Материалдар / Тәрбие сағаты Ұлт пен дін тұтастығын сақтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Ұлт пен дін тұтастығын сақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың дінге деген дұрыс түсінігін қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2020
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕББМ «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі»


БЕКІТЕМІН

ОТЖ жөніндегі директордың

орынбасары

__________ Ж.К.Балуанова

__ ________ 20___ ж.








Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Ұлт пен дін тұтастығын сақтау ”










Өткізген: ВТ-11 топ оқушылары

















Орал. 2019

Тақырыбы: «Ұлт пен дін тұтастығын сақтау»


Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға діни дәстүрлерді, оның тәрбиелік мәнін ашып көрсету арқылы ұғындыру.

Тәрбиелік мақсаты: Жастардың дінге деген дұрыс түсінігін қалыптастыру, терең ойлауға, білімдерін терең дамытуға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, кішіпейілділікке баулу.

Әдіс-тәсілі: Бейнеролик .

Өту барысы: «Дөңгелек үстел» құру. Оқушыларды отырғызу.


Жоспары:


І. Ұйымдастыру.


ІІ. Кіріспе сөз.


- Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Онымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде әртүрлі болып келген. Сондықтан «дін» дегеннің не екенін танып, білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік. Елімізде жүзден астам этностар мен ондаған діни бірлестіктер бар. Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген:

«Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Адамның қандай діни сенімге енуі оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде Президент Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» деген Қазақстан халқына жолдауында: «Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ»,- деген болатын.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Қазіргі Қазақстанда 49-конфессия, деноминация мен әртүрлі христиандық миссиялар жұмыс жасайды. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңмен реттелген.

Қазақстанда үш әлемдік дін кең жайылған: будда діні, христиан діні, ислам діні.

Жалпы дін ең алдымен, адамның өз Отаны үшін мақтаныш сезімін оятуға, өз халқына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, оның дәстүрлері мен салттарын құрметтеуге, патриотизмін оятуға қызмет етуі тиіс.

Бәріміздің де мақсатымыз ортақ – бізге тыныштық, бірлік қажет. Жастарымызды имандылыққа, кішіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында бүгінгі кешімізді «Дін және жастар» деп атадық.

Бізді мазалайтын не нәрсе:

  • Діннің терең мағынасын түсініп, одан алар ілім қандай?, сонымен бірге елімізге жан-жақтан келіп, қаумалап кіріп жатқан діндердің толастар шағы бола ма?


III. Анкета сұрақтары:


  1. «Дін» деген ұғымды қалай түсінесіз?

  2. Ораза ұстау міндетті деп ойлайсыз ба?

  3. Жастардың өзге дінге кіруіне қалай қарайсыз?

  4. Егер біреу сізге ақша, сыйлық ұсынса, ол бір ұйымның адамы болып шықса, сіз соны біле тұра ұсынған нәрселерін алып, сол ұйымның мүшесі болар ма едіңіз?

  5. Мешітке барып тұрасыз ба?

  6. Ата-анаң үйде дінге қатысты қандай әңгімелер айтып береді?

  7. Дін туралы газет-журналдар оқисыз ба?

  8. Өзіңді қандаймын деп ойлайсың?

  9. Дінге сенесің бе?



ІV. Қорытынды.


Оқытушы: Қазіргі қоғамдағы әртүрлі теріс ағымдар мен нашақорлық ұрпаққа кері әсер беретін жаманшылықпен күресудің басты жолы – ата-бабамыздың мұра еткен имандылық тәрбиесі.

Имандылықтың басты белгісі – адамгершілік, ізгілік, кісілік.

Ұлы данышпан ақынымыз Абай Құнанбайұлы былай деген: «адамның бойындағы үш асыл қасиет – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Ал, «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, надандық, еріншектік, залымдық. Осыдан қашпақ керек» деген екен.

Оның осы айтқандары нақыл, өсиет түрінде адамгершілікке, ізгілікке баулуды меңзеген.

Дінімізді құрметтеп, сыйлай отырып, жақсысын бойымызға сіңіріп, келер ұрпаққа өнеге болайық.

Еліміздің аман, жеріміз тыныш болсын. Бәріңіздің имандылыққа шақыратын игілікті істеріңіз жемісті болсын!








Топ жиналысының № ___хаттамасы

ВТ-11 тобындағы “ Ұлт пен дін тұтастығын сақтау ” атты тәлімгерлік сағаты


05.09.2019ж.

Қатысқандар: ВТ-11 топ оқушылары, және

топ тәлімгері Шапенова А.Б.



КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. «Ұлт пен дін тұтастығын сақтау» тақырыбындағы топ оқушысының баяндамасы



ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібі бойынша топ Оқушысы Гиззатов. Р. «Ұлт пен дін тұтастығын сақтау» тақырыбында баяндама оқыды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, өздерінің дінге деген көзқарасын да айтты. Дін туралы видеокөрсетілім көрсетіліп, нақыл сөздер, мақал мәтелдер айтылды.


СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

  1. Кусаинов Р.М. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын десек, болашағымыз балалар өз қолымызда.Олай болса Алламыз бен Пайғамбарымыз бір деп, өз-өзімізді аздырмай, бірімізге-біріміз бауыр болып, Туымызды асқақтата берейік.

  2. Дүйсенбай Е.Қ: Мәңгілік болуы үшін барлығымыз еңбек сіңіріп, дінге көзқарасымызды бағалай білейік.

Болатова А.Т: Оқушылар діни топтардың мақсатымен талаптары туралы жан-жақты мағлұматтар алып, ойлау қабілеттері , рухани мәдениеттімізді өзгеден жетік біліп, білім мен тәрбиені негіз ете отырып. Рухани, дамыған мемлекетіміз дамуына үлес қосқан ашық сабақ «өте жоғары» деңгейде өтті.


ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:


  1. Дінімізге қаяу түсірмей бабамыз қалай бізге жеткізсе, біздерде солай ұрпаққа адал етіп, аманат етуіміз керек.




Топ тәлімгері__________ Шапенова А.Б.

Хатшы: ____________Шұғай Ж.А




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!