Материалдар / Тәрбие сағаты: Ұрпаққа Ұран болған Ұлы Жеңіс!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Ұрпаққа Ұран болған Ұлы Жеңіс!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: Ұрпаққа ұран болған болған Ұлы Жеңіс!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2023
463
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!

Мақсаты:Ұлы Отан соғысының батырларын дәріптеу,еңбектерін өскелең ұрпаққа түсіндіру,еске алу.


Эльнара.1 - жүргізуші: Халқымыздың зердесіне 1945 - жылдың 9 мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн.
Береке.2 - жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс күні.Биыл көпұлтты Қазақстан әлемдегі бүкіл адамзатпен бірге үлкен мерекені фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 78 жылдығын атап өтеді.

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні әрқашан біздің тарихымыздағы қасиетті мерекелердің бірі болып қала береді.

Үкілім:

Келмесін енді қайтіп қанды алапат,

Кешегі ел басына төнген апат.

Бір минут үнсіздікпен еске алайық,

Ерлерді Отан үшін болған апат.

Эльнара.1 - жүргізуші:

Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

Орындарынан тұрып,үнсіздік жариялайды.

Әдеби-монтаж 1-бөлім

Береке:

Бұлт торлады аспанды,

Қара жер қанға ластанды.

Зеңбірек атып жан-жақтан,

Осылай соғыс басталды.

Бекасыл:

Сұм соғыс тұтқиылдан салды да ойран,

Дүркіреп өтті кеше қанды майдан.

Бұйырмай туған жердің топырағы,

Боздақтар қиыр шетте қалды қайран.

Нұрасыл:

Соғыс деген қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы?

Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?


Айдана:

Еңіреп әке қалды, ана қалды.

Сүйген жар, бесіктегі бала қалды.

Күйзеліп әр шаңырақ қара тұтып,

Күңіреніп ұлан байтақ дала қалды.

Медина:

Соғыс деген- аққан соры ақсүйектің, құлдың да,

Соғыс деген- төккен ары ұлдың және қыздың да.

Соғыс деген- сотқарлардың қолындағы найзасы,

Соғыс деген- соғыс деген- зұлымдықтың айнасы.

Ералы:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.
Нурали:

Зуылдап жылдар өтсін, ғасыр өтсін,

Өшпейді салған ізі қасіреттің.

Тарихтың беттерінде мөлдіреп тұр,

Сорғалап көзден аққан жасы көптің.

Рамазан:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құрал

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Алина:

Еске алып туған жер, ана жарын

Биік ұстап абырой, намыс, арын.

Отан үшін аянбай соғысты олар

Кеудесінен ұрса да отты жалын.

Аружан:

Қамықпаған қиындықтың түбіне,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.

Сымбат:

Жеңіскерлер – әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа

Мерей тапты сол әнмен ел еңбегі


Айсұлтан:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Монолог «Мен Мәншүкпін»

Аружан.Жүргізуші:

Қара көз қазақ қызы Мәншүк батыр,

Орнатқан дұшпанына заман ақыр.

Сұлатқан сан фашисті баудай турап,

Өнегең Отаншылдық сайрап жатыр.

Монолог «Мен Мәншүкпін»

Айсел,Айнара,Ералы,Береке,Айсұлтан.

Жүргізуші:

Аналар қоштасқанда баласымен,
Әкелер қош айтысты асылымен.
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Рамазан.Көрініс: «Ананың баламен қоштасуы»

Бекасыл,Рамазан,Алина,Үкілім,Аружан,Інжу


Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Рамазан.Жүргізуші:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Сымбат,Айнара,Бекасыл.

Солдаттар: Әділ,Нұрасыл,Ақтөре,Әлихан.

Анасы-Алина

Әке-Береке, Баласы-Әлихан

Анаға-Алан.


Әдеби-монтаж 2-бөлім:

Ерхан:

Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр апалар,

Жаттап алғын балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

Әлихан:

Батырлықтың қашанда тұрағы – елі

Жүрегінде батырдың тұрады елі.

Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның

Біз боламыз әркезде мұрагері.

