдырып, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай- ақ кетіп барам арианың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін.
Улы дерттің құрбаны мен болам да,
Жас жеткіншек! өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым
Ауырсаңдар бұл кеселмен, дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз, тірі өліксіз,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін.
Төртінші оқушы: Темекінің толып жатқан зиянын (біле тұра)ішімдіктің ағзаға жүйке жүйесіне тигізер көптеген зиянды жақтарын біле тұра жас өспірімдер әуестенеді. Биохимик дәрігер соны дәлелдеп беріңізші?
Биохимик: Сауалыңыз өте орынды. Біздің қоғамда жас өспірімдердің алькоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалардың бір- біріне еліктеушілігі, бір- бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарынан улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.
Бесінші оқушы: Нашақорлық, ішімдік, темекінің қоғамға тигізер қаншалықты зияны бар? Оған қандай іш- шаралар жүргізіп, тоқсауыл бере аласыздар?
Қоғамдық тәртіп сақтаушы: Алкоголь- ол наркотик.
Адам ағзасын улап қана қоймайды, ол қоғамға да тигізер әр түрлі қоғамда жат қылықтар болып жатыр.мысалы: қазір жасөспірімдер теледидардан әр түрлі кино-фильмдер ұрлық, зорлық, тонау, кісі өлтіру сияқты нәрселерді көріп, сана- сезімдері уланады немесе қасындағы достарына еліктеуі.
Біздің қоғамда осы жат қиындықтарды болдырмау үшін, оқу орындарында,мектептерді есірткіге, темекі, алкогольға байланысты түрлі іс- шаралар өтіп тұрса, мүмкін жас өспірім өзінің бойына жат қылықты дарытпас па еді?!
Алтыншы оқушы: Жас өспірімдер арасындағы шылым шегуге әуестенушілік туралы айтып берсеңіз?
Психолог: Мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылданбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін шылым шегіп көрсеткісі келеді. Көбінесе еркектерге еліктейді. Шылым шегуді сән деп есептейді. Жастай шылым шегетіндер ұмытшақ келеді, олардың жүйкесі бірте- бірте уланып оқу үлгерімі нашарлайды. Ұрысқақ ашуланшақ болып өседі.ерте бастан денсаулықты сақтап, шылым шегуге әуестенбеу керек.
Әсіресе қыз балалардың шылым шегуі көңіл алаңдатады. Шылым шегетін қыз бала өзінің әдемі табиғи сұлулығынан айырылады. Ол өзінің болашақ ана екенін ұмытпағаны абзал. Сол себептен өз ағзасының саулығын сақтаған дұрыс.
Жүргізуші: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді, өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан- теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің сауалына бүгіннен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, алкоголь, темекі балта болып шабылмасын! –деп өз сөзімді тәмандағым келеді. Осымен «СПИД- ғасыр дерті» тақырыбында өткен конференциямыз аяқталды. өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды улы түтінге әуес, құмар болмайық қымбатты біздің болашақ, өміріміздің жалғасы тіректері демекпіз!
1. Жұмбақ кейіпкер: «... Мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті бар екенін білмеймін сол бір инені көрсем аузымнан суым ағып, есім кететін. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты суық тиіп, ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД- пен ауратынымды анықтады.
4-5жыл оны білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір өзенім.
Менің дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен,
Жүрегімнің мұң көзінен сеемін.
«Өлермін» деп күңіренем, күйзелем,
мені есірткі найзасымен түйреген.
өз әлімше арман-көлде жүзе алмай ,
Қанатымнан қырқылатын күйдемін.
2. Мен жағдайы әжептеуір отбасында дүниеге келдім, әп деп өсе бастағаннан ештеңеден іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда өте ерке болып өстім. Әке- шешем барлық дегенімді жасады. Анда- санда әкем мен тентек болған кезде айғалап ұрса бастаса, анам «ойбай, жалғыз балада нең бар?» деп ара түсетін.
Әлпештеп алды артымнан анам шығып,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып,
Ата-ана пәруана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық,
Ардақтап ата- анаңды сол секілді.
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылдық.
Менің бұлай өмір сүруіме тек өзімнің еркелігім мен тентектігім және баршылық, мол ақша, қасымдағы өзім секілді достарым деп ойлаймын. Кейде осыған жол берген ата- анамның екі түрлі тәрбиесі себеп болды ма деп те ойлаймын.
Білмеймін......
3. Мен қысқасы дәрігер туралы , емделу дегенді ол кезде ойламадым да, уақытым да болмады.
Ата- анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. 7- ші сыныпқа жеткенші екі- үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой? Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді жалғыз ұлы бар еді.
Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуіміздің жұбымыз, жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы «нана» деген пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым, нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егер білген болсам тіріде жолаймын ба? Ата- анамды тыңдамақ түгілі, бар тапқанымды есірткіге жұмсадым. Өкінгенмен не пайда?!
Түседі екен кей кезде бала кезім,
Бала кезім... кетпеуші ем дала кезіп.
Ақ қайыңға шайқалған қараушы едім,
Қараушы едім мөлдіреп қара көзім.
