Материалдар / "Тәрбиеге бағын жасыңнан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәрбиеге бағын жасыңнан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1



Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№3 мектеп-интернатының
3-сынып тәрбиешісі
Мамырова Меруерт Жарылқасыновна

Тәрбиеге бағын жасыңнан!
Баяндама

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»
Б.Момышұлы.
Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы,
апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген.
Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып,
абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие
ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады
дейді. Сондықтан білімді болған жөн дейді. Білім алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола
алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ
бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана
білім алады. Тәрбие ақылмен, тәртіппен және талаппен тығыз байланысты. Адамды адам
қылатын — ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды.Ата-ана мен аға
буындардың ақылын алып, солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса, жас
жеткіншектерге тәлім -тәрбие мүлдем қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан
әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін
ескерген жөн.Сондықтанда оларға дұрыс үлгі көрсете білу қажет. Балаға үнемі әдептілік
тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау – өмір заңы. Ал баланы дұрыс жолға
бағыттау үшін ең алдымен тәртіп пен талап керек.Талап пен тәртіп болмаған жерде белгілі
бір нәтижеге жету қиын.Тәртіп, баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді.
Тәртіп баланың дұрыс және терісті, халал мен харамды айыру, өзін бақылау, адамгершілік
қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын тағы сол сияқты сана-
сезімдерін қуаттандырады.Тәртіптілік қоғам дамысына да жақсы әсерін тигізетіндігі
дамыған ислам елдерінің тәжірибесінен байқалып отыр.
Талапқа келетін болсақ ол тәрбиедегі ең басты фактор деп те айтуға болады. Өйткені
балаға талап қоя білмесек, ол баланың тәрбиесінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Баланың
әрекетіне талап қоя отырып тәрбиелеуге бола ма? Бұл сұрақтан асып ешқайда бара
алмаймыз.Талап деген сөздің мазмұны «қатты» және «жұмсақ» деңгейге бағытталады.
Әрбір халықтың өзіндік бір тәрбиелеу талаптары бар, яғни балаға нені шектеуге, неге
рұқсат етуге болады. Қазіргі педагогикада талап деген түсінік кең мағынада қолданылады.
Соның ішінде отбасындағы талаптың ең бір тиімді әдісі ол күн тәртібі. Оған уақытты
дұрыс жұмсау ережелері тағы сол сияқтыларды атап өтуге болады. Күн тәртібі баланы


Page 2

белгілі үйреншікті тәртіпке, қатаңдыққа тәрбиелейді. Балалар үлкендердің қойған талабы
мен өздерінің міндеттерін орындауға ұстамды болуға үйренеді.
Сол себептен тәрбиеге ең жақсы сабақ болатын ол тәртіп пен талап.
Тәртіп пен талап бар жерде тәрбиемізде жақсы жолға түседі деп кәміл сенемін Сондықтан
жастарды тәрбиелеу үшін ата бабадан бері жалғасып келе жатқан наным-сенім, ырым,
салт-дәстүр мен ата дініміздің тәрбиелік маңызын ерекше пайдаланғаны жөн.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық
тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік,
инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды,
үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық
даналығы. Бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі
келеді. Бұған кейбір әке - шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің»
деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде
баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.
Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау
керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте - бірте еңбекке деген болашағына жол
ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың
жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез
келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына
дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата - ананың беделін түсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының
жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен
әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық
сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй
шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес.
Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен
үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің
сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке - шеше үй ішінің
үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын
біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген
таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең - ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.
Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы
бұзылған, ата - анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған
ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай - шу мен дау -
жанжалға, ұрыс - керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге
тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің
бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі
кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі
қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға
өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең,
солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата - ана тәрбиесі
бала өмірінде үлкен із қалдырады.


Page 3

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына
дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау
— ата - ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ
және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса,
өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш
сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза
жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей,
құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен
басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата - анамен қатар тәрбиеші мен
мұғалімнің де рөлі бар.
Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш,
жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп
сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман
әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды?- деген
сияқты сауалдар алдыңнан кесе - көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан - жақтан
іздеуге болады. Ата - анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа
бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан
артық болмайды. Ата - анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің
ата - анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан
таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай
жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата - ананың қолынан келе бермейді.
Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын
салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан
уақытша тыңдайды, бірақ ата - анасының уысынан шыққан соң өзін - өзі ұстай алмайтын
жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық
болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп,
қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға
балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп,
қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп арқылы мен білімі адамзаттық
құндылықтармен толысқан, жан - жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған
ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады.
Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу.
Демек, мұғалім мен тәрбиеші қауымның қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста
жүретіні де содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу
- тәрбие жұмысындағы қызметін өзін - өзі танудан бастағаны жөн. Өзіңнің бала
болғаныңды, өзіңнің ата - ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі - жиі өткізіп
отырсаң, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл -
Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе, К. Маркс
«Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы, баланың жан
азығына зәру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара
сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем,
ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола
алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып, одан
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп,


Page 4

«ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген,
құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары, білсем
екен, көрсем екен, үйренсем екен.»деген үлкен пәлсапалық ой жатыр. Яғни, балаға
туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те
сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан
орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата - ана да әсте естен шығармағандары
жөн.

Қорыта келе, отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі – бала, ал баланы тәрбиелеу
отбасынан басталады.Ендеше, егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін, қазақ
ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді жігіттер мен
қыздарды тәрбиелей білгеніміз жөн.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!