Материалдар / Тәрбие сағаты «СПИД-тің және нашақорлықтың алдын алу»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты «СПИД-тің және нашақорлықтың алдын алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы барлық сынып оқушыларына арналған денсаулыққа байланысты ой қозғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2018
1827
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «СПИД-тің және нашақорлықтың алдын алу»Мақсаты: дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру, СПИД-тен сақтандыра отырып оқушыларды, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға баулу. Өткізілген сыныптар: 9-10-11Сабақтың барысы:1.Кіріспе сөз. Қызығушылықты ояту 2.«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.3. СПИД туралы өлең шумақтары4. Видеоролик5. Дәрігер кеңесі (арнайы маманмен сұхбат)6.ҚорытындыI.Қызығушылықты ояту: Ортаға бос қорапты қойып, оқушыларды онда не бар екенін анықтауын сұрап, қандай реакция туындағаны жайында айтылады.Кіріспе сөз: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан - 2050» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжелекті дамыған елде тұруы керек»- деп айтып өткен. Қазіргі уақыттағы қоғамның,мемлекеттің ең өзекті мәселесі-нашақорлық жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.Нашақорлық,есірткі дегеніміз не?Есірткінің қандай түрлері бар?Есірткі қолданудың қандай жолдары бар? Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін не істеуіміз керек? Осы сауалдарға жауап іздеу барысында біз «Ойлаудың алтын қалпағы» әдісі бойынша өткізетін боламыз.II.1.Ақ қалпақ.Ақпараттар мен мәліметтер алаңы. (9Б сынып)2.Қызыл қалпақ.Эмоция,интуиция,сезіну. (10Б сынып)3.Қара қалпақ.Ақиқатты көру,сақтанумен ойлану,келесі де алдын алуға ұмтылу.(көлеңкелі,қауіпті жағы) (11А сынып)4.Сары қалпақ.Оптимизм,сәулелі өмірге талпыныс,позитивті ой. (11Б сынып)5.Жасыл қалпақ.Жаңа идея,альтернативті ойлар туындауы. (10Асынып)6.Көк қалпақ.Ізденісті басқару,идеяларды таразылай қорыту. ( сынып)Ақ қалпақ. 1.Видеоролик №12.«Сандар сөйлейді» 1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті. 2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен. 3. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр. 4. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады екен. 5. Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады екен. 6. Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі тартады екен. 7. Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің зардабынан болады екен. 8. Ішкен адамда алкоголь зардабы 21 созылады. 9. Этил спирті сырада 5 - 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен коньякта 40 – 50% , арақ пен вискиде 65 - 70% бар екен, ал этил спирті аса зиянды химиялық қоспа. 10. Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады. 11. Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер етіп, өлімге душар етеді. 12. Маскүнемдердің балаларының 38% кемтар. 13. Нашаның 0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1 граммы сананы улауға жеткілікті. 14. Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас 15. Есірткінің 130- дан астам түрі бар. 16. Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді екен. 17.Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні (1 - желтоқсан)18. Халықаралық есірткіге қарсы күні 26 маусымҚызыл қалпақ: көрініс,би,сурет салу,эссе,квн.Қара қалпақ.Нашақорлық-бұл қоғамды улаған індет болып табылады.Қанша жерден бұл туралы ащы шындықтар айтылып жатса да,қоғамымыз әлі де бұл кеселден арылмай отыр.Нашақорлықтың зардабы өте көп.Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады,яғни адам өміріне кері әсерін тигізеді.Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді.Осының салдарынан әртүрлі ауруларға ұшырайды.Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді.Оның қызметін бұзады,уландырады.Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып,әлсіздік басады.Есірткіні анда-санда қолданатындардың іші өтеді,асқазаны ауырады,тамаққа тәбеті болмайды,жиі құсады,аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады.Тері,жұқпалы ауруларымен жиі ауырады.Тері ауруларына,жұқпалы жыныс ауруларына,өкпе қабынуына шалдығады.Тамаққа тәбеті жоғалады,жиі шөлдейді.Олардың көз жанары солғын болады.Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді,тиісінше мидағы эндорофинзаттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді.Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын,әлсіз болып қалады.Сары қалпақ.Қазіргі уақытта еліміздегі ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардабы соншалықты,күллі адамзатқа зор қасірет әкеліп отырғаны белгілі.Дей тұрғанмен де,бұл есірткі туралы ой-өрісі кең,көзі ашық адамзат баласы қазіргі уақытта газет-журналдардан,теледидардан,ғаламтор жүйесі арқылы көптеген мәліметтер ала отырып,оның зиянды,қауіпті екенін жете түсінуде.