4. Соңғы кезде өмір туралы, табиғат, жаратылыс туралы көп ойлайтын болдым. Маған енді адамнан да, басқадан да көмек жоқ екенін сездім! Сондықтан сендерге айтарым, мен ішкен уды ішпеңдер, денелеріңді тесіп, өзіңді азаптама, мен жүрген ізбен жүрме демекпін!
Өмір- ол дастан сияқты.
Өмір бәріңе де қымбат.
Бұл тірлікте не тыңдырып, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай- ақ кетіп барам арианың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін.
Улы дерттің құрбаны мен болам да,
Жас жеткіншек! өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым
Ауырсаңдар бұл кеселмен, дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз, тірі өліксіз,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін.
1.Нарколог: Сұрағыңыз өте орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы: бұдан ХХ- ХХІ ғасырда қатерлі, ұлы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде таратқан.1975 жылы клиникалық наркология емханасы ашылды. Бір рет тартқаннан- ақ , басы ауырып, жүйке жүйесін уландырады, бұлшық еттері шаншиды. Анашаны қолданған адам мидағы естесақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адам тез көріксізденеді. Ағзаның дамуы тоқталады. Сондықтан балалар сендерге беретін көмегім, кеңесім ешқашан нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.
2.Нарколог: «Жұмбақ кейіпкер» сіз осы есірткіге әуестенгеннен кейін, СПИД ауруына шалдыққан соң дәрігерге көрініп, ақыл- кеңес сұрап емделгіңіз келмейді ме?
Бізге келген әрбір сырқатқа ем көрсетіп, ақыл- кеңес беруге әрқашан дайынбыз, әлі де болса үмітіңізді үзбей келуіңе болады.
Биохимик: Сауалыңыз өте орынды. Біздің қоғамда жас өспірімдердің алькоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалардың бір- біріне еліктеушілігі, бір- бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарынан улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.
Қоғамдық тәртіп сақтаушы: Алкоголь- ол наркотик.
Адам ағзасын улап қана қоймайды, ол қоғамға да тигізер әр түрлі қоғамда жат қылықтар болып жатыр.мысалы: қазір жасөспірімдер теледидардан әр түрлі кино-фильмдер ұрлық, зорлық, тонау, кісі өлтіру сияқты нәрселерді көріп, сана- сезімдері уланады немесе қасындағы достарына еліктеуі.
Біздің қоғамда осы жат қиындықтарды болдырмау үшін, оқу орындарында,мектептерді есірткіге, темекі, алкогольға байланысты түрлі іс- шаралар өтіп тұрса, мүмкін жас өспірім өзінің бойына жат қылықты дарытпас па еді?!
Психолог: мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылданбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін шылым шегіп көрсеткісі келеді. Көбінесе еркектерге еліктейді. Шылым шегуді сән деп есептейді. Жастай шылым шегетіндер ұмытшақ келеді, олардың жүйкесі бірте- бірте уланып оқу үлгерімі нашарлайды. Ұрысқақ ашуланшақ болып өседі.ерте бастан денсаулықты сақтап, шылым шегуге әуестенбеу керек.
Әсіресе қыз балалардың шылым шегуі көңіл алаңдатады. Шылым шегетін қыз бала өзінің әдемі табиғи сұлулығынан айырылады. Ол өзінің болашақ ана екенін ұмытпағаны абзал. Сол себептен өз ағзасының саулығын сақтаған дұрыс.
Жүргізуші: Міне, балалар әр адамныңмәнді де, сәнді, өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан- теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің сауалына бүгіннен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, алкоголь, темекі балта болып шабылмасын! –деп өз сөзімді тәмандағым келеді. Осымен «» тақырыбында өткен конференциямыз аяқталды. өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды ұлы түтінге әуес, құмар болмайық қымбатты біздің болашақ, өміріміздің жалғасы тіректері демекпіз!
1оқушы: Мен нарколог- дәрігерге сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан- жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес. Осы конференцияны пайдаланып, дәрігер маманымыз оқушыларға «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсұнбауға қандай ақыл- кеңес берер едіңіз?
Екінші оқушы: Сізді осындай жағдайға итермелеген қандай себеп болды және кімді кіналай аласыз?
Үшінші оқушы:
Тамырын у мен суарып,
Инемен таза денеңді.
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру меңдеп құлайсың
Дәрігерлерді мазалап
Не үшін енді жылайсың?- деп сізге бір шумақ өлең жолдай отырып, мына отырған қауымнан қандай көмек сұрайсыз дегім келеді.
Төртінші оқушы: Темекінің толып жатқан зиянын (біле тұра)ішімдіктің ағзаға жүйке жүйесіне тигізер көптеген зиянды жақтарын біле тұра жас өспірімдер әуестенеді. Биохимик дәрігер соны дәлелдеп беріңізші?
Бесінші оқушы: Нашақорлық, ішімдік, темекінің қоғамға тигізер қаншалықты зияны бар? Оған қандай іш- шаралар жүргізіп, тоқсауыл бере аласыздар?
Алтыншы оқушы: Жас өспірімдер арасындағы шылым шегуге әуестенушілік туралы айтып берсеңіз?
Социализм негізгі орта білім беру мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«СПИД ғасыр дерті»
Өткізген : Жангалиева С.Х.
2017-2018 о/ж