Материалдар / Тәрбие-тал бесіктен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие-тал бесіктен

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесін кішкентайынан қолға алу керектігі жайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2023
292
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие-тал бесіктен
Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін басты назарға алып,сәби дүниеге келген уақыттан бастап ,оның өсіп,бой түзеп ,ақыл-ойының жетілуіне ерекше көңіл бөлген.Тәрбие тал бесіктен демекші әрбір ата-ана перзенттеріне өнеге беруге тырысқан.Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп өз білгендерін үйретіп ,балалары ер жеткенше саналарына тек жақсыны құйып,үлгілі тәлім-тәрбие берген.Ал бүгінгі күні сол тәрбиенің көлеңкесі де қалмай бара жатқан сынды .Оған әке-шеше жауапты ма?  Я болмаса баланың өзі ме?
Қар қылаумен өседі,бала сылаумен өседі деген сөздің жаны бар .Бала жаңадан өсіп келе жатқан шыбық сияқты,оны түзеп ,баптамасаң қисык болып өседі.Біздің бір-бірімізбен жасаған қарым-қатынасымыз ,сөйлегеніміз , жасаған іс-әрекеттеріміз барлығы дерлік түптің түбінде тәрбиеге келіп тіреледі.Дана халқымыз тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған.Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып , әжесі ертегісін тыңдатып ,әкенің қамқорлығына бөленген  бала халқына қалаулы,еліне елеулі азамат болады деп сенген.Иә, шынында да мұндай бала ,жаман болмас .Қазіргі балаларға не жетіспей жүр?  түсінбедім .Баяғыдай тәрбиенің болмауы ,бүгінгі таңдағы ата -аналардың балаларын әртүрлі тәрбиелеуінде деп ойлаймын.Әртүрлі деп отырғаным жаман тәрбие дегенім емес , баланың қалауына қарай берген тәрбиелері . Кез-келген сәби дүние есігін ашқанда аппақ парақтай таза болып келеді.Қоғамға қарай бейімдеу, әке-шешенің жұмысы.Балалар үнемі ауырдың үстімен ,жеңілдің астымен жүргісі келеді.Себебі олар-бала .Ал қиын болса да дұрыс жолға бағыттайтын ол тағы да -ата-ана .Әрине, бұл тұрғыдан беріліп жатқан тәрбиені нашар дей алмаймын .Айтар кеңесім: балаларға көп көңіл бөлейік! Қазақта не ексең , соны орасың деген қанатты сөз бар . Баланың жақсы не жаман болуы тікелей отбасындағы тәрбиеге байланысты.Балаға ақыл тоқтататын жасқа келгенше өмірдің ақ пен қарасын айырып,шама-шарқын түсіндіру үлкендердің міндеттері.
Біз үшін ең үлкен тәрбиенің бастауы -сәлемдесу.Кезінде балалар қандай еді ?! Танысын ,танымасын кез-келген адаммен сәлемдесіп ,жөн сұрасқан . Үлкеннің алдын кесіп өтпей ,олар өтіп кеткенше ізеттілік білдіріп тұрған.Алыстан ағайын көрсе бес жастағы баладан ,еңкейген қартқа дейін сәлем берген .Жасы үлкеннің сөзін бөлмей, ілтипат білдірген.Қысқасы үлкенге құрмет кішіге ізет көрсеткен .Ал қазір жасы үлкен адамның сөзін бөлмек түгілі,дауыс көтеріп сөйлейтін жастарымызды жетерлік.Қоғамдық орындарда кішілер үлкендерге орын берудің орнына ,жолын кесіп,таптап өтеді.Бұл дурыс па? Қазақ десек өзімізге тиеді. Беріліп жатқан тәрбиені санаға құю балаға байланысты,бала айтқанды емес ,көргенді жасайды .Көп жағдайда балаларын аяп ,жұмсақтық танытып , шектен шығарып жібереді.Балаңды бес жасқа дейін патшадан күт,бес жастан он бес жаска дейін құлыңдай жұмса,он бес жастан асқан соң досындай сырлас,-дейді. Ал біз керісінше бес жасынан бастап патшадай қылып тәрбиелейміз .Енді ойланыңыздар дәл осы баладан өздеріңіз күткендей тұлға шыға ма? Әрине,жоқ! Баланы таяқпен емес,ақылмен тәрбиелеу керек. Қол көтеріп,ұрысқаннан ештеңе өнбейді. Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай "тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы".Осы орайда есіме оқудан оралған Абайдың бейнесі елестейді.Қаладан келген Абай алғаш анасы Ұлжанмен салемдесуге бара жатқанда ,анасы тоқтатып әуелі акеңмен амандас,-дейді.Қандай тәрбие десеңші.
Қорытындылай келе,қазақ халқы бар күш жігерін тәрбиеден кейін баларын оқытуға жұмсаған.Тілі шыға бастаған уақытта өлеңдер , жаңылтпаштар жаттатып ,баланы зеректікке баулыған .Қазіргі балалардан мұндайды сирек көреміз.Есейгенде өзінен ересек адамдарға "сіз" деп сөйлеген . Бүгінгі күні бөтен адам былай тұрсын өз ата -анасына "сен" деп сөйлейтіндерде бар.Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.Заманауи ғасырда өмір сүріп жатсақта ,сонау ертеректе қалыптасқан тәрбие деген құндылығымызды жоғалтып алмайық.Себебі осы уақытқа дейін біз -ең тәрбиелі ,толирантты  халық ретінде есептелдік.Сол қалпымыздан таймайық.Балаға өз тілімізбен емес,өз тілімен сөйлеп тәрбиеге шақырайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!