Материалдар / Тәрбие сағаты: «Ы. Алтынсарин– балалар әдебиетінін атасы»

Тәрбие сағаты: «Ы. Алтынсарин– балалар әдебиетінін атасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2022
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ы. Алтынсарин– балалар әдебиетінін атасы»

Күні

22.11

Класс жетекші:

Танжарова Ж

Класс: 6 В

Қатысушылар саны:35

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

1.Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.

2.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

3.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

адамгершілікке тәрбиелеу.

Рәсімдеу

Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімеле

Музыкалық және бейне көркемдеу


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Сөздер жазылғын слайдтар

Суреттер, видео,өнегелі сөздер,Ы.Алтынсарин шығармалар

Дайындыққа арналған әдебиет

Энциклопедия

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


-Оқушылармен амандасу

-Ұйымдастыру кезеңі

-Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру:

. Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.

амандасу


Сабақ басы (15 мин)


1.Аялдама «Ой қозғау» Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу Бейне көрініс көрсету.

Мұғалім сөзі:Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді. Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. Балқожа бидің баласына жазған хаты. Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс

ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

Биыл Ы.Алтынсарин атамыздың туылғанына 175 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біздің республикамызда ағартушы, педагог, жазушы, қоғам қайраткерінің есімі: 50 мектепке, Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжіне, Арқалық мемлекеттік пдагогикалық институтына және 1996 жылдан бастап Ұлттық білім академиясына берілген.

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп, жолды салды.

Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен, Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де «Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.


Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,

Күндей күліп өмірің болсын жарқын.

Бас иіп ұлы Ыбырай рухына, Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!

Жас ұрпақ білім алды әр салада,

Алғырлар өнер десе жан сала ма.

«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,

Мәңгілік із қалдырды әр санаға.

Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)

Презентация




























ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА

Ортасы (20 мин)




2.Аялдама «Алтынсарин кім?» постер корғау. Әр топ берілген тақырып бойынша өз ойларын жеткізеді.








3. Аялдама «Ой толғаныс» Ыбырай шығармашылығы кесте толтыру Әр топ берілген кесте бойынша берілген өлең үзінділерінің мағынасын айту


4. Аялдама «Ыбырай атама хат» эссе жазу


5.Аялдама «Кері байланыс» оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады


І топ «Ыбырай дың өмірбаяны»


ІІ топ « Ыбырай ағартушы педагог»


ІІІ топ «Ыбырай қоғам қайраткері»


Топтарға үзінділер таратылып, кесте толтырады










Слайд

Слайдтарда сұрақтарды көрсету.













Интерактивті тақтамен сайыс

Соңы (5 мин)




Қорытынды:

Қорытындылау: Біз, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