Материалдар / Тәрбие сағаты:Әлихан Бөкейханов 6сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты:Әлихан Бөкейханов 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлихан Бөкейханов туралы кеңінен ақпарат беру.Сынып жетекшілерге, тарихшыларға көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
2441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2015 жылы 2 – 18 қараша аралығында Парижде өткен Бас конференциясының 38 – сессиясында Алаш арысы, Алаш көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ұсыныс қабылданды. Бұл мәселені 2011 жылы көсемнің 145 жылдығына байланысты өткен халықаралық конференцияда көтерген болатын, - дейді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми – зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы.Саясаттың салқынын көрсе де ұлт жолындағы ұстанымынан таймаған қайтпас қайраткерлердің ерен еңбегі ел есінен ешуақытта шықпауы тиіс. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз.

1-бөлім. «Ә.Н.Бөкейхановтың өмір жолы». Деректі фильм

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - 1886 жылы Қарқаралы уезінде дүниеге келген. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы, ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы,этнограф ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

2-бөлім. Алаш ұраны.

Жанын аямай, соңғы демі таусылғанша халқым, елім, жерім деп кеткен қазақтың бір туар тұлғаларына тағзым ете отырып, мына жыр-шумақтарды арнағымыз келеді.

Шайқалды сан мәрте

Елімнің тұнығы.

Қазағым, асылым –

Көк түрік сынығы.

Торлап ап тұрғанда

Ұлтымды азап-мұң,

Оятпақ болыпты

Ұлдары қазақтың.

Әлихан, Мұстафа,

Ахмет, Міржақып

Орнатпақ болыпты

Халқына нұр бақыт.

Күресті атсын деп,

Елінің ақ таңы.

Алаштың айбынды,

Асылдай ұлдары,

Зиялы жүректі,

Қорғаны тұлғалы

Сын жерде елінің намысын сатпады.

Бақытқа жетсін деп

Келешек ғасырлар,

Елінің ертеңін

Ойлады асылдар.

Еске алса ұрпағы,

Кеудеге өрт толды.

Алаштың ұлдары

Ақ жолда мерт болды.

Күн туды күлімдеп,

Асылдар аңсаған.

Ұрпағы бүгін кеп,

Ақ таңын қарсы алған.

Қыранды көк байрақ

Биікке көтерді

Елтаңба – қос пырақ

Алысқа жет енді.

Алаш ұраны

Алаш туы астында,

Біз – Алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған.

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған.

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған,

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Қолдайтын Алаш бабамыз.

«Туысқандық», «теңдік» деп,

Туын қолға ап шабамыз.

Берілгенде тілектер,

Жарылмай ма жүректер

Заң жасайтын орынға,

Жұртпен бірге барамыз.

Қатардан орын аламыз.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында

Куә болсын арымыз.

Көркейтуге Алашты,

Құрбандық біздің жанымыз.

Былай тұрсын малымыз,

Алаш деген ел үшін

Сарыарқаның жері үшін

Бостандық берген ер үшін

Төгілсін біздің қанымыз.

Аялмасын жанымыз

Жасасын,Алаш, жасасын.

Алаш туы астында

Өлсек, бірге өлдік біз

Не жақсылық, не қайғы

Көрсек бірге көрдік біз

Ішкі жанжал таласты

Күншілдікпен қарасты

Мына жерге көмдік біз

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз

Енді ешкімнің Алашты

Қорлығына бермейміз

Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында

Басқаға көңіл бөлмейміз.

Қандай шайтан келсе де

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз

Бұл заманға жеттік біз

Жасасын, Алаш, жасасын. (Сұлтанмахмұт Торайғыров, 1917 жыл)

Бүгінгі таңда біз Алаш қозғалысының жетекшілері тек ақын, жазушы емес, сонымен бірге әндер де жазғанын біле бермейміз. Қазір алдарыңызда Жүсіпбек Аймауытовтың сөзіне жазылған Міржақып Дулатовтың әнін тыңдай аласыздар. Бұл ән «Алаш ұраны» деп аталады, орындап жүрген Жоламан Құжиманов деген кісі.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық аспаптардың бәрінде ойнайтын шебер орындаушы, сонымен бірге өзі де жанынан ән шығарған айтулы композитор. Екі күйдің авторы.Ахмет Байтұрсынұлының түрмеде отырып «Анама хат» деген әнді жазады.Орындап жүрген Мүбарак Салаков.

3-бөлім.«Жәдігер» .

Әлихан Бөкейхановтың Мәскеудің Әскери – тарихи мұрағатынан алынған хаты.

4-бөлім. «Әлихан Бөкейханов Дон зиратында».

Алаш арысы Әлихан Бөкейханов тағдырдың жазмышымен 1937 жылы 27 қыркүйегінде Мәскеуде атылып кеткен болатын.Бірақ қайда жерленгенін ешкім дөп басып айта алмайтын.Сол жәйт бірнеше жыл бұрын белгілі болды.Жерленген жері Москва түбіндегі атақты Монастырь ауданы аталатын байырғы «Дон зираты» екен. Қызыл империяның қатал заңы сол тұста былай дейді:

«Тело расстрелянного никому выдаче не подлежит, предается земле без всяких формальностей и ритуала, в полном одеянии, в коем был расстрелян, на месте приведения приговора или в каком либо другом пустынном месте, таким образом, чтобы не было следа могилы, или отправляется в погребальный морг».Біз келтіріп отырған деректер Москвада шыққан «Мемориал» қоғамының «1935-1953 жылдар аралығында атылғандар тізімі» кітабында толық келтіріледі.Бұл кітапта 111 адамның тізімі берілген. Солардың қатарында 15- ші болып Әлихан Бөкейханов есімі анық жазылған.Әрі 27 қыркүйек күнгі атылған тұтқындардың өртелмегені, жерге көмілгені айтылады.Бүгінгі айтылғандар Ә.Бөкейхановтың өмірінің бір кішкентай бөлшегі ғана. Бұл ерекше қазақ тұлғасы туралы айта беруге болады, айта беруге болады. «Алаш» партиясының көсемі, шешен, жазушы, қайсар публицисті Ә.Бөкейханов КСРО Жоғарғы сотының арнаулы қаулысымен 1989 жылы 14 маусымда толық ақталды.

5-бөлім. Патриоттық әндер. «Жаса,жаса», «Атамекен»


















































Қорытындылай келе,Алаш қозғалысының көш бастаушылары, негізінен, екі мақсатты - қазақ елін отарлық езгіден азат ету, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!