Материалдар / Тәрбие сағаты. Заңды білмеген-зардап шегеді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты. Заңды білмеген-зардап шегеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды сынып жетекшілері пайдалана алады. Сабақ жоспары жоғарғы сыныптарға лайықталып жасалған. Тәрбие сағатында 10-сынып оқушылары өткен тақырыптар бойынша сұрақтар мен жұмбақтар, сөзжұмбақтар берілген. Жоспарда тек құқық пәнінен ғана емес сұрақтар, сонымен қатар логикалық сұрақтар да кездеседі. Жоғарғы сынып жетекшілеріне көмегі тиеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2018
1748
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты. 10-сыныпӨткізген: Абдуллаева Саодат ФахритдиновнаСабақтың тақырыбы: Заңды білмеген – зардап шегеді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, баланың бойында еліне, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы» туралы конвенция, қанатты сөздер.«Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». (Нұрсұлтан Назарбаев)«Заң – мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты» (Шерхан Мұртаза)«Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды» (Хадис. Мұхаммед Пайғамбар)Сабақтың барысы:Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біз «Заңды білмеген – зардап шегеді» атты сайыс ойынын өткізуге жиналдық. Ойын сендердің құқықтық мәдениеттіліктеріңді арттырып, өз құқықтарыңды жетік білуге көмектеседі деген сенімдемін. Сонымен ойынға 2 топ қатысады. Командалар өздерін таныстырып өтсін.1 топ «Азамат». Ұраны: «Азамат атанған адам – өзі туған мемлекетінің міндеті мен құқығына ие».2 топ «Әділет». Ұраны: «Әділеттікті іздесең, өз құқықтарың мен міндеттеріңді біл!»Сайыстың әділ төрелігін беретін қазылар алқасын сайлап алайық. Қазылар:
  • Құқық пәнінің мұғалімі..........................
Оқушылар, енді сендерді бүгінгі ойынның негізгі бөлімдерімен таныстырайын.1-бөлім: «Менің құқықтарым мен міндеттерім»2-бөлім: «Кім тапқыр?» (сұрақ-жауап)3-бөлім: «Сөз шебері»4-бөлім: «Сен білесің бе?» («Ертегілер еліне» саяхат)5-бөлім: Сөзжұмбақ шешу

Жарысушы топтар, енді ойынның «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты І бөлімін бастаймыз. Оқушылар баптарды айтады.Енді ойынның «Кім тапқыр?» атты ІІ бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жүргізуші тарапынан сұрақтар қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер топ жауабын таба алмаса, қарсы топ жауап береді де 1 ұпайға қол жеткізеді. 1 топтың сұрақтары:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы және қалай қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз, Бүкілхалықтық референдум)
  • Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарды? (билер)
  • Заң дегеніміз не? (Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат)
  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау саласын ата. (Прокуратура, Ішкі істер органы, Ұлттық қауіпсіздік органы)
  • «Указ» сөзінің қазақшасы? (Жарлық)
  • «Қазақстан-2030» жолдауы қай жылы қабылданған? ( 1998 жылы)
  • Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? (Тонау)
  • Құқық деген не? (Белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі)
  • Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады? (16 жастан, өте ауыр қылмыста 14 жастан)
  • Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады? (Қылмыс)
2 топтың сұрақтары:
  • «Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? (Тәуке хан)
  • Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (Парламент)
  • «Адвокат» сөзінің қазақшасы? (Қорғаушы)
  • Мына мақалды аяқта: «Ұрлық түбі - ...» (қорлық)
  • Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
  • Біреудің меншігіндегі мүлкін жасырын жолмен алу не деп аталады? (Ұрлық)
  • Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? (Заң)
  • Конституция қанша бөлімнен тұрады? (9 бөлімнен)
  • Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? (Сот)
  • Адам құқығы қай кезден пайда болады? (туылғаннан)
ІІІ бөлім. «Сөз шебері» деп аталатын бөлімде әр топқа мақал-мәтелдердің бөліктерін жинап мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыруы керек. Әр дұрыс құралған мақал-мәтелге 1 ұпайдан беріледі.1 топқа.
  • Ұрлық түбі – қорлық.
  • Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
  • Заңның құрығы бәрінен ұзын.
  • Өтірікшінің құйрығы – бір-ақ тұтам.
  • Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
2 топқа.
  • Ұры байымайды, Сұқ семірмейді.
  • Ақырын жүріп, анық бас.
  • Қазіргі сот – бұрынғы би.
  • Мен ұрлық қылған күні ай жарық болады.
  • Жазасын тартпайтын жамандық болмайды.
Келесі IV бөліміміз «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл бөлімде «Ертегілер еліне» саяхат жасай отырып Бала құқықтары туралы конвенцияның баптарымен таныстыру үшін саяхат айналымын өткізбекпіз. Жауабын дұрыс тапқан топқа 3 ұпай беріледі.Балалар, Конвенцияда қаралған құқықтар жөнінде біршама түсініктерің болуы керек. Енді сен сендерге өздерің білетін ертегілерден үзінді оқимын, сендер конвенцияда қандай құқық туралы айтылғандығы жөнінде түсінік бересіңдер.Бар екен де жоқ екен,Ерте, ерте, ерте екен,Ешкілері бөрте екен,Қырғауылы қызыл екен,Құйрық жүні қызыл екен.
  • «Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстамақшы болып баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Иә, Конвенция 37 бап)
  • «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан ажырап қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады. Бұл жерде қандай құқық бұзушылық туралы айтылған? Бала құқығы бұзылды ма? (Иә, Конвенция 9 бап)
  • «Тазша бала» ертегісінде хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен қырық өтірік әңгіме айтып, өлең құрастырып халқын, ханын риза қылды. Бұл жерде қандай құқық туралы айтылған? Бала құқығы бұзылды ма? (Жоқ, Конвенция 13 бап)
  • «Ұр, тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс қазанын», «Құс есегін» тоқпақтың көмегімен қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар? Бала құқығы бұзылды ма? (Иә, Конвенция 2 бап)
5 бөлім Сөзжұмбақ шешу. Бөл бөлімде сөзжұмбақтың шешімін дұрыс тапқан топқа 5 ұпай беріледі.1 топқа «Құқық» сөзін шешу
Қ









Ұ







Қ











Ы















Қ











  • Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу, мақаралау не деп аталады? (Қорлау)
  • Біреудің меншігіндегі мүлкін жасырын жолмен алу не деп аталады? (Ұрлық)
  • Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады? (Қылмыс)
  • Адам құқығы қай кезден пайда болады? (Туылғаннан)
  • «Конституция» сөзінің аудармасы?
2 топқа «Азамат» сөзін шешу






А



















З













А

















М









А









Т











  • Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? (Парламент)
  • Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат. (Заң)
  • Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат не? (Бостандық)
  • Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі (Азамат)
  • Жасалған қылмысы үшін қылмыскерлердің жазаға тартылуы не деп аталады? (Жазалау)
  • Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? (Тонау)
Қорытынды:«Батырдың қорғаны қалқаны болса,біздің қорғанымыз – Ата заңымыз».Бауыржан Момышұлының «Азамат жолы – ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өзгенің құқығын бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ұл-қызы болып өсіңдер.Қорытынды бөлімде екі топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!