Материалдар / Тәрбие сағаты "Ыбырай Алтынсаринның 180 жыл мерейтойы" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ыбырай Алтынсаринның 180 жыл мерейтойы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
7631
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Талапкер ауылының жалпы Мектеп директорының тәрбие

орта білім беретін мектебінің ісі жөніндегі орынбасары:

директоры: Абеева С.Х Хамзина Г.А

________________________ ________________________

«__»______________2021 ж. «__»______________2021 ж.



Тәрбие сағаты

Ыбырай Алтынсаринның 180 жыл мерейтойы



Сынып жетекшісі: Біләл Е.Қ.

Сыныбы: 4 «З»



2021-2022 оқу жылы

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген іс-шара бойынша

Ақпарат

Қыркүйек айының 20-күні 4 «З» сыныбында «Ыбырай Алтынсаринның 180 жыл мерейтойы » атты тәрбие сағатының ақпараты.

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд.

Picture 1

Күні

20.09.2021

Тақырыбы

Ыбырай Алтынсаринның 180 жыл мерейтойы

Мақсаты

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды танысу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Көрнекі құрал-жабдықтар

Стикер,қарындаш, суреттер.

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті



Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)


Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.



Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады



Сабақтың басы

1.Аялдама «Ой қозғау» Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу Бейне көрініс көрсету.

Мұғалім сөзі:Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді. Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. Балқожа бидің баласына жазған хаты. Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай

Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

Биыл Ы.Алтынсарин атамыздың туылғанына 175 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біздің республикамызда ағартушы, педагог, жазушы, қоғам қайраткерінің есімі: 50 мектепке, Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжіне, Арқалық мемлекеттік пдагогикалық институтына және 1996 жылдан бастап Ұлттық білім академиясына берілген.

  •  



Слайдта бейнеленген суреттерге қарап, мәліметтерді тыңдайды



Ми шабуылы (5мин мин)



«Алтынсарин кім?» постер корғау. Әр топ берілген тақырып бойынша өз ойларын жеткізеді.

І топ «Ыбырай дың өмірбаяны»

ІІ топ « Ыбырай ағартушы педагог»

ІІІ топ «Ыбырай қоғам қайраткері»



Оқушылар өз ойларын түйіндейді




Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

«Ыбырай атама хат» эссе жазу.

«Кері байланыс» оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлекция (5мин)

Қорытындылау

Біз, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!