Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сенбі Марат Бимаханұлы,
технология пәнінің мұғалімі,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ,
Қаратау ауылы,Созақ ауданы, ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Қалақшаны жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
а) ұлттық қолөнерді игере отырып, оның маңызын, мағынасын және орындалу әдістерін меңгерту.
ә) металдар туралы түсінік беру.
б) металл бұйымдарын жасаудағы қажетті білімдерін еске түсіру арқылы іс жүзінде қолдану.
Білімділік мақсаты: металдардың түрлерін, металдың қасиеттері туралы білімді қалыптастыру, жасалатын бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: оқушының икем-дағдылық қабілетіне, бейімділіктеріне қарай практикалық әрекеттерін жетілдіру, қол икемділігін қалыптастыру арқылы шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, төзімділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке, өзара көмек беруге, кез-келген бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу,
Сабақтың типі:
жаңа сабақ.
Сабақтың
көрнекілігі: қалақша сызбасы,
технологиялық нұсқау карта
Қажетті құрал- саймандар: электр бұрғысы , бұрыштама, сызғыш, қарындаш, атауыз,
кескір, балға, бекіткіш шегелер, қалақша сабына арналған темір 06
мм, 01 мм қаңылтыр материалы.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, экономика
Сабақтың түрі:
сарамандық және теориялық.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ә) құрал-саймандармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескерту.
б) өткен сабақты қысқаша қайталап пысықтау, жаңа сабақпен байланыстыру.
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой қозғау
1.Металдың қандай түрлері бар?
2.Шойын қандай металл?
3.Болат деген не?
4.Металл өңдеу барысындағы негізгі өлшеуіш құрал?
5.Қаңылтырмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ереже?
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылар , біздер алдымен қалақша жасамас бұрын, оны неге, не үшін
қолданатынымызды және қай жерде пайдаланатынымызды жақсылап біліп алайық.
Күнделікті тұрмысқа қажетті қандай қалақша түрін білеміз? Пешке, ошаққа арналған
қалақша және аула тазалағанда қолданатын қалақша, үй ішіндегі сыпырылған
сыпырындыларды алатын қалақша болып үш түрге бөлінеді.
Осылардың ішінде пешке арналған қалақшаны бүгінгі сабағымызда
жасапкөреміз. Қалақша кез келген үйге, күнделікті өмірде қажетті құрал. Ол бізге пештегі,
ошақтағы күлді тазартуға және үй ішіндегі сыпырылған сыпырындыларды тазартып алуға
арналған қажетті жұмыс құралы. Қалақшаның түрлері көп болғанымен оны жасау жолы
біреу. Қалақшаны пайдалану арқылы біз тазалыққа, сұлулыққа талпынамыз.
ІІІ.Талдау жұмысы.
Енді, балалар, біз қалақша жасауды бастамас бұрын жұмыс орны мен керекті құрал-саймандарды, қажетті материалдарды дайындап аламыз.
Жұмысты оқушы санына қарай екі топқа бөлініп орындаймыз. Бұл бізге уақытты
үнемдеуге және жұмысты бірігіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Құрал-саймандармен жұмыс істеуде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Енді сабақтың негізгі бөлімін түсіну үшін біз тақтадағы нұсқау картасын меңгеруіміз керек.
Нұсқау картада толығымен қалақша жасаудың жолдары көрсетілген.
Картадағы сол өлшемдерді жұмыс дәптерлеріңе түсіріп алыңдар.
Нұсқау картаны түсініп және қалақшаның жасалу технологиясына сүйене отырып,
бұйымның эскизіне қарап қалақшаны жасаймыз.
Қалақшаның жасалу технологиялық картасы
Қажетті материалдар |
Сызбасы |
Қажетті құрал-сайман |
Қаңылтыр |
Қарындаш, кескір, балға, сызғыш, қалақша эскизі |
|
Қаңылтыр |
Қарындаш, сызғы, тескір, балға, |
|
Қаңылтыр |
Кескір, балға, қайрақ, бұрғы, сызғыш, қарындаш, төс, атауыз, |
|
Дайын жұмыстың толық көрінісі |
|
|
Алюминий сым |
Балға, кескір, сызғыш. |
|
Алюминий сым |
Атауыз, балға, сызғыш. |
|
06 мм Темір |
Балға, сызғыш, қарындаш |
|
06 мм Темір |
Атауыз, балға, қайрақ, бұрғы. |
|
Дайын жұмыстың толық көрінісі |
|
ІҮ. Сарамандық жұмыс
І-топқа әдістемелік түсініктеме.
Қаңылтырды өлшем бойынша кесу, қайрақпен шетін тегістеу және жасалынған бұйымның эскизіне қарап қалақша басын жасау.
ІІ-топқа әдістемелік түсініктеме
Қалақшаның темір ұстағышын қалақшаға бейімдеп ию, нұсқау картадағы өлшеммен ұстағыштың сабын қию, бекіту шегелеріне сәйкестендіріп тесу.
Ү. Жұмыс барысындағы нұсқаулар
1.Жұмыс барысында оқушылардың жұмысын тексеріп, қателерін түзету, кемшіліктерін айту.
