Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік күніне" 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік күніне" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, Патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін қажеті бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
1805
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


51 Ж.Қауалов атындағы жалпы орта мектеп

8-сынып









Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

«Қазақстаным – жүрегім, Түркістаным - тірегім»











Дайындаған: 8-сынып жетекшісі Абишева Ж.











Құрлық 2018ж.




Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы»

Мақсаты:

1) Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Көп ұлтты Қазақстанның әрбір азаматын біздің ортақ үйіміз Қазақстанда халықтар арасында достық сенім, келісім және тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу.
3) Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу.


Көрнекілігі: еліміздің рәсіздері, буклеттер,оқушы жұмыстары
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті».

Барысы:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 26 жыл. Осыған байланысты оның қадір - қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Сабағымыздың шарттарымен таныс болайық.

1. Мақал - мәтел айту
2. Оқушылар өз жұмыстарын қорғау

3. Өз ойларын жазу «Мен тәуелсіз елдің азаматымын»
4. Тілек айту

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді ата - бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»- деген.

І бөлім. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал - мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Мақал - мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал - мәтелдеріңізді айтыңыздар).

ІІ бөлім. Сұрақ - жауап
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
Жауабы:
2. 1919 - 1925жж. Қазақстанның астанасы - Орынбор қаласы,
3. 1925 - 1929жж. Қызылорда қаласы.
4. 1929 - 1997жж. Алматы қаласы.
5. 1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
6. 1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.



Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

Теңесті халқың терезесі тең елге.

 

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы.

 

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.



3. Бөлім. 16 желтоқсан Тәуелсіздің күніне орай әр оқушы өз ойларын жазу «Мен тәуелсіз елдің азаматымын»


4. Бөлім. Тәуелсіз Қазақстанға тілек айту


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!