Материалдар / Тәрбие сағаты: "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2022
6407
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып сағаты:

Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет

Күні:

02.09.2022 ж

Сынып жетекшісі:

Рахимова Д.Т

Сынып: 2 «Ә»

Қатысушылар саны:6

Қатыспағандар саны:

Сынып сағаттың тақырыбы:

Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Отан-отбасынан басталады», «Еңбек түбі береке»

Сынып сағаттың мақсаты

білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

Құндылықтарды дарыту


Ресімдеу

Слайд

Музыкалық және бейне көркемдеу

Презентация

Үлестірмелі материалдар

Суреттер, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Кітаптар,презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сынып сағаттың барысы

Сынып сағаттың кезеңі\ уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ата-аналар!(Танысу сәті)

Шаттық шеңбер.

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Есімдер аллитерациясы әдісі.

Мақсаты: Ата-аналармен оқушылардың жаңа сынып жетекшімен танысу.

Шарты:Ата-аналар мен оқушылар ты ұстап есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.

Әр сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?

Танысып болсақ сынып сағатымызды бастаймыз.


XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

Оқушылар мен ата-аналар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  

орындарына отырады.





Презентация





Шар




















Презентация




Сынып сағаттың басы

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Елбасымыз кім?

-Елордамыз қай қала?

-Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

Балалар біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар:

«Отан сөзін» қалай түсінесіңдер?

«Шатасқан әріптер» ойының ойнап көріңдер.

Отан - отбасынан басталады деген мақал шығады.

-Балалар, Отан отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптары)

Отбасы кімдерден құралған?

-Дұрыс айтасыңдар. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отанымыздың, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

-Жақсы, сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін келесі тапсырманы орындайық.

Боя:

-Қазыр сендерге ақ парақтар таратамын жұппен отырып бояйсыңдар. Бояп болған соң шықан суреттердің кескіндерін топтарында талқылап, тақырыбын анықтайсыңдар және топтан 1 бала шығып қорғайсыңдар. Әр баладан кейін өзім толықтырып отырамын.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл суреттер біздің кіші Отанымыз қаласына байланысты болатын.

-Балалар,шаршап қалған боларсыңдар. Бір сергіп алайық. Олай болса қазыр, бәріміз кіші Отанымыз Балқаш қаласының жаңбырының жауысын салып көрейік.

1.Алақанды уқалау

2. Қолды шатырлату

3. Тізені ұрғыштау

4. Қолды шатырлату

5. Алақанды уқалау

-Ал сергіп алған болсақ,келесі тапсырмамызға көшейік

Қазақстан

ҚЖ.Тоқаев

Нұрсұлтан

Қазақ тілі

Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран




Мақал-мәтелді құрастырады




Сұрақтарға жауап береді.


Сынып сағаттың ортасы

Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
Әңгімелесу

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
-Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар?
(Жақсы жарайсыздар!)

«Тұжырымдама карта» әдісін пайдалана отырып, оқушыларға «Еңбек» сөзіне жыл мезгілдеріне қарай еңбектің түрлерін жазып шығу және қорғау тапсырылады.

-Өте жақсы,балалар. Бұл мәліметтердің бәрі үлкен Отанымыз Қазақстан, еңбексүйгіштік туралы болатын. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын білімді ұрпақ деген болатын . Сондықтын әр оқушы білімді болуға, әр адам,өз Отанын қорғауға, сүюге және оның өркендеуіне өз үлестерін қосуға міндеті.

Мәтінді мұқият тыңдайды




















Мұғалімнің сұрағына жауап береді












Оқушылар еңбек түрлерін жазып, қорғайды.


































Қағаз, қалам

Сынып сағаттың соңы

Рефлекция:

«Өрмекші тобы».

Мақсаты:

Мерекемен таныстық туралы пікірлерін ортаға салу.

Құрметті ата-аналар, оқушылар. «Өрмекші тобы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, сынып сағаттың барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Бүгінгі «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты сынып сағатымыз аяқталды.

Ата-аналармен оқушылар шеңбер құрып, тілектер айтады.













Қоштасады

Жіп




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!