2.Әрбір жұмыстың орындалуына қарай әдістемелік нұсқаулар беру.
Дайын болған қалақшаның басы мен қалақшаның сабын бекіту шегелері арқылы екі топ бірігіп жұмысты аяқтау.
Қазіргі жағдайдағы нарықтық есеппен істеген жұмысымыздың құны
ҮІ. Өзіміздің жобамыз бойынша
Қазіргі жағдайдағы нарықтық есеппен істеген жұмысымыздың құнын есептеп көрейік.
Экономикалық есеп
Бұйым негізгі екі бөліктен тұрады – қалақшаның ұстағыш сабы мен қалақшаның басынан.
Қаңылтыр көлемі 200 мм, ені180 мм
Темір ұзындығы 450 мм , қалыңдығы 06 мм
Бекіту шегелері 2 тал
Қалақша басы 80 теңге
Қалақша сабы 80 теңге
Бекіту шегелері 30 теңге
Істелінген жұмыс - 110 теңге
Бағасы: 300 теңге
Сабақты пысықтау
1.Қалақша не үшін керек?
2.Қалақшаның бағасы қанша деп ойлайсыңдар?
3.Қалақшаның басын қандай материалдан жасаймыз?
4.Қалақшаның сабын қандай материалдан жасаймыз?
ҮІІ.Сабақты бекіту.
Оқушылар, бүгінгі сабақта біздер қалақшаның жасалу технологиясын үйрендік және оны қай жерде, не үшін қолданатынымыз туралы ақпарат алдық, осы алған білімдеріңді өмірде қолдана біледі деген сенімдемін.
ҮІІІ.Сабақты қорытындылау.
1.Әр оқушы өздерінің жасаған жұмыстарына талдау жасайды.
2.Қандай құралдармен жұмыс жасағанын айтады.
3.Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ереже.
4.Оқушының жұмысын бағалау.
-Экономикалық есептер жасағаннан кейін жарнама жасау және тиімді бағамен сату үшін не істеуге болады?
Аукцион арқылы сатуға немесе базардағы нүктелерге өткізу арқылы.
Дұрыс айтасыңдар балалар, осымен сабақты аяқтаймыз.
Дайындаманың суреті
Пайдаланған әдебиеттер
1.Технология 6-сынып
К.Өстеміров
Н.Адамқұлов
С.Асанова
Д.Әлмағанбетова
Т.Әміреева
А.Копнинов
Алматы «Атамұра» 2002 ж.
2.Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі
С.А.Ұзақбаев
«Білім қоғамы»1990 ж.
3.Технология 8-сынып
Ю.Моряков
Г.Жарымбетова
А.Халендеров
Алматы «Мектеп» 2012 ж.
Жол-транспорт оқиғаларынан балаларды сақтандыру
Сенбі Марат Бимаханұлы,
технология пәнінің мұғалімі,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ,
Қаратау ауылы,Созақ ауданы, ОҚО
Қазіргі кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің
бірі – балаларды транспорт құралдарынан болатын апаттан сақтандыру және олардың көшеде, жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Балалардың жол апатына ұрынбауы үшін қолданылатын шаралардың ішіндегі ең бір маңыздысы – мектеп оқушыларының арасында жолда жүру ережесін үнемі насихаттап отыру. Барлық мектептерде бір кабинетті арнайы макет, плакат және басқа да көрнекі құралдармен жабдықтап, жолда жүру қауіпсіздігін үйрететін орынға айналдыру. Мүмкіндігінше мұндай кабинетте төмендегідей жабдықтар мен оқу құралдары болуы керек: түрлі автомобильдер мен басқа да транспорт құралдарының макеті мен көше қиылыстарының үлгілері, жол белгілерінің суреті, светофор үлгісі, жолда жүру ережесі туралы плакаттар, диафильмдер жинағы, жолда жүру ережесі туралы оқушылардың білімін тексеретін автоматты анықтама қондырғы.
Ал тәжірибе сабақтары оқушылардың экскурсиясы мен қала, ауыл ішінде қыдыруы кезінде жүргізіледі. Оқушыларға жолда жүру ережесін оқытқанда олардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн. Оқып-үйренген жолда жүру ережесін үнемі орындап, күнделікті дағдыға айналдыру үшін оған қосымша мына төмендегідей тақырыптарда әңгімелер өткізіліп отырса: «Менің мектепке дейінгі жолым»,
Қала мектебіне барар жол Ауыл мектебіне барар жол
менің мектепке дейінгі жолым менің мектепке дейінгі жолым
«Тоқтап тұрған транспорт құралдарына қалай міну, түсу, айналып өту керек?»,
«Қаладағы транспорт құралдарын пайдалану ережесі», «Жаяу адамдардың міндеті», «Жол белгілері», «Транспорт құралдары және жаяу адамдар», «Светофорлар мен реттегіштердің сигналдарының мағынасы», «Велосипедпен жүру», т.б.