Оған әуестенбеудің жолын іздеуде.Яғни бұл жағдай,бір жағынан бізді қуантады.Өскелең ұрпағымыздың көзін ашуға заманауи жаңа технологияның қарқынды дамуы да өз көмегін тигізді деп ойлаймыз.Тағы бір жақсы жағы,біздің ойымызша,медицина саласында да есірткіні пайдаланады.Яғни адамдарға ота жасаған кезде,және ауыр науқастарға ауруды көп сездірмес үшін де оны пайдаға асырады.Нәтижесінде,уақытша болса да,қатты ауырғанды басатын көмегі бар.Жасыл қалпақ.Әр адам баласы өмірге,табиғатқа,қарым-қатынас жасауға,достарына,отбасына,музыкаға,спортқа қуану,өзінің жетістіктеріне,оқуына,болашақ мамандығына қанағаттану,армандау және өз армандарын жүзеге асыру үшін дүниеге келеді.Біздің тобымыз осы нашақорлықтан жастардың бойын аулақ қылу үшін қандай шаралар атқаруға болатынын жоспарладық.Ең,бірінші біздің ұсынарымыз- салауатты өмір салтын ұстану,яғни баршаңызды спортпен айналысуға шақырамыз.Біздің тобымыздың үндеуі:Жас жеткіншек!Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз.Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен,шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз.Бойыңызды ластамай,жан дүниеңізді таза ұстаңыз.Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар.Өз тағдырыңыз өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ақ рет келеді,оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз.Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай,бойын аулақ сала алады.Денсаулығыңыз мықты болсын,спортпен айналысыңыз.Сіз ел үшін керексіз-тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!Бүгін жақсы және сәнді өмір сүру-Бұл темекі тарту және ішу емес.Бұл-есірткіні мүлде ұмыту.Табиғатпен,спортпен дос болу. Көк қалпақтағылар тобы әр топтың жұмысына баға береді.Түйін:Әрбір азамат қоғам тыныштығы,саулығы,өміршеңдігі үшін,нашақорлыққа табанды түрде қарсы тұруы тиіс.Сөзімізді қорытындылай келе, «жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»,-деп халқымыз бекер айтпаған.Жақсыны көріп,тыңдап,соған ұқсау керек.Жаманды көріп,зардабын сезіп,бойыңды аулақ ұстау білімділіктің,көрегенділіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты,сабырлы,білімді,жат қылықтан аулақ,елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік.Сондықтан,бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін,елімізде «салауатты өмір салтының» сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық.Бірлігіміз бекем,тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын. Мұғалім сөзі: 1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына, заңсыз түсік жасатуға қарсы күрес күні ретінде атап өтуді белгіледі.Есірткіге әуестенушіліктің бір тамыры - СПИД дертіне ұшырауға әкеледі. Мекемеде жазасын өтеп жатқан СПИД ауруымен ауыратын сотталғандардың көбісі - әбден есірткі ауруына шалдыққан адамдар. Есірткіге тәуелділер тек өзі ғана емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса тағы да бірнеше адамды қоса ала кетеді. «Адам жалғыз өзі адаспайды. Адасудың қауіптілігі сонда, әр адам адасқан кезде өзінің адасуын айналасындағыларға да таратады» - деп ұлы философ Сенека айтып кеткен. Сондықтанда өмірде өз жолынан адасқандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесейік.III. СПИД туралы*СПИД-ғасыр обасы, қаупі бар адамға,Проблема болып тұр бүкіл біздің ғаламда.Сақтаныңдар дертінен қауіпті бұл обаныңӨзің үшін, басқа үшін әрқашанда алаңда.*Қайғы жұтар мұңаяр адамдар көп бұл дерттен,Қызығы мол өмірден, көпті көрмей тез кеткен.СПИД-пенен ауырып, қиналғандар қаншама?Қалай ғана шыдаймыз сұмдық еді бұл неткен?*Бірімізді-біріміз силап өтсек өмірден,Кірбің түспес көңілге, күлкі кетпес езуден.Қарсы тұрсақ бірігіп, обасына ғасырдыңЖарқын өмір кешеміз! Жасқанамыз біз неден?*СПИД жайлы адамдар біліміңді толықтырСПИД деген біздің басты проблема болып тұр.Өз-өзіңді сақтандырсаң, қаупінен бұл дерттіңКүтіп тұр сені болашақта шуақ шашқан жарық күн!IV. Видеоролик №2V. Дәрігер кеңесі (сұхбат)VI. Видеоролик №3VII. Қорытынды1 - оқушы:Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.2 - оқушы:Ей, болашақ!Саулығың өз қолыңда,Жаламасын тәніңді у, санаңды мұң.3 - оқушы:Нашақорлық - жайылған індет, білем,Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.Бәрі:Ұланымыз туған еліміздің,Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.Салауатты өмірдің әнін тыңдап,Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.Мұғалім: Ей, адамзат! Өмір керек саған да, маған, оған да, Есіңе сақта, осыны ұста жадыңда. Жас өмірің ерте солсын демесең, Кесірлерден бөлек жүргін алшақта!Оқушылар орындарынан тұрып қолдарының үстіне қолдарын қойып «біз біргеміз», «біз СПИД-ке қарсымыз» деп айқайлап тәрбие сағатын аяқтайды.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!