«Тәрбиелі – тәртіптің құлы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Заман талабына сай білім беру, оқушылардың шығармашылығын дамытып жеке тұлға дайындау, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы»


Мақсаты: Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Заман талабына сай білім беру, оқушылардың шығармашылығын дамытып жеке тұлға дайындау, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біз бүгін «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» тақырыбындағы пікірталас бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер – азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел-ананың тікелей міндеті. Әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев қалай дәл тауып айтқан десеңізші!


Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз.


Сұрақ: 1) Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?




Жүргізуші: Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі.


Баланы қақпай өсірсең, не басын жарады, не басыңды жарады


Сұрақ: 2) Сіздің балаңыз – озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?


  1. Сіз бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?


4) Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан

жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

  1. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көп болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көзқарасыңыз қандай?

  1. Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

  1. Балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол «Ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?


  1. Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болады? Сіздің пікіріңіз.



  1. Балаларыңызды теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?


  1. Балаларыңыз игілікті іс істесе қалай мадақтайсыз?

  2. Балаңыз қымбат киім сатып алып бер дейді. Сіздің жағдайыңыз көтермейді. Сіз не істейсіз?


  1. Беймезгіл уақытта баласын көшеге жіберіп, өзі үйінде қаперсіз отыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?


  1. Баласы мектептен келіп анасына «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» дейді. «Сенсіз де шаруам көп, басым ауырып тұр, мазамды алма» деп жауап береді анасы. Сіз не деп жауап берер едіңіз?



Қортынды:

Жүргізуші: Иә, адамның көргенді, әдепті болмағы үш тұғырға байланысты.

Олар: ата-ана, ұстазы және өскен ортасы. Абай атамыз айтқандай «Адамның адамшылығы жақса ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Расында да адамгершілік ол бір күнде-ақ немесе біраз уақытта пайда болатын қасиет. Сонымен, құрметті ұстаздар бүгінгі пікірталасымызды бірауыз түйінді сөздермен қорытындыласақ.


Әр сабағымның түп қазығы – адамгершілік.

Тәрбиенің әр бағыты адамгершіліктен басталады.

Адамгершілік отбасынан басталады.

Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен шектелмейді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.05.2018
1022
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі