Материалдар / Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті. 7 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті. 7 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті. 7 - сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2019
4162
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3 Талапкер орта мектебі



















Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

















Сынып жетекші: Аубакирова А.С.

7 «Б» сыныбы











2019-2020 оқу жылы



Күні

04.11.2019

Тақырыбы

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Мақсаты

Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;

Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; 

Оқушылардың патриоттық тәрбиеге баулу.

Күтілетін нәтижелер

оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді

оқушылар топта, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады.

барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді

оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейне жазбалар, қанатты сөздер

Көрнекі құрал-жабдықтар

Филипчарт қағаздары, стикерлер

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)

Сен білесің бе? Ойыны

1.Жемқорлық деген не?

2.Құқық бұзушылықтың түрлері?

3.Қылмыс неге көп?

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Жаңа ақпарат

 «Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.


Жұптық жұмыс

(5 мин)

Әр-бір жұп қимақағаздар тарату арқылы ойларымен бөлу

Сыныптағы тыңдаушылар ұжыммен жұмысты орындайды

Сабақ барысында көңіл-күйді анықтау (3 мин)

Жұптарына тілек білдіру

(смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес)


1. Заңнын қандай түрлерін  білесіңдер?

2. Ата Заң қай жылы қабылданды?

3.Құқы қорғау органдарын ата?

4.Сыбайлас жемқорлық сөзінің мағынасы неде?

Әр қатар сұрақтарға жауап береді.

  • Не үшін Заң қажет?

  • Не үшін оқу керек?

  • Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек? Не үшін заңға бағынуымыз қажет?

Ми шабуылы (10 мин)

Видеороликтер көрсету

«Жемқорлық және біз»

Сұрақ:

  • Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндейсіздер?

  • Не үшін алдымызға мақсат қойып, оған жетуге талпыну керек?

Оқушылар өз ойларын түйіндейді


Оқушылар негізгі идеяларымен алмасады

5 мин

Бағалау-формативті

Әр қатар бірін-бірі бағалайды

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

Өзара бағалау

Оқушылар сабақтың бірінші жартысына көңіл күйін бейнелейтін суретті салған суретті аяқтайды. (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының көңіл- күйін білдіреді

Рефлекция (5мин)

Қорытындылау

Балалар біз сіздермен ойлана отырып бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Бір –бірімізге сенім білдіріп, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі таңдағы елімізде болып жатқан түрлі құқық бұзудың жолдарына тосқауыл болу сендердің өз еріктерің, шешілмейтін мәселе болмайды, әр мәселеде шешім бар, сондықтан әр қадамдарыңды ойланып жсайды деп сенеміз. Болашақ өмірлерің өз қолдарыңда.

Смайликтер

Кері байланыс.

  1. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  2. Сабақ сен үшін қызық өтті ме? Жаңа тақырып бойынша өзіңе керекті мәліметті тапдың ба?

  3. Бүгінгі алғашқы сабақтан үйренгенлеріңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?






















3 Талапкер орта мектебінде

өтілген тәрбиелік іс-шараға


АҚПАРАТ


Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты сабақ. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; 

Оқушылардың патриоттық тәрбиеге баулу.Оқушылар жұптық жұмыс жасай отырып, өзара бірлесе және ұжыммен жұмыс жасады. Ұсынылған бейнебаян бойынша өз ойларын ортаға салды. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты аша отырды.

Сабағымызды қорыта келе балалар біз сіздермен ойлана отырып бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Бір –бірімізге сенім білдіріп, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі таңдағы елімізде болып жатқан түрлі құқық бұзудың жолдарына тосқауыл болу сендердің өз еріктерің, шешілмейтін мәселе болмайды, әр мәселеде шешім бар, сондықтан әр қадамдарыңды ойланып жсайды деп сенеміз. Болашақ өмірлерің өз қолдарыңда.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!