Осы тақырыптарда сабақ немесе әңгіме өткізетін мұғалім немесе лектор әрбір тақырыпты сол мектеп өмірімен тығыз байланыстыра отырып, түсіндіруі тиіс. Мектепте жолда жүру ережелеріне бекітілген оқу программасынан басқа да жолмен үйрету тәсілдері қолданылса. Мысалы, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын оқушылар «Трамвайда», «Көшеде» және т.б. осындай тақырыптарда пьесалар қойып, тақпақтар айтса.
Сондай-ақ сурет салатын оқушылардың жарысын ұйымдастырып, оған төмендегідей тақырыптарда арқау етуге болады. «Жаяу адамдардың көшеде жүруі», «Транспорт құралдарының түрлері», «Жол белгілері», т.б.
Ана тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жолда жүру ережесіне байланысты диктант немесе шығарма жазғызуға, ал сынып сағаттарында жолда жүру ережесі бойынша пікірталастар, сабақ арасындағы үзілістерде ойындар өткізуге болады.
Мектеп оқушыларына арнап жолда жүру ережесі туралы төмендегідей тақырыптарда нұсқаулар таратуға болады: «Балалар, күнделіктеріңе жазып алыңдар», «Өзің оқып, жолдастарыңа айтып бер», «Барлық оқушыларға!»
Жолда жүру ережесін жақсы біліп, оны мүлтіксіз орындауы балалардың кездейсоқ апатқа ұрынбауының басты кепілі.
Статистикалық деректер бойынша транспорт құралдарынан балалардың мерт болуы мен жарақат алуы әлі де көп. Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды әлі де қанағаттанарлық дей алмаймыз. Көптеген мектептерде жолда жүру ережесі жөніндегі сыныптан тыс сабақтар өз дәрежесінде өткізілмейді. Оларды қадағалау мен сапасын тексеру жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған, оқу құралдары жетіспейді, осындай сабақтарды өткізетін мұғалімдердің арнаулы дайындығы жоқ.
Жолдар мен көшелерде балалардың мерт болуы мен жарақаттануын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды түбегейлі жақсарту үшін балалардың қатысы бар жол-транспорт оқиғаларын егжей-тегжейлі талдап, одан дұрыс қорытынды жасау, мектептердегі жолда жүру қауіпсіздік сыныбын талапқа сай арнаулы әдебиеттермен, көрнекті құралдармен жабдықтау, оқушылар арасында түрлі ойындар ұйымдастару, мектеп оқушыларына жолда жүру ережесі туралы лекциялар оқып, семинар сабақтарын өткізу, тағы басқа да шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып отырса. Мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жақсы біліп, оны мүлтіксіз орындап, балалардың кездейсоқ апатқа ұрынбауының басты кепілі болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері. «Юрист» баспасы
2.Жол апатына абай болайық. Д.Жақсылықов
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан панно жасау
Сенбі Марат Бимаханұлы,
технология пәнінің мұғалімі,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ
Қаратау ауылы, Созақ ауданы, ОҚО
Сабақтың мақсаты: табиғи материалдарды пайдалана білуге және олардан әр түрлі қажетті заттар жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрете отырып табиғатта пайдасыз заттар жоқ екендігін оқушылардың санасына жеткізу
Білімділік мақсаты: табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, жануар, құстар, балық бейнелерін жасап үйренуге баулу, табиғи материалдардың қасиетін меңгерту;
Дамытушылық мақсаты: оқушының икем-дағдылық қаблетіне, бейімділіктеріне қарай практикалық әрекеттерін жетілдіру, істелінетін бұйымды көркем етіп жасату арқылы ой-өрісін шығармашылық қаблетін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулу және табиғатты аялауға тәрбиелеу, өзара көмек беруге, бірігіп ұйымшылдықпен жұмыс істеуге қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, көрсету, топқа бөлу, сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар: табиғи материалдардың түрлері,түрлі өсімдік дәндері, кепкен жапырақтар, ағаш бұтақтары, үлгі суреттер.
Пән аралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ә) құрал-жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескерту.
б) өткен сабақты қысқаша қайталап пысықтау, жаңа сабақпен байланыстыру.
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой қозғау
1.Табиғи материалдарға не жатады?
2.Өсімдік материалдарына жататындар?
3.Жануар материалдары?
4.Географиялық материалдарды ата?
5.Пластмасса материалдар?
Жаңа сабақты түсіндіру
Табиғат – адам өміріндегі ең керекті қазыналы баға жетпес байлығымыз, ал оларды қорғап, сақтау – біздің парызымыз! Адам жаратылысынан бері табиғатта кездесетін өсімдік материалдарын, жануар материалдарын, географиялық материалдарды, пластмасса материалдарын өз керегіне жарата білген.
Табиғаттағы құбылыстарды халық әңгімелеріне, мақалдарына, ертегілеріне арқау етіп оларды жырлай білген. Даладағы өсіп тұрған гүлдерден әсемдікті, ұшып жүрген құстардан еркіндікті, кіндік қаны тамған туған жерден отанының рухани күштілікті сезіп, соларға теңеп отырған.
Адам өз туған жерінің қожасы. Сондықтан жердегі өсіп тұрған заттарды өз керегіне жарата отырып, одан әртүрлі бұйымдар жасаған. Табиғаттан өз керегіңді ала білу бар да, оны қайтару, яғыни табиғатты аялай білу, оны сақтай білуді де ұмытпаған. Табиғат берген қазынаға ұқыпты қарап, үнемі пайдалана білсек, сонда ғана табиғаттың бізге берері көп.
Табиғи материалдармен жұмыс жасау оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке баулуда үлкен әсерін тигізеді.
Талдау жасау.
Табиғи материалдарға жататындар
Өсімдік материалдары – (Дәнді дақылдар, ағаш дәндері, ағаштың қабығы,
ағаштың бұтағы, тамыры, безі, жапырақтары, түрлі өсімдік гүлдері, түрлі өсімдік дәндері).
Жануар материалдары – (Сүйек, тері, мүйіз, жүн).
Географиялық материалдар – (Тас, ұлутас, құм).
Пластмасса материалдар – (Целофон, пластмасса)
Табиғатта өсіп тұрған табиғи материалдарды қоғамға пайдалы еңбек ретінде көрсету үшін біз солардан әртүрлі бұйымдар, сыйлықтар жасауға үйренуіміз керек.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін табиғи материалдардан істелінген жұмыстарды көрсете отырып оқушылардың ой-қиялын, шығармашылық қаблетін арттыру.
Сарамандық жұмысты ұйымдастыру.
Оқушыларды табиғи материалдармен таныстырып болғаннан кейін, өсімдік дәндерінен жасайтын панно туралы түсінік бере отырып оқушыларды сарамандық жұмысқа жұмылдыру.
Қауіпсіздік ережесі.
1.Құрал-жабдықтармен жұмыс істеуде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауымыз керек.
2.Желіммен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.
3.Жұмыс барысында тазалық гигиенасын сақтау.
Бүгінгі жасалатын жұмыс еркін тақырыпқа панно құрастыру. Оқушылар өздері дайындап келген өсімдік дәндерінен өз орындарыңда өзіндік жұмыстарын әр түрлі дән, жапырақ, жаңғақ, ағаш бұтақтарымен жануарларды, құстарды, балықты, қоңызды т.б. бейнелеп, ерекше композиция құрастырасыңдар.
Ол үшін оқушылар тақырыпқа байланысты қағаз бетіне эскиз жасаймыз. Жасайтын панно кейіпкерлері кімдер, олардың денесін қандай материалдармен жасау керектігін қағаз бетіне жобалап қарындашпен суретін саласыңдар. Жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асу керек. Оған жапсырылатын өсімдік дәндерін дене мүшелеріне қарай орындарын белгілеп аламыз.
Жұмыс барысындағы нұсқаулар.
Оқушыларды жұмыс істеу барысында тексеріп, қосымша нұсқаулар беріп және қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау.
Оқушының жасаған жұмысындағы кемшіліктерін айту.
Әрбір жұмыстың орындалуына қарай әдістемелік нұсқаулар беру.
Жаңа сабақты пысықтау
Табиғи материалдар қайдан алынады? Табиғи материалдарға не жатады?
Өсімдіктектес материалдарды ата. Жануар материалдарына не жатады?
Географиялық материалдарға не жатады? Пластмасса материалдарына не жатады?
Сұрақтарды қою арқылы оқушылардың жаңа сабақты меңгергендігін тексеріп жұмыстарын ары қарай жалғастыруға рұқсат беріледі.
Оқушыларды санына қарай топқа бөліп әр топ қағазға сызған эскиз бойынша жұмыстарын жасайды. Жұмысты жекелей топпен орындайды.Топпен жұмыс істеу, уақытты үнемдеуге, бірігіп ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың өсімдік дәндерінен жасаған жұмыстары
Қарақұйрық Торғай Аққала
Піл Торғайлар Қораз
Сабақты бекіту.
Оқушылар, бүгінгі сабақта біздер панно жасау жолдарын үйрендік және өсімдік материалдарын қалай қолдану керектігін, панноны не үшін жасағанымыз туралы ақпарат алдық, осы алған білімдеріңді өмірде қолдана біледі деген сенімдемін.
Сабақты қорытындылау.
Әр оқушы өздерінің жасаған жұмыстарына талдау жасайды.
Қандай құралдарды пайдаланғанын айтады.
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орнын тазалау, жинастыру, істеген жұмыстарын әр топ мұғалімге тапсыру.
Панно – қоғамдық мәдени орындарды, үй ішін көркемеу үшін жасалған өнер туындысы.
Панноны көркемдеп жасаған оқушылар Сейтмаханова Ұлболсын «қарақұйрық», Тұрсынбай Ақерке «торғай», Кеңесбай Аяулым «аққала», Әбілхан Заңғар «піл», Сайлаубек Қамажай «торғайлар», Кеңесбай Арайлым «қораз» панноларын жасап мектеп көрмесіне тапсырды.
Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма беру. Табиғи материалдарымен еркін тақырыпта жұмыс жасау
Сабақтың тақырыбы: Жол – транспорт оқиғалары
Сенбі Марат Бимаханұлы,
технология пәнінің мұғалімі,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ,
Қаратау ауылы, Созақ ауданы, ОҚО
Сабақтың мақсаты: Жол – транспорт оқиғаларының кәзіргі кезде көбейіп кету себептерін түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларға күнделікті өмірде қажетті жол белгілерін үйрету арқылы, жол – транспорт оқиғалары мен олардың болу себептерін оқушыларға жан-жақты түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға жол-транспорт оқиғалары туралы түсінік бере отырып, ой-қиалдарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға транспорт құралдарының қозғалыс жылдамдығы кезіндегі жол қауіпсіздік ережесімен, міндеттерін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен оқыту құралдары: Жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамның және реттеушінің сигналдары.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгелдеу. 2.Үй тапсырмасын тексеру. 3.Сабақтың мақсатын қысқаша айту. 4.Сабақты пысықтау. 5.Үйге тапсырма.
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Транспорт құралдарының жолда жүруі белгілі бір физикалық заңдылыққа бағынады, ал оны бұзу үлкен қауып-қатерге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан транспорт құралдарының жүргізушілері жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы заңдылықты дұрыс түсініп, қатаң сақтаулары тиіс.
Жол-транспорт оқиғасы дегеніміз автомобильдердің, трамвайлардың, тракторлардың, өздігінен жүретін транспорт құралдарының жолда жүру кезіндегі адамның апат болуы немесе жаралануы, транспорт құралдары жүктерінің немесе басқа да заттардың едәуір зақымдалуы мен осы оқиғаға байланысты басқа да шығындар.
Бұл оқиғалардың болу жағдайлары әр түрлі десек де, олардың себептерін талдау арқылы кейбір ұқсастық қасиеттерін анықтай аламыз.
Осыдан барып жол-транспорт оқиғаларының алдын алу шараларын жоспарлау үшін шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.
а) транспорт құралдарының бір-бірімен соқтығысуы.
ә) транспорт құралдарының аударылуы
б) транспорт құралдарының кедергіге соғылуы
в) транспорт құралдарының жаяу адамдарды соғуы
г) транспорт құралдарының велосипедшілермен соқтығысуы
д) транспорт құралдарынан адамның құлап түсуі
Кез келген транспор құралдарының жүргізушілері жол-транспорт оқиғасына душар бола қалған жағдайда дереу ішкі істер бөліміне хабарлауға міндетті, мүлік шығынының тиісті документтерін тапсырулары керек.
Емдеу мекемесі, дәрігерлер жол-транспорт оқиғасынан болған сынық пен жарақатын емдетуге келген адамдар жайлы ішкі істер бөліміне хабарлауға тиіс.
ІІІ.Талдау жұмыстары
Жаяу адамдар мен жолдаушылар
Жүргізушілер
Жол – транспорт оқиғаларына себепші болатын басты факторлар мыналар:
Транспорт құралдары
Жол
«Жүргізушілер» факторына жататындар:
Атап айтқанда:
1.Жылдамдықты шамадан тыс арттыру,
2.Ара қашықтықты сақтамау,
3.Жолдың сол жағына немесе тротуарға шығып кету,
4.Басып озу ережесін сақтамау,
5.Жүргізушінің сигналды дер кезінде бермеуі,
6.Күтпеген жерден бүйірден шыға келу,
7.Жолдың жүретін бөлігінде жарықсыз тұру,
8.Өз фарының жарығымен басқа жүргізушілердің көзін шағылыстыру,
9.Жол қиылысында өту кезегін күтпеу,
10.Жол қиылысына жақын барып тоқтау,
11.Темір жол өткелдерінен кесіп өткенде ережені сақтамау,
12.Светофордың сигыналына бағынбау,
13.Жол белгілері мен көрсеткіштеріне мән бермеу,
14.Жол таңбаларын ескермеу,
15.Жүк автомобильдерімен кісі тасу ережесін бұзу,
16.Машинаны ішімдік ішіп алып жүргізу,
17.Тәжірибенің аздығы, сасқалақтау, аңғалдық, шаршау,
18.Рульде келе жатып қалғып кету, т.б. себептер жатады.
«Жаяу адамдар мен жолаушылар» факторына жол қозғалысына қатысы бар жаяу адамдар мен жолаушылардың жолда жүру ережесінің төмендегідей талаптарын орындамауы жатады:
Атап айтқанда:
1.Жолдың өтпейтін жерінен кесіп өту,
2.Тротуар бар болса да автомобиль жолымен жүру,
3.Жақын келе жатқан автомобильдің алдын кесіп өту,
4.Басқа транспорт құралының тасасынан күтпеген жерден шыға келу,
5.Балалардың жол үстінде ойнауы,
6.Тыйым салатын сигыналдың кезінде жолдан өту,
7.Транспорт құралына жүріп бара жатқан кезінде міну немесе одан түсу автомобильдің табалдырығында тұру,
8.Жол үстінде мас болып бейқам жүру.