Әділ:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Бекнұр:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Еңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандата жырлаймыз жақсылықты.

Айлин:

Қала қалды қаңырап ,

Ана қалды аңырап.

Түсіп жатты ортаға ,

Жүздеп мыңдап шаңырақ.

Інжу:

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар таптады.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр ел үшін,

Әлия,Мәншүк, Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар.

Алан:

Қырғын соғыс адамзатқа ұлы сын,

Не құрыса- қанды соғыс құрысын.

Дүниеге адам болып келдік қой,

Бақыт үшін, өлең үшін, жыр үшін.

Айсел:

Тыныштық! Жаса, тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көркейе берсін ырыс – құт

Эльнара:

Қия шыңға өрмелеңдер,

Болашаққа батыл бар.

Жеңіс деген өрен ерлер,

Мәңгі өлмейтін батырлар.

Ақтөре:

Әсем әндей, қоңыр күйдей,

Жылдан-жылға жаңғырып.

Жаса, Жеңіс – ел ерлігі.

Сен жасай бер мәңгілік

Айнара:

Жоғалтты біреу анасын

Жоғалтты біреу баласын

Жоғалтты біреу інісін

Жоғалтты біреу ағасын

Жоғалттқандардан сұрағын ,

Ұлы Жеңістің бағасын !

Айналайын:

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

78 жыл- жауыздықтың ажал оғы,

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Эльнара.Жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Жойылсын соғыс!
Болмасын соғыс!
Жойылсын!

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Ақтөре,Әлихан,Бекнұр

Врачтар: Айдана,Медина. Ауырған солдат-Әділ. Алан күзетші солдат.

Оттың жанында:Нурали,Айлин

Аружан,Үкілім,Сымбат-бесік,хат,бөпе

Солдаттар:Ералы,Нұрасыл,Рамазан.





Береке.Жүргізуші:

Келесі кезекте сұрақ бізден,жауап сізден дегендей «Қонақпен сұхбат» айдарын жүргізсек.Қазір сіздерге экраннан сұрақтар шығады,сол сұрақтарға жауап берсеңіздер.



«Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмыт қалмайды»

Аружан.Жүргізуші:

Дүние болған кезде астан- кестен,

Шайқасқан қалың жаудан сескенбестен.

Ұлы Отан соғысының батырлары

Кешегі қан майданды бастан кешкен.

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандық жауынгерлердің 449-ы Кеңес Одағының батыры атанды. Оның 111-і қазақ. Соғыста Кеңес Одағы батыры атағын екі мәрте алған жауынгерлер саны- 62. Оның төртеуі -қазақстандық. Олар:

1.Талғат Бигельдинов

2.Иван Павлов

3.Леонид Беда

4.Сергей Луганский.

«Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмыт қалмайды» Ендеше біздің сынып оқушылары сол батырларымыздың ерлігінен сыр шертсе.


Би «Катюша»

Рамазан.Жүргізуші:

Соғыс басталды. «Катюша» әні осы қиын-қыстау кезеңдерде аман қалуға көмектесті, рухын көтеріп, сарбаздарда сөзсіз жеңіске деген сенімді нығайта түсті. Еске алуларға сәйкес, тіпті онымен нацистер де «қуаттанды» - бұл әуеннің күші мәтінмен ажырамастай біріктірілген қаншалықты жеңімпаз болды! Ендеше ортада сол әнге би ырғағын қосқан біздің сынып қызарын қарсы алыңыздар.

Береке.Хор: «Ұланбыз Отанды қорғайтын»

«Желбіре, көгілдір Ту көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием- дағы,

Айбарың айтсын сөзді адасқанға.»-,дей келе бейбіт,тәуелсіз елдің ұрпақтарының атынан«Ұланбыз Отанды қорғайтын» атты әнді қабыл алыңыздар.

Береке.Жүргізуші:

Өтсе-дағы содан бері қаншама жыл,

Өжет ердің рухы әлі  тірі жүр.

Ескерткіші майдангерге тұрғызған.

Сый-сияпат ұрпағыңның жыры бұл.

Ән: «Жеңіс ғаламат күн!»



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!