Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға,мектеп ұстаздарына,сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
878
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


17 орта мектеп КММ








Тәрбие сағаты


Тақырыбы: "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!"







Сыныбы: 11 «Ә»


Жетекшісі: Сарсенова Балым.
















2020-2021 оқу жылы


Тәрбие сағаты: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Мектеп: №17 орта мектеп КММ


Күні: 15.12.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенова Балым


СЫНЫП: 11 «Ә»

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу -тәрбие

мақсаттары


Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Ресурстар

Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті. 

Құндылықтар

Мәңгілік ел. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік пен келісім. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.


Тәрбие сағаттың басы

Интербелсенді тақтадағы жазу:

Қазақстан туралы не білеміз?

Мен Қазақстанда тұрамын.

Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.

Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. 
Мұғалім сөзі:

Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Міне тәуелсіздік алғанымызға осы жылы 28 жыл толады.

Нұрсұлтан:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. 
Мерейің құтты болсын Қазақстан! 
Ғасырлар тойы болшы келе берер! 
Құндыз:

Мерекең құтты болсын егемен ел, 
Терезең барлық елмен тең ерен ел. 
Бабалар мәңгі бақи арман еткен, 
Теңдікті,бостандықты иеленгендер. 
Аяжан:

Бостандық құтты болсын ерікті ел, 
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер 
Бостандықты аңсаған батырлардың 
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер. 
Ән «Отаным - Қазақстан» 
Адия:

Егемен елімнің ертеңі деп, 
Елбасы баға берді жастарыма 
Оқу оқы, білім ал, елің үшін 
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма. 
Жандарбек:

Халқымның мақтанышы - алып тұлға.

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға 
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған, 
Ұқсайды менің асқақ арманыма. 
Жандос:

Ел болдық егеменді, теңдік алып, 
Бар әлем қазақ елін болды танып 
Қайнауы кенге толы Қазақ елі, 
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып. 
Нұршат:

Ел болдық ерік алдық астаналы 
Енді кімнен қазағым жасқанады? 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, 
Нұрсұлтанның атымен басталады. 
Сүндет:

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан 
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан 
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп, 
Көркейген елім менің – Қазақстан! 

Слайд

Желтоқсан құрбандарының суреттері


Сабақтың ортасы

«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі. 
Жандарбек: «Астана» суреті 

Көз қуанып күн сайын көркеміне, 
Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан – алып ел, төрі Астана, 
Таңым ғана лайық ел төріне. 
Нұрсұлтан:

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, 
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз 
Ел намысын ешбір жанға бермейиіз, 
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз. 
Ақжүніс:

Отаным – Қазақстан туған жерім, 
Мұнай мен газ болады асыл кенім 
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан, 
Артамыз елбасына үлкен сенім. 
Алина: тудың суреті

Ұлттық өрнек мұрамыз 
Адастырмас мұраттай 
Нық көтеріп тұрамыз 
Жалауды біз құлатпай.

Кәусар:

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. 
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті. 
Гүлден:

Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім. 
Биік ұстау Туымды- 
Қасиетті борышым. 
Әділбек:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтере ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. 
Қарақат:

Желбірейді шалықтап 
Қазақстан жалауы 
Көкке қыран қалықтап, 
Қанат қағып барады. 
Жандос:

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың 
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын 
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп 
Алатаудай көкке өрлеген азатпен 
Шәмші:

Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып ақ 
Тұлпар барда қанатты 
Шайқалмасын шаңырақ. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!