«Транспорт құралдары» факторына олардың техникалық ақаулары жатады:
Атап айтқанда:
1.Тежеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі,
2.Рульдік басқару жүйесінде ақаудың болуы,
3.Доңғалақтарының талапқа сай болмауы,
4.Фарлары мен бұрылу көрсеткіштерінің дұрыс жанбауы,
5.Артта келе жатқан транспорт құралын көрсететін айнаның дұрыс орнатылмауы немесе оның болмауы,
6.Әйнек тазалағыштың ақауы немесе оның болмауы,
7.Күнқағардың болмауы,
8.Шина протекторының тозуы мен жарылуы,
9.Жүргізуші үшін көру мүмкіндігінің аздығы.
«Жол» факторына жол құрылысының ақаулары және ондағы қозғалысты ұйымдастыру шараларының кемшілігі жатады:
Атап айтқанда:
1.Жол төсемінің тегіс болмауы,
2.Жол төсемінің сапасыз болуы,
3.Бұрылу радиусының аздығы,
4.Жол жиегінің тарлығы,
5.Көпшілік пайдаланатын транспорт құралдарының аялдама алаңының жоқтығынан тоқтаған кезде жолдың жүретін бөлігінің едәуір жерін жауып тұруы,
6.Тротуардың жоқтығы,
7.Керекті жерде жол белгілерінің болмауы,
8.Жол белгілерінің және светофор сигыналдарының нашар көрінуі,
9.Жолдың жүретін бөлігіне жарықтың әлсіз түсуі,
10.Аялдамалардың дұрыс орналаспауы,
11.Темір жол өткелдерінің талапқа сай келмеуі
Жол-транспорт оқиғаларының әрқайсысы көптеген себептерден болатынына көз жеткізу үшін төмендегі бірінші таблицаға қарап көрелік.
Осы себептердің ішіндегі ең бастылары транспорт құралдары жүргізушісінің іс-әрекетіне байланысты.
Оқиғалардың түрлері |
Пайда болу себептері |
Жаяу адамдармен соқтығысу |
Транспортты дер кезінде тежемеу: Тежеу жүйесінің ақаулығынан: Рульмен маневр жасау кезіндегі кемшіліктен: Автомобильдің жүру бағытынан айырылуынан немесе көлденең сырғанауынан: Жаяу адамдардың күтпеген жерден шыға келуінен. |
Қозғалмайтын кедергіге соғылу |
Қозғалыс кезіндегі көз өлшемінің дұрыс болмауынан: Автомобильдің жүру бағытынан еріксіз ауытқып кетуінен: Жүргізушінің дер кезінде тежемеуінен: Нашар тежелуден. |
Автомобильдердің өзара қақтығысулары а) бір-біріне қарсы жүргенде ә) бір бағытпен жүргенде б) қиылысатын бағытпен жүргенде Автомобильдердің көлденең сырғанауы мен аударылуы |
Рульмен маневр жасаған кездегі жіберген кемшіліктер: Автомабильдің жүру бағытынан еріксіз ауытқып кетуінен: Басып озу кезіндегі жүргізушінің көз өлшемінің қателігінен: Жүргізуші қарсы келе жатқан транспортты өте кеш көргендіктен: Жүргізушінің көзін қарсы келе жатқан машинаның фарымен шағылыстырғандықтан: Қатар келе жатқан транспорттың ара қашықтығының аздығынан: Жол қатарларының бірінен-біріне дұрыс ауыспаудан : Жүргізушінің көз өлшемінің қателігінен: Қиылысатын жолды немесе бүйірден шыққан транспортты, жүргізушінің өте кеш көріп қалуынан: Рульді жаңылыс бұрудан: Дер кезінде немесе жеткілікті тежелмеуден. Рульмен шұғыл маневр жасаудан: Бұрылыс кезінде жылдамдықты дұрыс таңдап алмағандықтан: Өте қатты тежегендіктен немесе жетекші дөңгелекке тым артық күш түсіруден: Тежеу жүйесінің оңы мен солын бірдей реттемегендіктен: Жүкті дұрыс тиемеуден: Көлденең сырғанау кезінде уақтылы немесе дұрыс шешім қабылдамаудан. |
Жүру бөлігінен шығып кету |
Көз өлшемінің есебінен жаңылу: Дұрыс жүргізе алмаудан: Автомобильдің қауіпсіз жүру бағытынан ауытқып кету. |
Жол-транспот оқиғасына әкеліп соғатын жүргізушілердің оқыс жіберген қателігі көптеген материалдық шығынға ұшырататынын естен шығармау керек. Ол бірнеше саланы қамтиды.
Жолда жүру Ережесін бұзғандар транспорт жүргізушілерімен бірге жаяу адамдар да әкімшілік органдары арқылы жауапқа тартылады.
Жолда жүру қауіпсіздігін қатаң сақтауға жыл өткен сайын талап арта түсуде.
Соның бір айғағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай «Жола жүру ережесін бұзушылардың жауапкершілігі» деген қаулысы. Қаулыда жаяу адамдар мен транспорт құралы жүргізушілерінің жауапкершілігін бұрынғыдан да арттыру үшін оларға қолданылатын әкімшілік шаралар белгіленгін, осы қаулы бойынша жолда жүру ережесін бұзғандығы үшін салынатын штрафтың мөлшері арттырылуда.
