Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы:""Терроризм– ғасыр қаупі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағатының тақырыбы:""Терроризм– ғасыр қаупі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе. Мұғалім сөзі: Оқшылар, бүгін мектебімізде жыл сайын өтетін «Діни экстремизм және халыұаралық терроризм» онкүндігіне орай ашық тәрбие сағатн өткізгелі отырмыз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағатының тақырыбы:

Терроризм ғасыр қаупі»

Мерзімі:

01.12.2023

Сынып жетекші:

Ф.К.Уразаева

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының мақсаты:

оқушыларға қазіргі кездегі қоғамды жайлап бара жатқан түрлі дәстүрлі емес  дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту,  отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

Міндеттері:

  • білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

  • білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;

  • отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

  • сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Ресурстар

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, нақыл сөздер, маркер.

Түрі: тренинг

Әдісі:  сұрақ — жауап, топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.


Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


І.Кіріспе бөлім

10 минут


 Кіріспе. Мұғалім сөзі: Оқшылар, бүгін мектебімізде жыл сайын өтетін «Діни экстремизм және халыұаралық терроризм» онкүндігіне орай ашық тәрбие сағатн өткізгелі отырмыз. Біздің қозғайтын тақырыбымыз  діни  экстремизм. Оның қаупі, онымен күресу және сақтану жолдары туралы түсінігімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар радикады топтар, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы да білімдерімізді арттыра түсеміз.

Сынып оқушылар амандасады.

Кім жоқ екенін айтады




Интербелсенді тақтада тақырып қосулы тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім.

20 минут

Бүгінгі сабақта топтық жұмыс түрлері болатындықтан, сынып оқушыларн жасыл, сары, қызыл карточкалармен үш топқа бөлемін. Тақырыбымызды ашпастан бұрын топқа ортаға мынадай сұрақтар тастаймын. Ойлануға және постер қорғауға 7 минут уақыт беріледі.

ДІН дегеніміз не?

ЭКСТРЕМИЗМ дегеніміз не?

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ дегеніміз не?

Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады.

(Слайд)

     Дәстүрлі діндерде оны ұстанушыларға арналған жасауға болатын және тиым салынған әрекеттер, айтуға болатын немесе айтуға болмайтын жайлар, ішіп-жеуге рұқсат етілген немесе тиым салынған тағамдар түріндегі ұстаным-ережелердің барлығын бағамдаймыз. Сонымен бірге істелуге міндетті парыздар да бар.

    Мұның өзін қазіргі заңнамалармен салыстыруға болатындай. Заңы жоқ мемлекет болмайды. Егер сіз діни шарттарды қатаң ұстанатын тақуа адам болсаңыз, ешқашан өзіңіз өмір сүріп жатқан елдің заңыз бұзбайсыз. Яғни, діни шарттар мен мемлекет заңдарының үндесіп тұрғанын бағамдаймыз.

     Заң не үшін қажет?

    Адамдардың әрекеті мен өмірін реттеу үшін. Сол сияқты дін де Жаратқанның заң болса керек. Онда да мемлекеттік заңдағы сияқты тиым салулар мен рұқсат етілген және істелуге міндетті әрекеттер жүйесі бар. Қандай дәстүрлі дінді алмасақ та, олардың бәрі адамдардың бойында адами жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жамандықтан жерінуге уағыздайды. Егер зер сала қарасақ, мемлекет заңдары негізінен діннен бастау алатындығын аңғаруға болады.

      Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.
Діни экстремизм - қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару,қоғамға қарсы әрекет ету, дінді бұрмалап, жат идеяны белсенді насихаттау,мемлекеттік жүйеге қарсы әрекет жасау. Кез- келген экстремизмнің мәні - өздерінің пікірлеріне  қосылмағандарға зорлық- зомбылық көрсету. Экстремизмнің қауіптілігі сол,ол ұлттар мен діндер арасына от қояды, іріткі салады, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

     Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды.

   Діни - саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді.

   Діни - саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік).

   Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін.

     Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?(Оқушылар өз ойын атады)

   Дін туралы аз білімді, материалдық күйзеліске ұшырағандар, рухани құлдырауға жол берген адамдар.

«Теріс діни ағымның жетегінде кетіп адасқандар» видео.

  Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?

 «Діннен адастырар ағымдар» видео.

  «Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

   «Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.

    «Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

   «Уаһһабилер» Сауд Арабиясында дүниеге келген.   Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды;

2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды;

3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді;

4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды;

5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді.

      Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

Хизбутшылар  мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.

«Нұршылар жамағаты»  Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

   «Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.

   «Қадиян» тобы

Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.

     Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
    Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды.

   «Діни экстремизм-опат болудың жолы» видео

Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.








Оқушылар бір біріне сұрақтар қойып пікірлеседі.




Постер, түрлі-түсті карандаш, қосымша материалдар


ІІІ. Қорытынды бөлім

10 минут

 Қорытынды.


Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.

Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып,

 ата дәстүрін ардақтағаны абзал.

Рефлексия. Әр оқушының қолына бейбітшілік символы – ақ көгершінді беріледі. Оқушылар тілектерін жазып, тақтаға жапсырады.

Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.



Әр оқушы өз түйгенін айтады жазады.

Парақтар, қалам






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!