Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім" 3 "Ә" сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім" 3 "Ә" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшілерге тәрбие сағатын өткізуге керек материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
1370
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: " Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткеннін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету. Оқушыларға тәуелсіздіктің ұғымы түсіндіру.Еліміздің егемендік алғанынан бері жеткен жетістіктерін жеткізу.

Көрнекілігі: шарлар, нақылсөздер, слайд.

Мұғалім: Құрметті оқушылар!

Ой қозғау.

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Біз ертең қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (29 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)


Тәуелсіз елім - Қазақстаным” тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

Қазақстан -қазақ халқының атамекені. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз.Асқар таудың биік белесінен жайнап бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған ,тұғырын тот баспай-тын ел екенін мақтанышпен сезіп қуанамыз. Болашақта Қазақстанымыз әрі қарай дамып, әлемдік аренада өз орнына ие болады деп нық сенеміз. Бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күні барлығымызға құтты болсын ! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз өркендеп ке-леді. Тәуелсіздік халқымыздың басына қонған бақ. Бұл күні байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңасаған ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан асыр тойІ Баршаңызды ұлыстың ұлы күнімен- Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары,

жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз,

Қымбаттанда ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік- білектегі әліміз,

Тәуелсіздік- жүректегі әніміз.


Еңіреген талай бабам ел деген,

Тәуелсіздік бізге оңай келмеген.

Үлесі бар онда сансыз ерлердің,

Өр намысын жауға қолдан бермеген.

Мұғалім:Тәуелсіздік Қазақстанның 29 жылдық мерей тойына байланысты осы жылдарға көз жіберейікші, қандай тарихи даталар болып келді?

Слайдтан көрсету

1.1991 жылы желтоқсанның 1-де республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп сайлады.

2.1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

3. 1992 жылы 28-қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.

4. 1993 жылы 15- қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енді .

5. 1995 жылы -Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

6. 1996 жылы - Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

7. 1997 жылы- 10-желтоқсанда Ақмола қаласы ел астанасы болып жарияланды. 8. 1998 жылы 10маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.

9. 2012 жылы- 1-желтоқсанда Тұңғыш президент күні алғаш рет аталып өтті.

10. 2016 жылы- 23 қарашада Тәуелсіздік Декларациясы қабылданды.


1бала: 
Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

2 бала: 
Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

3 бала: 
Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде. 

Сұрақтар:

1) Елордамыз Нұр-Сұлтанның көрнекті орны, нышаны.(Бәйтерек)

2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)

3) Мемлекеттік рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)

4) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)

5) Астанамыздың бұрынғы атаулары (Цилининград, Ақмола, Астана)

6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Нұр-Сұлтан)

7) Туымызда нелер бейнеленген? (Күн, қыран, ұлттық ою)

8) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. (Н.Назарбаев)

9) Қазақстан Республикасының қазіргі президенті. (Қ.Тоқаев)

10) Тәуелсіздік құрбандары кімдер? (Р.Қайрат, С.Ербол, Ләззат, Сабира..)


Қорытынды: Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіз елім - Қазақстаным " атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!