Материалдар / Тәрбие тал бесіктен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие тал бесіктен

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы кіші жастан тәрбиелеу ,бойларына жақсы қасиеттерді сіңдіру,еңбекке баулу,білімге деген құштарлықтарын арттыру,бауыр,дос деген ұғымды түсіндіру,мейірімділікке,қайырымдылыққа баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты «Тәрбие-біз үшін не өмір,не өлім, не құтылу, не бақыт,не қайғы мәселесі»,-сөзінен белгілі.Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым.

Мен 2012 жылдан бастап балалар үйінде жұмыс жасаймын.Осы жылдар ішінде әр түрлі жастағы балалар келіп түсті.Ұлттары да әр түрлі,қазақ,орыс.Мінездері де әр түрлі.5жастан,18 жас аралығын да болды.Топта кезекшілікпен 4 тәрбиеші жұмыс атқардық.

Ал қазір топта 21 бала.Бізге берілген осы балалардың тағдыры әр түрлі.Отбасынан айрылып,кішкентайынан тағдыр тәлкісіне ұшырағандар.Ал бала тәрбиесінде-отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы.Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі,оның болашақта қандай адам болуы,өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты.Баланың заманына лайық азамат болып өсуі-алдымен ананың ақ сүтімен,абзал тәрбиесінің жемісі.Ендеше осы тәрбие беру ,алдымызға келген балаларға дұрыс бағыт-бағдар,ақыл айту,кеңесу біздің басты міндетіміз.Мен осы мақаламды жаза отырып,өзімнің осы азғантай өміріммен байланысқан балалар үйіндегі бала тәрбиесі жайлы тәжірибемді өзім сияқты тәрбиешілермен бөліспекпін. Балаға үнемі талап қойылу керек.Балаға жаның ашыса,оны аяма-деген сөз бар.Сол сөздің мағынасына тоқтап кеткім келеді.Әр балада тәуліктің 2-3 сағаты ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс,одан басқасында бала сабақта,үй тапсырмасын орындауда немесе тәрбишімен бірге шаруашылық атқаруы тиіс.Осы уақыттар ішінде менің алган тәжірибем де,өзіме түйген кемшіліктерім де бар.Бала тәрбиесіне мән бере отырып,тәрбиеші мынандай қағидаларды ескерсе деймін.

1.Бала сіздің көңіл-күйіңізге жауапты емес.Егер күйзелісте жүрсеңіз,ашуға тез булықсаңыз,өз-өзіңізді бақылау керек.Баланы тәрбилеу кезінде дауыс көтермеген әлдеқайда тиімді.Жүзіңіз мейірім төгіп тұрсын,балаға байсалдылық пен махаббатты үлгі етсеңіз.

2.Балаға ақыл айту үшін,ең алдымен өз тәртібіңіз бен тәрбиеңізді түзеңіз.

3.Тәрбие кезінде көңіліңізге жақпайтын жағдайларды көруіңізге өзіңіздің қандай іс-әрекетіңіз себепші болғанына назар салыңыз.

4.Алдымен рухани жетілуіңізге мән беріңіз.Баланы бейбіт,қарапайым тәсілдермен тәрбиелеу үшін өзіңіз де дұрыс сөйлеу мәдениетіңізді арттырып,көп оқып,көп ізденіп көңіл-күйіңізді үнемі бір қалыпта ұстауға

жеткізетін әрекеттерге ден қойыңыз.Баланың алдында әрдайым салмақты болуыңыз қажет.

5.Баланың әр қылығына ашумен,күйгелектікпен жауап бермес үшін олардан арылу керек.Ол үшін бәрін асықпай жасауды үйреніңіз.

6.Бала сізің талапты баяу қабылдайды,не мүлдем қабылдамай тастайды.Ұрыса берсеңіз, тек кері әсерге тап боласыз.

7.Баланың тәрбиесіне жұмсалатын әрекетіңіздің 95 пайызы жағымды,жүректен шыққан,әзіл араласқан болуы тиіс.

Тәрбиешінің атқаратын міндеті әрине көп.Ол сол баланың өміріне,ортасындағы балалармен қарым-қатынас жасауына,мектепте мұғалімдер мен оқушылармен ара-қатынасына мән беруі.Топта баламен жеке жұмыс атқара отырып,қиындықтар да тап болады.Ашу шақырып,өзінікін дұрыс көретін де бала болады.Мұндайда не істеу керек?

Әрине,бірге айқайласуға болмайды.Өзіңді ұстап,сабыр сақтап балаға жайлап отырып ақыл беру үлкен шыдамдылық.Баланың ашуы тарқаған соң,өзінікі дұрыс емес екеніне көзі жетеді де,кешірім сұрайды.Бұл сіздің жетістігіңіз.Осыдан балада өзгеріс болады,жақсы жағына қарай ауысады.

Тәрбиешінің мынандай кеңестерді ескергені дұрыс.

1.Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет.Сіз тек бұл жұмыстадың орындалуын қадағалауыңыз керек

2.Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындаса да,балаға жүктелетін жұмыстарды өзіңіз орындамауға тырысыңыз.

3.Баланы тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз,баланың сөзін бөліп,оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз.

4.Баланың кез келген қалауын орындауға асықпаңыз.Қоршаған әлемді танып білуге дағдыландырыңыз.

5.Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру.

6.Баланың жетістігін байқап мақтап,мадақтай білу.Оның атқарған ісін жолдастарына үлгі ете отырып,сіз баланың өмірге деген құлшынысын,қызығушылығын арттырасыз.

7.Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқынышына күлмеңіз.Қайта,керісінше,баланың қорқынышын бірге шешіп,сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

Біздің мақсатымыз болашаққа тәрбиелі,мықты азамат тәрбиелеп шығу.Сол себепті бір-бірімізбен тәжірибе алмаса отырып,үйренеріміз де көп деп ойлаймын.







2015ж менің алған тақырыбым « Балалар үйінің тәрбиеленушілерін рухани-адамгершілікке тәрбиелеу».Осы бойынша топта жумыс атқара отырып,кішігірім жинақталған құралымды баспадан шыгарған едім.Басты мақсат бала тәрбиесіндегі ұл мен қыздың ерекшеліктерін ескере отырып,өмірге бейімдеу,бойларына асыл қасиеттерді дарыту,жоғары ұлттық сезімі оянған,өз бетімен ойлауға қабілетті,өз-өзіне сенімді берік тұлғаны даярлап шығару.Сол себеппен түрлі тәрбие сағаттарын өткізіп,сол арқылы балаларды өмірге бейімдеп,кәсіп таңдаумен қатар,болашақ ата-ана екендіктерін сезіндіру.Тәрбие сағаттарым «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі»,біздің халқымызда қыз деген сөздің әдеміліктің,жан-жақты сұлулықтың символы екенін ұғындыру.Ұясында жақсы тәрбие алған ,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтар деген үміттеміз.Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты.Ол адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін.Ол осыны қаласын,иә қаламасын,бұл өмір заңы»-деген.Ұл баланы тәрбилеу ертеңгі абыройлы әке,қадірлі отағасы,ел қорғайтын ер,батыр,ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке,қайсарлыққа,кешірімді болуына,өнерге,білімге,салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбилеу.





Ұл баласы әрине –шаңырақ иесі.Сол себепті тәрбие сағатымның тақырыбы «Ибалы ұл,инабатты қыз-өмір көркі»деп аталды.Жинақ кітапшамда осы тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдер,сұрақтар,ойындар ұсынылған.Осы жылдар ішінде,тек адам баланы тәрбиелеп қана қоймайды екен,ол балалар арқылы өзі де тәрбиеленеді.В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастаған.Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлуді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты,тәртіпті болып келіп,4сыныптан кейін кете бастайтынын түсіндірген.Ересек кезең-бала тәрбиесіндегі ең қиын кезең екендігін айтып, баламен сырласып отыру керек деген.А.С.Макаренко «Тәрбие-баламен сөйлесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде»деген.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін,ар-намысын бағалап,дұрыс сөйлеп,дұрыс қарым –қатынас жасаған абзал.Біздің топта өз тәжрибем бойынша,үлкенді сыйлап,құрметтейтін балалар бар.Мәселен ,атап айтатын болсам Мұратханова Бақтиза,Нұрмухамедов Алішер,Шарипов Мадияр сынды балалар көпке үлгі.Болашақта беделді,қадір-қасиетті арнамысты бағалай білетін азаматтар болады деген сенімдемін.М.Жұмабаев «Педагогика»ғылыми еңбегінде «жас бала—жас бір шыбық,жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»деп түйіндеген.Әрине,қиын балалар да бар.Олармен жеке жұмыс жасай отырып,себебін анықтауға тырысамын.Балалармен қарым-қатынас жасаған кезінде,дұрыс түсінбеушілік,сөзбен мұқату,ашуына тиетін сөздермен балағаттау,дөрекілік көрсетіп күш сынасу болады.Жылдың басында келген кіші топ балалары Кадырханов Р, Жиенбаев Р, Бекшоинов С сияқты балалар,топқа үйренісе алмай көптеген қиындықтар туғызды.Әр қайсысымен жеке әңгімелесе отырып,татулыққа,мейірімділікке,бауырмалдыққа тәрбилеуге күш салдық.Бұл балалардың жастайынан көрген тәрбиелері,ата-аналарының моральға жат қылықтармен өз балаларын теріс тәрбиелегендігінде.Әрқашан ұрыс-керіс,дау-жанжал,бірін-бірі сыйламау сияқты қасиеттерді сезбей тәрбиеленуінде.Мінезі қисық балалар болады.Олардың бойынан ашушаңдық,оқуға деген құлшынысы жоқ қасиет үнемі болып тұрады.Оның себебін білуге тырысамын.Өсе келе бұл қылығын қояр деген ойдамын.Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттарын бөліссем деймін.





