400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Табиғатты аялайық, Адамзат!" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш ұстаздарына, оқушыларына көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


6-қазан Дүниежүзілік Мекендеу жерлерін қорғау»

күніне байланысты өтілген «Табиғатты аялайықғ адамзат!» атты

сынып сағатының жоспары

Мектеп: «№17 ОМ»

КММ

Сынып: 4 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Р.Төлеубай

Күні:

Қатысқандар саны:31

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Табиғатты аялайық, Адамзат!

Іс-шараның мақсаттары

Өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту.

Іс-шараның міндеттері:

Табиғи ресурстарына қатысты экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу:

  • Суға ұқыптылықпен қарау;

  • Ауаны сақтау;

  • Жерді ластанудан сақтау.

Аудитория

Бастауыш сынып

Ұраны

Экосағат - Қазір баста!

Құндылықтарды

дарыту

Табиғат анаға деген қамқорлық пен құрметті қалыптастыру

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу, математика

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Іс-шараның басы








Іс-шараның ортасы

Раппорт орнату: «Әсерлерімізбен бөлісейік»

Балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп, құстардың сайраған әнін, судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынамын.

Жасырылған сөздерді таңдау арқылы топқа бөлінеді: Су, ауа, жер, пайдалы қазба, өсімдік, жануар Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


«Егер жер алма болса» танымдық сәт.

Тұтас алма. Жер планетасы.

Бұл алманы біздің жер планетамыз деп елестетейік.

¾ бөлігі. Планеталық су ресурстары.

Алманы 4-ке бөліп, 3 бөлігін бөлек аламын да оқушылардың ойын сұраймын:

  • Осы ¾ бөлігі нені білдіреді? (су ресурстары)

¼. Планетаның жер ресурстары.

  • Алманың қандай бөлігі қалды?

  • Алманың қалған бір бөлігі нені білдіреді? (құрлықтың ауданын)

1/8. Жарамсыз жерлер. Сол ¼ бөлікті ұзінінан кесіп бір бөлігін алып сұраймын:

  • Менің қолымда алманың қандай бөлігі? (1/8)

Осы 1/8 бөлігі жер ресурсының жартысы өмір сүру мен азық өсіру үшін жарамсыз. Бұл полярлық өңірлер, шөлдер, батпақтар мен өте биік таулар.

1/8 жарамсыз бөліктің екінші жартысы, яғни 1/8 бөлігі-планетаның мекендейтін бөлігі. Мұнда адамзат өмір сүре алады, бірақ мұндай жерлердің бәрі құнарлы емес.

3/32. Мекендейтін, бірақ құнарлы емес жерлер.

Алманың 1/8 бөлігін 4-ке бөліп, 3 бөлікті қолыма аламын.Бұл бөлік – мекендейтін жерде адамдар тұрады. Бірақ азық өспейтін бөлігі.Мұның жартысы тасты немесе шамадан тыс ылғалды, немесе өте суық болғандықтан егіншшілік үшін ешқашан пайдаланылмаған жер. Екінші бөлігі-бұрын пайдаланылған, қазіронда қала мен жолдар салынған, немесе арнайы қорғалатын аймақ. Онда азық өспейді.

1/32 Құнарлы жерлер

Бұл алманың 1/32 бөлігі-құнарлы жерлер мұны азық үшін пайдалауға болады. Осы бөлік арқылы жердегі адамзат баласын азықпен қамтуымыз керек.

1/32 бөлігінің қабығы. Топырақтың үстіңгі қабаты. Топырақтың ең үстіңгі белсенді биологиялық қабаты. Құнарлы топырақ өз қалпына келе алмай жатыр, үлгермей жатыр.

Топтық жұмыс:

Талқыланатын сұрақтар:

  • Топырақ эрозиясы несімен қауіпті?

  • Адамдардың қандай әрекеттері топырақ эрозиясын тудырады?

  • Жер халқывөсіп келе жатқанда топырақтың жай-күйін ойлау не үшін маңызды?

  • Құнарлы жерді қалай қорғау керек?

Поэзия сәті:

«Табиғат»

Орманы, тауы, сулары,

Қандай әсем нұр таңы.

Алуан түрлі аңдары,

Табиғат толы аңғары.

Мезгіл сайын өзгеріп,

Далаға тұрар өң беріп.

Қыс та, көктем, жазы да,

Күздері қандай жазира!

Табиғат-Ана, Жер-Ана,

Мәңгілік адам бесігі.

Қуат беріп жаныма,

Ашылған өмір есігі.


Әй, табиғат!

Шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!

Айың анау, күнің мынау, жері міне.

Оу, адамдар,

Жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.

Топ аттары мен топқа бөлуге арналған жеке парақшалар



Алманың ¼; 1/8; 3/32; 1/32 бөліктері



Оқушының жұмыс парағы



«Алма бөліктері нені білдіреді?» сызбасы



























































































Плакатқа

«Құнарлы топыраққа қалай көмектесеміз?» топтастыру













Сабақтың соңы




  • Табиғатты қалай аялауға және қорғауға болады?

Әр оқушы жеміс-жидек салып соны суреттеу арқылы бүгінгі алған білімін қорытындылайды.

Фломастер, маркер, түрлі-түсті қарындаш, ақ парақ








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.04.2020
1088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі