400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Тұсаукесер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Даму интелектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп – интернаты










Тақырыбы : «Тұсаукесер»









Тәрбиеші : Ошақбаева А .А





Алматы ,2018ж

Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер
Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Тұсаукесер ұғымымен таныстыру ,ұғындыру ,түсіндіру.

Түзетушілік : Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ,ой өрісін кеңейту

Тәрбиелік. Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың кѳрнекілігі: слайд, суреттер интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: түсіндіру ,әңгімелесу ,сұрақ – жауап .

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу !

ҚР әнұранын айту .

Оқушылардың зейіндерін тұрақтандыру .


Жаңа сабақ : Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным

Слайд арқылы суреттер көрсетіледі .

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашу әкеледі. Олар шашуын дайындап тұрады. Бұрындары баланың тұсауын алып еткізіп өткір сапымен кескен. Баланың келешегіне қайшылау болмасын деп қайшымен кеспеген екен. Тұсау кесердің алдында баланың қолына ерекше бір сыйлық ұстатқан. Сосын жиналған жұртқа қарап, балаға бата – тілегін айтатын болған. Ел «Әумин» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған аға - әпкелері сәбиді «қаз - қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кесетін адам өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны жөн. Керсінше жүріс - тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын баланың әке - шешелері қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өзінің сый кәделерін жасайды. Тұсауды кескен сапы не пышақ иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті сол топтағы жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді
Осы кезде шашу шашылады, тұсау кесер жыры айтылады.(Бұл тұсау кесу жырын бір адам жеке дауыспен немесе жиналған жұрт қосылып айтады.

Сергіту сәті :

Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз.
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

Интерактивті тақта арқыл кішкентай баланың тұсауын кеске видеосы көрсетіледі

-баланың аяғына не байлады?

- баланы кім жетелеп келе жатыр

Тағы басқа видеоға байланысты сұрақтар қойылады
Қорытындылау:

Балалар,бүгін біз«Тұсаукесер» тақырыбын өттік

- не үйрендік

- не істедік



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қыркүйек
1685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі