Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім – тірегім"

Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім – тірегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалы болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
1217
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Тәуелсіз елім – тірегім.

 

    Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы,  жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенің аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, нақыл сөз, мақал-мәтел  жазылған  плакаттар.

Тәрбие сағатының барысы.

1-ші жүргізуші:

Мен қазақпын мың өліп,

                                    мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мың тілімен.

Жылығанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

2-ші жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін,

                                  байтақ елмін.

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңды бір тірілдім

                                    мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

1-ші жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты  ұстаздар мен ата-аналар!

2-ші жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, қымбатты қонақтар! Қош келдіңіздер!

  Мұғалім сөйлейді: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар біздің мектебімізге келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республика атанғанымызға  20  жыл уақыт болыпты. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдініздер!

Данасымен батыры көп қазақпын,

Көрген  талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін, тәуелсіздік азат күн -

дей  келе  ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

   1-ші оқушы:

Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, елдік, өнер де.

Жапандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді, ту болмады дегенге?!

     1-ші жүргізуші: 1992 жылы 4 маусым. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып, «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз міңгі сөнбесін» - деді. Туымыздың автороы: Шәкен Оңласұнұлы Ниязбеков.

      2- оқушы: Бас білігізіп жер тарпыған тарпанға Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның ең таңбасы болмайды. Түлігіне дейін салса ең-таңба.

     2-ші жүргізуші: Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан атамыз тебірене былай деді: «Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген  Ел-таңба әлемде сирек кездеседі десек те артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!» Бұған бүкіл еліміз қуанды. Елтаңбамыздың автролары: Жандарбек Мәлібеков, пен Шот Аман Уәлиханов.

     3-ші оқушы:

Батырлыққа уызына жарыған,

Ел төркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

1-ші жүргізуші: Әнұранның авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.

  Оқушылар бәрі бірге Әнұранды орындайды.

1-ші, 2-ші жүргізушілер бірге:

 Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнүраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңба

Баяғыша төріме кеп ілінді.

 

Слайд көрсетіледі. Балалар кезекпен оқып тұрады.

Мұғалім:  Ал енді Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
• 1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік
 тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
• 1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.
• 1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
• 1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.
• 1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
• 1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
• 1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
• 1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.
• 1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
• 1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.
• 2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.
• 2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
• 2002 жыл. Денсаулық жылы.
• 2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
• 2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.
• 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.
• 2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.
• 2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
• 2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
• 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
• 2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.
• 2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.
• 2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

Ән: Егемен Қазақстан

2-ші жүргізуші:Біз өз тарихымызды, жеті атамызды білуге тиіспіз. Сонау ерте кезде біздің ата –бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізі болған екен.

1-ші жүргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз. Бір болсын, қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» - деп бірге соғар жүрегіміз.

Жұмбақтар шешу. (слайд)

2-ші жүргізуші Қазақ халқында қорқақтықты, менмендікті, кекшілдңкті, жалқаулықты жеріне жеткізе сынап, ал адалдықты, батырлықты, еңбекқорлықты мадақ ететін мақал-мәтелдер өте көп.

Ал қазір мақал-мәтелдерге сөз берейік.

(Оқушылар мақал-мәтелдер айтады)

1-ші жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бас қаһармары Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті.  Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

2-ші жүргізуші:

Қатігездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бүйырып.

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сиынып.

Көрініс: Автор,Қайрат түрмеде. Теміртордың ішінде ойланып «Ана тілі» өленің оқып отырды. Жанында жаралы жігіттер.

   Қайрат:

   Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

   Құшақ жая таныстым мың тілімен

   Жаман үйді қонағы билейді деп

   Қала жаздап айырылып өз тілімнен

   Өзге тілге еліктеп ел болмайық

   Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.

     Автор:Қайрат жатқан жерге есікті ашып, күзетшілер келіп, оны тергеуші алдына апарады. Қайраттан ақтық сөзін айтуды бұйырады.

     Тергеуші: Әй, сен бұзық шыныңды айтпасаң атыласың. Ақтық сөзіңді айта бер.

     Қайрат:

            Күнәдан таза басым бар,

            Жиырма бірде жасым бар,

            Қасқалдақтай қаным бар,

            Божторқайдай жаным бар,

            Алам десең алыңдар.

            Қайрат деген атым бар,

            Қазақ деген затым бар.

            «Еркек» тоқты – құрбандық

              Атам десең, атыңдар.

   Тергеуші: Әкетіңдер!!! Атыңыдар!!!

 

    1-ші жүргізуші:Сол «желтоқсан оқиғасы» қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға құр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

    2-ші жүргізуші:

  Егемемендік ел болудың белгісі.

  Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың  арғысы мен  бергісі.

Күй

Оқушылар:

Көк асапандай- тауларың

Желбірейтін күні бұл.

Елім дейтін ұлдардың

Елжірейтін күні бұл

                                   Атамекен- ақ үйдің

                                   Азат еткен күні бұл.

                                   Құндақтағы сәбидің

                                   Қазақ болған күні бұл.

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған  күні бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні бфұл.                                    

                                     Алты алаштың баласы

                                     Қауымдасқан күні бұл.

                                     Бір-бірімен жарасып,

                                     Бауырласқан күні бұл.

1-ші жүргізуші:

Қазақстан! Туды алтын алғандайсың жұлдыздың жарығын

Алтан заңын құтты болсын

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

2- жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жетекен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

О, халайық!

Құтты болсын қуаныш.

Ән: «Атамекен»

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