Материалдар / Тәрбие сағаты:Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Тәрбие сағаты:Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жалпы білім беретін оқу орындарынын 7 сыныбына арналған тәрбие сағаты.Тақырыбы: Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
2452
31 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшіс: Толегенова Б.А.


Тәрбие сағатының жоспары




Тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ

Сынып: 7 «В»

Мерзімі: 18.10.2021

Тобы: 27

Машықкер:Әскерова Айсұлу

Баға: «__ » (_____________)

Баға: «___ » (____________)






Семей 2021

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияның туралы ақпарат беріп оны түсіндіру және оны уақытымен қолдану.

Тәрбие сағатының міндеті:

-Ғаламторға байланысты оқушылардың цифрлық білімдерін нығайту

-Оқушылардың ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

-Оқушыларды ғаламтордың пайдасы мен зияның ажырата білуге тәрбиелеу

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: пікіралмасу.

Әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, видиоролик, постер қорғау, сұрақ-жауап, жасырын қағаз, қызықты ақпарат.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, компьютер,слайд

Көрнекілік: суреттер, әлеуметтік желі белгілері, рефлексия,түрлі түсті конверттер.

Қажетті жабдықтар: стикерлер,қағаздар.

Тәрбие сағатының құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі 1-5 минут

-«Бір бірімізге күлкі сыйлайық» тренингі

- Ассоциация құру

ІІ. Негізгі кезең 30-35 минут

-«Миға шабуыл»

- Видеоролик

- Топтық тапсырма

- Сұрақ-жауап

- Жасырын қағаз

- Қызықты ақпарат

ІІІ. Қорытынды кезең 1-3 минут

  • Рефлексия 1-3 минут


Тәрбие сағатының барысы:


  1. Ұйымдастыру кезең

-«Бір-бірімізге күлкі сыйлайық»тренинг

Слайдта (күн , алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап бір-бірімізбен амандасайық.

-Жүрекшелер шыққан сәтте – бір-бірінізбен құшақтасып амандасасыздар. Алақан шыққан сәтте – бір-бірінізбен қол ұстасып амандасасыздар.Күннің бейнесі көрінсе -бәріміз қолдарыңызды жоғары көтереміз. Смаиликтер шыққанда – бір-бірімізге жмиямыз .



- Ассоциация құру .

Тақтаға әлеуметтік желі тақырыбында ассоциация құрады.

Негізгі кезең

-«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап:

- Ғаламтор желісінде күніне қанша сағат отырасың? Қандай желілерде отырасың?

- ғаламтордан нені қарайсың, не жөнінде ізденесің?

-қандай сайттарға кіресің?


-Видеоролик (оқушылармен бейнероликті талдау)


https://youtu.be/4NbBJW7-x-4


-Постер қорғау

1-қатар:ғаламтордың пайдасы

2-қатар:ғаламтордың зияны

3-қатар:Ғаламтордың түрлері

4-қатар:Ғаламтордың маңызы


-Сұрақ-жауап

Ғаламторсыз бір күніңізді қалай елестесіз?

Ғаламтордың оқушыға тигізер пайдасы?

Ғаламторда ұзақ отыру қандай ауруларға алып келуі мүмкін?


-«Ойлан тап» ойыны

(Оқушылар конверттерді таңдап алып ішіндегі әлеуметтік желілерді сипаттап жазылған сөздер арқылы қай желі екенін табады)

-Сіз ол желіде статус саласыз,адамдармен сөйлесе аласыз,өз контактындағы адамдармен ортақ чат аша аласыз бұл қай желі ?(What's App)

-Сіз бұдан видео ,фото көре аласыз,пікір жазып,лайк баса аласыз,жарнама жасауға болады бұл қай желі?(Instagram)

-Сіз бұл желімен кино көре аласыз,пікір жаза аласыз бұл қай желі?(You Tube)

-Сіз бұл желіден мәліметтер іздей аласыз,ол жерден электрондық оқулықтар табуға болады (Google )

-Қазіргі таңда өте белсенді желі ,бұл желіден қызық видиоларды көре аласыз(Tık Tok)

- Бұл сайттың көмегімен алем жаңалықтарын білуге не жаңалықтармен бөлісуге болады. Оның көмегімен тіпті өзге елдегі жаңалықтың бəрін дерлік білесің.(Facebook)

-Бұл желіден сіз қызық ақпараттар оқи аласыз ,музыка тыңдай аласыз және достар табуға болады (Vkontakte)


-Қызықты мәлімет

Күн сайын WhatsApp-қа 1 млн адам тіркеледі.

Қазіргі таңда 800 млн адам WhatsApp-тың белсенді қолданушылары.Күн сайын 100 млн видео,30 млрд хабарлама жіберіледі.

Google қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады.

Google компаниясының туған күнін ешкім білмейді.Тек басшылар мен қызметшілер оны 27 қыркүйекте тойлауды ұйғарған.

Марк минутына 450 доллар табады.Есесіне айына біздің 12 сағат уақытымызды ұрлайды


ІІІ. Қорытынды


Сонымен балалар,бүгінгі тәрбие сабағымызда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер..

  • Рефлексия

  • «Алма ағашы»


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