ІҮ.Сабақты пысықтау:
1.Жол-транспорт оқиғаларының алдын алу үшін шартты түрде қандай топтарға бөлуге болады ?
2.Жол-транспорт оқиғаларына себепші болатын басты факторлар не?
3.Жол-транспорт оқиғаларының әрқайсысы, қандай көптеген себептерден болады?
4.Жол-транспорт оқиғасы дегеніміз не?
Ү.Сабақты бекіту:
Оқушылар, бүгінгі сабақта біздер жол-транспорт оқиғаларының болу себептерін, жол-транспорт оқиғаларына себепші болатын басты факторларды біліп отырмыз, осы алған білімдеріңді өмірде қолдана біледі деген сенімдемін.
ҮІ.Үйге тапсырма: Жол-транспорт оқиғаларының себептерін жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері. «Юрист» баспасы
2.Жол апатына абай болайық. Д.Жақсылықов
Сабақтың тақырыбы: Баклашка құтысынан киім ілгіш жасау технологиясы.
Сенбі Марат Бимаханұлы,
технология пәнінің мұғалімі,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ,
Қаратау ауылы, Созақ ауданы, ОҚО
Сабақтың мақсаты:
а) ұлттық қолөнерді оқушыларға игерте отырып, оның маңызын, мағынасын және орындалу әдістерін меңгерту.
ә) баклашка құтысы туралы түсінік беру.
Білімділік мақсаты: оқушыларға тұрмыста қолданылатын баклашка құтысынан күнделікті өмірде қолданысқа қажетті бұйым жасауды үйрету арқылы, шығармашылық жұмыс жасауға қалыптастыру, баклашка құтысынан киім ілгіштің жасалу жолдарын түсіндіру, үйрету.
Дамытушылық мақсаты: оқушының икем-дағдылық қаблетіне, бейімділіктеріне қарай практикалық әрекеттерін жетілдіру, істелінетін бұйымды көркем етіп жасату арқылы ой-өрісін шығармашылық қаблетін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулу және эстетикалық тәрбие беру арқылы, өзара көмек беруге оқушыларды қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.
Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, көрсету, топқа бөлу, сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар: ара, ағаш, электрбұрғысы, баклашка құтысы, баклашка қақпағы, бұрандалы шеге, шайбы, сым темір, қарындаш, сызғыш, бұрыштама, зімпара.
Пән аралық байланыс: сызу, математика,бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ә) құрал-саймандармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескерту.
б) өткен сабақты қысқаша қайталап пысықтау, жаңа сабақпен байланыстыру.
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой қозғау
1.Балташының негізгі құралдарын ата?
2.Араның қандай түрлерін білесің?
3.Ағаштың қандай түрлері бар?
4.Сым темірдің қандай өлшемдерін білесіңдер?
5.Бұрандалы шегенің қандай өлшемдері бар?
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылар, біздер алдымен киім ілгішті жасамас бұрын, оны неге, не үшін қолданатынымызды жақсылап біліп алайық.
Киім ілгішті пайдалану арқылы біз тазалықты, сұлулықты, жинақылықты, ұқыптылықты үйренеміз.
Қарапайым баклашка құтысынан киім ілгіш жасау әдісі өте қарапайым, материалды көп қажет етпейді, оны күнделікті өмірде түрлі сусындарды ішіп айналаға тастап, қоршаған ортаны ыластай бергенше, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйым жасап алуымызға болатындығын ескергеніміз жөн.
Талдау жасау.
Енді, балалар біз киім ілгіш жасауды бастамас бұрын жұмыс орны мен керекті құрал-саймандарды, қажетті материалдарды дайындап аламыз.
Жұмысты оқушы санына қарай үш топқа бөлініп орындаймыз.
Бұл бізге уақытты үнемдеуге және жұмысты бірігіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Енді сабақтың негізгі бөлімін түсіну үшін біз тақтадағы нұсқау картасын меңгеруіміз керек.
Нұсқау картада толығымен киім ілгіш жасаудың жолдары көрсетілген.
Нұсқау картадағы сол өлшемдерді жұмыс дәптерлеріңе түсіріп алыңдар.
Нұсқау картаны түсініп және киім ілгіштің жасалу технологиясына сүйене отырып, бұйымның эскизіне қарап жасаймыз.
Қауіпсіздік ережесі.
Құрал-саймандармен жұмыс істеуде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауымыз керек.
1.Электр бұрғысымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.
2.Электр бұрғысын қасыңдағы оқушыларға қаратып қоспа.
3.Электр бұрғысын қасыңдағы балаларға ток көзінен ажыратып барып қана беруге болады.
4.Сым темірді ию кезінде қолыңды жарақаттап алма.
5.Балғаны қолға дұрыс ұстап пайдалан, қасыңдағы баланы жарақаттап алма.
6.Бұрандалы шегені электрбұрғысымен бұраған кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақта.
