Материалдар / Тәрбие сағаты; "Тарих-ғасырлар куәсі" - 8 класс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты; "Тарих-ғасырлар куәсі" - 8 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылындағы айтулы даталарға арналған іс-шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2024
113
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі»

Мақсаты: «Ұрпақ болашағы тәрбие мен білімде» сынып жетекшілер апталығы аясында 2023-2024 жылдағы айтулы күндерге назар аудара отырып,оқушыларға тарихмыздың құндылығын түсіндіру.

Құндылық: Ұлттық мүдде. (ұлттық мұраға ұқыпты қарау, ұлттық мәдениетті дәріптеу.)

Күні: 22.02.2024

Көрнекіліктері: қанатты сөздер, карта, суреттер, қосымша материалдар

Түрі: интеллектуалды сайыс

Барысы:

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар , «Ұрпақ болашағы тәрбие мен білімде» сынып жетекшілер апталығы аясында өткелі тұрған « Тарих- ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа хош келдіңіздер!

Кезеңдері:

  1. «Тарихқа саяхат»

  2. «Салт –дәстүрді білесің бе?»

  3. «Тұлғаны таны»

  4. «Иә» ма, «Жоқ» па ойыны



Сайысқа 8 класс оқушыларынан 3 топ, 8 класс ата-аналарынан 2-топ қатысады.

Әр топ «топ атауын» ойластыру қажет

Бағалаушы топтар таныстырылады.

1.Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Сәмиева Құралай Табынқызы

2.Класс жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі – Сарсенова Гүлжанат Абатқызы

3.Мектеп кітапханашысы – Дәулет Гүлнәр Дәулетқызы.

1 кезең. - Тарихқа саяхат (жылдамдыққа сұрақ қойылады.)

  1. Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым?

(археология)

  1. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын? (көкпар)

  2. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейханұлы)

  3. 1771-1781 жылдары билік құрған қазақ ханы? (Абылай хан)

  4. Айшабибі кесенесі қай облыста орналасқан? (Жамбыл)

  5. 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылған Қазақстан бойынша алғашқы, Орталық Азия бойынша 2-ші метрополитен Қазақстанның қай қаласында орналасқан? (Алматы)

  6. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қашан қабылданды? (2006 жылы, 7 қаңтардан)

  7. Қай елде біздің Елбасымызға арнап ескерткіш орнатылды? (Түркия, Анкара қаласында)

  8. Қазақстанның атын әлемге паш еткен этно- рок музыкалық ансамблі? (Ұлытау)

2- топқа.

  1. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиналысында Кіші жүз әскерінің қолбасшысы әрі ханы болып сайланған кім? (Әбілхайыр)

  2. Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше шешен)

  3. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбау қалай аталады? (шолпы)

  4. 31 мамыр қандай күн? (саяси қуғын- сүргін құрбанлдарын еске алу күні)

  5. Этнография қандай ғылым? (қазақтың салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарын зерттейді)

  6. Нумизматика қандай ғылым? (тиын, теңгелерді зерттейді)

  7. Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия Молдағұлова


  1. «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: Әбу-Насыр әл – Фараби


  1. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр

  2. Сиырдың пірі: Зеңгі баба

  3. Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы: Н. Тілендиев



Сергіту сәті. Ойын. Әріптер жазылған парақшалар таратылады. 1 минуттың ішінде сол әріптен басталатын қыз бала есімдерін жазып шығу. Бір ән шумағын орындау.

2 кезең. «Салт – дәстүрді білесің бе?»

1 топқа.

  1. Базарлық қандай салт- дәстүр?

(алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші- көлемдеріне, жас балаларға ірілі- ұсақты сыйлықтар алып келген. Оны «базарлық» деп атайды.)

  1. Ерулік дегеніміз не? (Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп келсе, көршілері ол үйді қонаққа шақырып, дәм- тұз тартуы)

  2. Қазан шегелеу? (Жақын туыс әзіл қалжыны жарасқан адамдардың үйіне барып ет жеп, мәз-мейрам болады)

  3. Қол үзік дегеніміз не? (Біреудің жұмысына қол ұшын бергені, көмектескені үшін ешкім ақы сұрамаған. Бірақ шаруаны істеткен адам «келі түбі», «қол үзік», «қол кесер» деп тиісті сыбағасын берген.

  4. Алық дегеніміз не? (Ерте кезден – ақ елдер қақтығыс, жауласу, соғыс болған. Мұндайда әрине бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Осыдан кейін екі жақ бір тоқтамға келеді. Бұл жәй бітісу, келісу емес. Жеңген жақтың өктемдігі, жеңілген жақтың қол қусырып, тізе бүгуі. Ұрыс зардабы, одан келген шығын, жапа. Осылардың бәрі ескеріліп, есептеледі. Оны алық деп атайды)

  5. «Қазақ майлау» дегеніміз не?

(Көктемде мал төлдеп, ол аяқталған соң желі тартылып, бұзау, құлын байланып, мал сауу басталады. Мал иелері желі басына келіп, «ел тоқ болсын», «ақ мол болсын», «мал басы көбейсін» деп ырымдап, төлдің ноқтасы мен қазығына май жағып, ақ құяды)

  1. Енші деген кімге беріледі? (бөлек отау құрған ер балаға ата- ана тарапынан берілетін мүлік)

  2. Сүйінші қай кезде сұралады? (қуанышты жағдайларда сұралады)

3 кезең. «Тұлғаны таны»

(суреттегі тұлғаны атау қажет)



4 кезең . «Иә» ма, «Жоқ» па ойыны


1. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Абай Жолы» роман эпопеясын жазды Жоқ

6. Қызылорда Қазақстанның астанасы болды ма ИӘ

7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев Жоқ

8. Қазақстаның қазіргі астанасы Алматы Жоқ

9. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ИӘ

10. «Диуани Хикмет» еңбегінің авторы Яссауи ИӘ

11. Ең жас дін Будда діні ЖОҚ

14. Торғайда ең алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин ИӘ

15. Абылай хан Түркістанда жерленген ИӘ

16. Ұлт – азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Иманов ИӘ

18. Қазақтың алғашқы ханы Абылай ЖОҚ

19. Жылқының сұті шұбат деп аталады ЖОҚ

20. Қазақстанның Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ИӘ

22. Қызылорданың ескі атауы Ақмешіт ИӘ

23. ҚР бірінші президенті Н. Ә Назарбаев ИӘ

24. Түйе жыл санауға кіреді ЖОҚ

26. Қазақстанның ең биік шыңы Хантәңірі ИӘ

32. Абайдың шын есімі Ибрахим ИӘ

33. Абылайдың шын есімі Мұхамед Қанафия ЖОҚ

34. Төле би Абылайға Сабалақ деп ат қойған ИӘ

35. ҰОС 6 жылға созылды ЖОҚ

36. Томирис сақтардың патшайымы ИӘ

38. Жыл басы Наурыз ИӘ

41. Шыңғысханның шын есімі Темучин ИӘ

42. Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы «Жеті жарғы» ЖОҚ

43. «Жеті жарғыны» жасаған Тәуке хан ИӘ

44. Қазақтың алғашқы ханы КЕРей мен Жәнібек ИӘ

49. Әмір Темір Барлас тайпасының өкілі ИӘ

50. Қазақстанның казіргі астанасы Астана қаласы ИӘ





Қорытынды. Жеңімпазды топты марапаттау.







Фариза Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназия



















«Тарих – ғасырлар куәсі»

(сыныптан тыс іс-шара)





Сынып: 8 «Ә»

Сынып жетекшісі: Жанаева Н.Ө























Ақтөбе,2024

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!