1.Әрбір қиын баланы жан-жақты зертеп,мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау,оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиеттерін іріктеп алу.

2.Әрбір баланың адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп,соның негізінде тәртіпті,айналасындағы өмірге көзқарасты,ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3.Қабілеті мен икемдіктерін дамыту,қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4.Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде,талаптар қойылуы қажет,баланың бейім қабілетіне,мінез-құлқына сай шыгармашылық қасиеттерін ұйымдастыру.

5.Қиын баланың әрбір теріс қылығын,істерін, тәртіпсіздігін айыптаса,бұл істер өз нәтижесін береді.

6.Тағы бір әдіс-қиын баланың бағдарын,мақсаты мен міндетін қайта құру.Бұл әдістің құндылық мәні-баланың қателігін түсінуі,өзін-өзі тәрбиелеудің жүйесі.







Қиын бала қайдан шығады? Әрине,тәрбиеден кішкене ғана қателік кетсе еңбегіңнің еш кеткені.Сондықтан менікі,сенікі деп бөлу әбестік.Амал қанша,бәріне де шыдамдылық қажет,білімділік пен біліктілік керек.Баланың жағымсыз мінез-құлықтарын тізбектеп қоймай,жақсы жағымды әрекеттерін де ескеріп,марапаттаудың тәрбиелік мәні бар.Ендеше өз тәжірибемізді бөлісе отыра.бала тәрбиесі біз үшін үлкен мәселе екенін ескерейік.

Қазіргі кезде жеке өзіндік тақырыбым «Балалар үйінің тәрбиеленушілерін рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»Тәрбие жұмысымның мақсаты ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,ар-ожданы мол,мәдениетті,парасатты,Отанын сүйетін іскер,еңбекқор,бойында игі қасиеттер қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.Балалар үйінде,мектепте бала тәрбисіне көңіл бөліп жеткіншек ұрпақтардың білімді,тәрбиелі болып өсуі үлкен жетістік.Ең алдымен баланы еңбекке баулу,сол арқылы рухани дамуына белсенді куш салу басты мақсатымыз.

Биылғы жылы төмен оқитын баламен жұмыс жасау ,маған Жиенбаев Р,Сайбель В бөлінген еді.Соларға жыл бойына мұғаліммен ақылдаса отырып,қазақ тілі мен математика пәндеріне жоспар құрып,жұмыс атқарудамын.Ең бірінші мақсат таблицаны жаттату,тілін дамыту үшін көбірек әңгімелерді мазмұндату.Әдемі жаздыру үшін,диктант,мазмұндама,шығарма жаздыру.Әрине жыл аяғына дейін,бір нәтиже шығару.Сол сияқты,орысша оқитын балалармен жұмыс жасаймыз.Қазак тілі сабақтарын орындауға көмектесіп,білмеген нәрселерін түсіндіріп әрқашан қасынан табыламыз.

Тілге байланысты тәрбие сағаттарын өткізіп,қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып өлең,мақал –мәтелдер,жұмбақ жасырып балалардың мәдениетін,білуге құштарлықтарын арттыру менің басты мақсатым.





Осы жылдар ішінде алдымыздан қаншама тәрбиеленушілер тәрбиеленіп шықты.Олар өмірде өз орындарын тауып,оқу орындарына түсіп жақсы жолдарда жүр деген ойдамын.Әрине,балалар үйінен шығып жаңа ортаға үйренісу ол балаларға да оңайға түспегені белгілі.Биылғы жылы ортамыздан түлеп ұшқан Садыков Шынғыс құрылыс колледжіне түсіп,жатаханаға орналасып жаңа дос тауып,қазір үйреністі. Шакарім атындағы университетінің студенттері Мұратханова Б,Базарбаев М,Дүйсенов С,Шаризанова С,Еремина АОчкалова Я.К Осы балалар үйіне келген кезде мүлдем мінездері басқа еді.Сабаққа ынталары бар,ой-өрісі жоғары болғандықтан жоғары балл алып,оқуға түсіп кетті.Әрине,бұл біз үшін өте қуаныш.

Бесінші топ тәрбиеленушілерінің алдыңғы қатарлы түлектері осы күні Шакарім атындағы университеттің соңғы курс студенттері.Атап айтқанда,Дүйсенов С,Базарбаев М,Байгаскин Е,Сол сияқты оқуларын аяқтап,қызмет саласында жумыс атқарып жүрген түлектер де бар.Олар Асылбек,Арай,Айдын,Дархан,Б Айдын,С Вова сияқты тәрбиеленушілер жақсы маман иелері.Олардың жетістіктерін көру біз үшін үлкен қуаныш.Әрқашан балалар жақсы жақтарымен қуанта берсін деген ойдамын.

«№ 8 балалар үйі»КММ















Тәрбие тал бесіктен

Тәрбиеші: Иықбаева Б.Ш



















Семей 2019 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!