Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тегін келген жоқ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тегін келген жоқ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға ашық тәрбие сағатын өткізуге септігін тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






















Тақырыбы: Тәуелсіздік тегін келген жоқ


Орындаған: Полатова Гүлмира










2018/2019 оқу жылы

Тәуелсіздік тегін келген жоқ

Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
2. Желтоқсан оқиғасының 27 жылдығы жайлы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беріп, білімдерін арттыру.
Міндеті: Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір– қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Желтоқсан желі», «Көк тудың желбірегені» әндері, «Тәуелсіздік құрбандары», «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыптарындағы слайдтар мен бейне материалдар, «Тәуелсіздік монументі» суреті, Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер.
1- жүргізуші: (Ақтеңіз) Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік тегін келген жоқ» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға жалған жала жабылып, түрлі айыптаулар тағылды.
2
-жүргізуші: (Бағлан) 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары орыстардың қанауына ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өтті. Өмір өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмастай сақталып қалады. Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым ету, құрмет көрсету біздің ұлы міндетіміз. Ендеше сол желтоқсандағы боздақтардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

1-жүргізуші: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындықты,

Өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған сұмдықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

Қасқалдақ ұшып  көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы,

Сары жез болып шыққан күн.

Хор. 5-сынып оқушылары. Желтоқсан желі

2-жүргізуші: 1986 жылдың 16-желтоқсаны Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17-сі мен 18-і күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС болды. Өйткені, қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, азаттық әлі орныға қойған жоқ еді.

Алайда М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар “Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрылудың арасындағы айқын қайшылықтың” бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем иең еместі. Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, күрекпен, иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және қару-жарақтармен жасақталған әскерге қалай төтеп берсін? Басқыншылық дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншыды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан суйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандары, қаһармандары елі мен жерінің тәуелсіздігі үшін жанын қиды, жараланды, сотталды.

Келесі кезекті 5-сынып оқушыларының тәуелсіздік туралы жыр шумақтарына береміз. Қайнар, Альбина, Тұрар, Аққу, Жасұлан

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына 27 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл аты шулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп, қаншасы жазықсыз жұмыстан, оқудан қуылды.

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Жансая Сабитова, Хасен Қожахметов, Сәбира Мұхаметжанова сияқты көптеген батылдарымыз, батырларымыз бар. Өздері құлағанмен, қамалғанмен, олар көтерген жалауларын құлатқан жоқ. Біз, бүгінгі жас ұрпақ, аға-апаларымыздың төккен тер, еткен еңбек, төгілген қанымен келген тәуелсіздіктің туын құлатпауға міндеттіміз. Сіздерге мың тағзым тәуелсіздік құрбандары!

2-жүргізуші: Келесі кезекті тәуелсіздікке арналған бейне материалға береміз. Назар аударыңыздар! Тамашалағандарыңызға рахмет.

1-жүргізуші: Қазақ биі. Альбина, Мөлдір, Аққу.


2-жүргізуші: Тағыда 5-сынып оқушыларының өлең шумақтарын тыңдайық. Ақтеңіз, Мөлдір, Мирас, Қарлығаш, Дияс.

Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз, балаң да.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.

Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіне тағзым етем қашанда,

Тәуелсіздік алып берген Алыптар!

1-жүргізуші: 5-сынып оқушылары, көрініс: Қайдасыңдар, «құйынның» құрбандары?

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жеті жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасалды. Еліміздің білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

2-жүргізуші: Келесі кезекті 5-сынып оқушыларына береміз. Тұрар, Альбина, Жарқынбек.

1-жүргізуші: Ән «Мәңгілік ел». Бағлан мен Қайнар

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып ресми түрде мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші-айдаһардай айбарлы- Қытай, сонан соң Ұлыбритания мемлекеті мойындады. Одан кейін Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран мемлекеттері мойындаған болатын. Иран-Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет.
2
-жүргізуші: Тәуелсіздік күні Еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау, қуанышқа толы ұлы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Мен қазақпын-мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім
-күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Жұбан Молдағалиев атамыздың осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37-жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, желтоқсан көтерілісі: Міне, тәуелсіздіктің құны осындай.

1-жүргізуші: Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.
Тәуелсіздік ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт
-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсздік- ғасырлар бойы қаншама ұлтқа арман болды. Сол арманға біздің халқымыз қол жеткізгеніне міне бүгін 27 жыл толып отыр.

2-жүргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда-тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

- Біз өз Отанымызды шексіз сүйеміз!
- Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз!
- Біз өз тәуелсіздігімізді мәңгі сақтаймыз!

- Біз өз еліміздің бақытты ұланымыз!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгі биік болсын, еліміздің тыныштығы бұзылмай, көк аспанымызда туымыз мәңгі желбіресін.

1-жүргізуші: Хор: Көк тудың желбірегені. Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік тегін келген жоқ» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға алғыс айта отырып, барлықтарыңызды тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай келе, ұстаздарға сөз береміз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!