Материалдар / Тәрбие сағаты тарих тағдыр тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты тарих тағдыр тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған тәрбиелік мәні бар шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2020
938
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітілді:

4 М. Әуезов атындағы мектепте ақпан айының 3 –шы жұлдызында «Абай - қазақтың темір қазығы» атты дәстүрлі ашық шарасынан 7-11 сынып қыздар арасында технология және көркем пәні бойынша «Тарих. Тағдыр . Тұлға » атты Абай Құнабайұлының 175 жылдығына орай сурет салу мен қазақтың ұлттық нақыштағы бұйымдарын жасау байқауы өтті.

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.

Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.

Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.

Үшінші — «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.

Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?

Абайдың қай қара сөзі болмасын, жүрекпен түсініп, көңілге түйетін нақылдарға бай. Бұл қара сөзінде де, арам ойдан алшақ болуға шақырады хакім. Барлық адамзаттың өзге тіршілік иелерінен сөйлей алатын қабілетімен ерекшеленіп тұратын қасиеті бар. Сондай қасиеттерінің бірі де бірегейі  бір іске икемді болуы. Ішкен тамаққа тойып алып, бүк түсіп жата беру адам баласына үлкен сын болмақ. Ал Абай атамыздың бұл ретте айтқысы келген ойы қандай? «Өнері бардың кеселі бар» деген ойды ұстанып, оның төрт түрін көрсетеді. «Бойымдағы өнерім өзіме жетеді» деп білім-ғылым қумай, тым асыра қанағатшылдыққа салынып, талапсыздыққа бой алдыру  пендені кері бағытқа салады десе, екінші бір айтар ойы  еріншектік. Бауыржан Момышұлы атамыз «Адамды үш нәрсе бүлдіреді: арақ, ақша, атақ» деп айтқан екен. Малға мастанып, қит ете қалса, көп жұмыс бітіргендей ақысын сұрап тұруы  қателік. Бұл ретте, «сыйға– сый, сыраға – бал» деген халық нақылын айтсақ, артық етпес. Еңбегіне қарай, ақысын да береді емес пе? Әр зат өз шамасымен болуы керек дегенді ұстанған ұлт ғұламасы үшінші кемшілігінде нендей ой айтты екен? Мақтаған сиырдың күйін кешіп, арзан мақтаудың артынан еріп, аса дандайсып кету өмірден адасудың бір сорақысы екенін айтпақшы. Ақырғы кемшілігі – қарызға бату. «Жасап берші» деген бір ауыз сөзін «мен де біреудің пайдасына керек екенмін» деп жерге тастамай, мойнына алып, шектелген уақытына дейін бітіріп бере алмай жүрсе ше? Басқадан қарыз алып айыбын жуып-шаятынын қайтесің? Сөйтіп, анда тартса, мында жетпей, мында тартса, анда жетпей, «екі қолын мұрнына қыстырдының» күйін кешпек. Тоқ етері, артылған істің жауапкершілігін сезіне білу керек. Өз заманының жайын айтып отырса да, бұның жалғасы қазіргі өмірде көрініс беріп жатқаны жалған емес. Сондықтан, ардың жүгін арқалаған 550 жылдық тарихы бар ұлттың болашағына жалқаулық, салғырттық, боямашылдық деген кері пиғылдар жараспасы хақ-

деп отырып оқушыларым уақыттарын текке өткізбей өнерлерін шыңдап жатыр.



Бұл байқауда қыздар өздерінің шеберліктерімен көзге түсті он саусағынан өнер тамған, саусақтары инедей иліккен өнерлі қыздар өнерімен шыңдала берсін!

Еңбексіз өмір сүреңсіз

Екі қолдарымен өнерлерін шыңдаған 11 «ә» сынып қыздарының қолдарынын шыққан бұйымдар, және де жүректері қазақ деп соғатын казақы оюлармен нақышталған сәнді киімдерімен бұйымдары.










Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ұстаздан шәкірт озар деген тұжырымға келе отырып шәкірттерім биіктерге самғайды деп сенемін.

Өз шеберліктерімен бүгінгі байқауда суреттерін нақышқа келтіре отырып салу барысында көзге түскен 7 сынып қыздары арасында Маратқызы Ақжайна. Қошкелді Бақыт. Жылқыбай Ақерке . Қайырбекқызы Шарапат т.б. 11 сынып қыздары арасында Миллатова Айымда осы сурет саласына өз үлесін қосып көзге түсті .

Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.

Орындаған : Технология пәні мұғалімі: Сисенғалиева А.С













4 М.Әуезов мектебі
















«Тарих, тағдыр, тұлға»

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған

қол өнер және сурет байқауы



Технология және көркем еңбек пәні мұғалімі: Сисенғалиева А.С







2019 -2020 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!