Киім ілгіш жасаудың технологиялық картасы
Қажетті материал |
Істелінетін жұмыстың сызбасы |
Қажетті құрал-жабдықтар |
Ағаш |
Ағаш дайындамасы. |
|
Ағаш |
|
Бұрыш өлшегіш, сызғыш, қарындаш. |
Ағаш. |
|
Электрбұрғысы, ара, зімпара. |
Ілмек сым, баклашка қақпағы, ағаш, бұрама шеге. |
|
Бұрауыш |
Ілмек сым, баклашка, қақпақ, ағаш. |
Киім ілгіштің жалпы көрінісі. |
ІІІ. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру.
Оқушыларды санына қарай үш топқа бөлу.
1-топқа киім ілгіштің сызбасын сызып, ағаш бөлшегін дайындауды сонымен қатар сым өтетін тесікті электрбұрғысымен тесуді тапсырамын.
2-топқа киім ілгіштің сымын иіп өлшем бойынша дайындауды.
3-топқа қажетті құрал-жабдықтарды, баклашка қақпақтарын электрбұрғысымен тесіп дайындауды тапсырамын.
Әр топ сызбада көрсетілген жұмыстарын жасайды.
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша киім ілгіш бөлшектерін бірігіп құрастырады.
Жасалынған жұмыс
Киім ілгіш
Қажетті материалдар мен құрал- жабдықтар:
1-ағаш, 2-баклашка құтысы екі дана, 3-баклашка қақпағы екі дана, 4- сымтемір,
5-бұранда шеге, 6-эскиз, 7-қарындаш, 8-сызғыш, 9-бұрғы, 10-ара, 11-бұрыш
өлшегіш, 12-зімпара.
Баклашка құтысынан киім ілгіш жасау әдісі өте қарапайым, материалды көп қажет етпейді, оны күнделікті өмірде түрлі сусындарды ішіп айналаға тастап, қоршаған ортаны ыластай бергенше, күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі бұйым жасап алуымызға болатындығын ескергеніміз жөн.
Бұл киім ілгішті жасау онша қиын емес оған деген шынайы икемділік қабілет болса болғаны. Ағашпен, металмен жұмыс жасап жүрген оқушыларға мұндай киім ілгіш жасау онша қиынға соқпайды. Ағашпен, металмен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері болады. Мұндай киім ілгішті оқушының өзі киетін киімінің өлшеміне сәйкес баклашка құтысын пайдалана отырып киім ілетін ілгішті жасап алуына толық мүмкіндік бар. Кез келген уақытта өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы, оған қосымша екі баклашка қақпағын алса, туристік пақоттарға шыққанда оған су, қымыз, қымыран тағы да басқа сусын құйып пайдалануымызға өте ыңғайлы, өйткені киім ілгіш жиналмалы болып жасалынған. Киімнің көлеміне қарай баклашка құтыларын ауыстырып пайдалануымызға болады.
Жұмыс барысындағы нұсқаулар.
1. Жұмыс барысында оқушылардың жұмысын тексеріп, қателерін түзету, кемшіліктерін айту.
2.Әрбір жұмыстың орындалуына қарай әдістемелік нұсқаулар беру.
ІҮӨзіміздің жобамыз бойынша
Қазіргі жағдайдағы нарықтық есеппен істеген жұмысымыздың құны
Базарда бағасы жоғары
Өз қолымызбен жасауға болады
Қолдануға ыңғайлы емес
Жасауға мүмкіндік бар
Киім ілгіш
Тұтынушыны
қанағаттандыр-майды
Экономика-
лық шығын көп емес
Өзіміздің жобамыз бойынша
Қазіргі жағдайдағы нарықтық есеппен істеген жұмысымыздың құнын есептеп көрейік.
Бұйым негізгі төрт бөліктен тұрады – бакалашка құтысы, қақпағы, ағаш , сым темірден тұрады.
Бакалашка құтысы 210 мм, ені 60 мм
Темір ұзындығы 150 мм , қалыңдығы 03 мм
Бакалашка қақпағы 2 дана
Бакалашка құтысы 2 дана
Бұранда шеге 4 тал
Ағаш 15 теңге
Сым темір 20 теңге
Бекіту шегелері 12 теңге
Істелінген жұмыс - 60 теңге Киім ілгіш бағасы: 107 теңге
Сабақты пысықтау
1.Киім ілгіш не үшін қажет?
2.Киім ілгіштің қандай түрлерін білесің?
3.Кәзіргі қолданыстағы киім ілгіштен айырмашылығы қандай?
4.Істелінген жұмысқа қаншалықты материал кетті деп ойлайсыңдар?
5.Бұл киім ілгіштің айырмашылығы неде?
Сабақты бекіту.
Оқушылар, бүгінгі сабақта біздер киім ілгіштің жасалу технологиясын үйрендік және оны қай жерде, не үшін қолданатынымыз туралы ақпарат алдық, осы алған білімдеріңді өмірде қолдана біледі деген сенімдемін.
Ү.Сабақты қорытындылау.
1.Әр оқушы өздерінің жасаған жұмыстарына талдау жасайды.
2.Қандай құралдарды пайдаланғанын айтады.
3.Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ереже.
4.Жұмыс орнын тазалау, жинастыру, істеген жұмыстарын әр топ мұғалімге тапсыру.
5.Оқушының жұмысын бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма беру. Киім ілгіштің жасалу технологиялық картасын сызу.