Материалдар / Тәрбиелік шара "«Болашақ жастар көзімен» тәрбиелік шара "9-10-11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиелік шара "«Болашақ жастар көзімен» тәрбиелік шара "9-10-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Болашақ жастар көзімен» тәрбиелік шара ұйымдастырған болатынмын .Шараның басты мақсаты оқушылардың бойында патриоттық қабілеттерін қалыптастыра отырып,көшбасшылық қабілеттерін дамыту.Шара өте сәтті шықты.Оқушылар өз белсенділіктерін арттырды.Шараға қызықты өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1018
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Мектеп директоры А.Х.Негаев

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Болашақ жастар көзімен» тәрбиелік шара жоспары

«Болашақ жастар көзімен»

Құрметті :ұстаз, қонақтар Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Болашақ жастар көзімен» тәрбиелік шара

Мақсаты: Оқушыларға елбасымыз жолдауы туралы ақпарат бере отырып, елжандылыққа ,ұлтжандылыққа,ортада өздерін ұстауға, еліне,туған жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыру,көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру.

Ұйымдастыру бөлімі:

1.Қарсы алу. (Аяқ іздерінде тапсырмалар жазылады, қабырғада фотолар,рухани жаңғыруы бойынша сөздер,елбасының жастар туралы ұлағатты сөздері)

*Алда сізді не күтіп тұр

* Әдемі күлкіңізді көрсетіңіз

*Coca-cola жарнамасынан үзінді келтіріңіз

(Ж. Хайреловтің бет-пердесімен қарсылау)

БИІК РУХТЫ,ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРЫ БАР ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН МЕКТЕБІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

(қол шапалақтау, ұранмен қарсы алу,«КТА» әуенімен шығару,билету)

Құрметті :ұлағатты ұстаз, қадірменді қонақтар, болашақ Егемен еліміздің болашақ көшбасшылары!

Бүгінгі Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Болашақ жастар көзімен» еркін форматтағы тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!

Талдау.

Бейнефильм көрсету «Рухани жаңғыру»

Слайдпен «Рухани жаңғыру» туралы шолу жасау.

Қазіргі таңда бірлігі мықты, біртұтас ел болып жатырмыз. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих- тың шаңына көміліп қала береді» - деп президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев пікір білдіргендей, тарихтың шаңына емес, келешектің қойнауына бой ұсынған абзал. Тарих пәнінің мұғалімі Мөлдір Асқарқызы (жолдауды талдайды)

Рухани жаңғыру жолдауында туған жерге, туған елге, патриоттық санаға ерекше мән берген. Осы бағытта «Туған жер» бағдарламасы ұсынылды. Патриотизм сезімі кіндік қанын тамған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Бұл жолдаудан бұрын ауылдық өмірдің дамуына , туға елдің көркеюіне үлестерін қосып келе жатқан ел ағаларын айтуға болады. .................................................... қолдау көрсеткенін мақтанышпен айта аламыз.

Жерлікті жас маманымыз,биология пәнінің мұғалімі Ботакөз Батырғалиқызы.

Ата тарихтың шабысында «Кеше», «Бүгін», және «Ертең" деп аталатын үш ұлы бөлік тарихта жазылған. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі тарихын «Кеше, бүгін, ертең » деп қарайтын болсақ, сіз осы кезеңдерге не айтар едіңіз?

11 сынып оқушысы Айгүл Жанболатқызы (жергілікті ақын жазушыларымыздың жолдауға байланысы мақаламен байланыстырып талдау).

Негізгі бөлім.

Жаңақала жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы,көшбасшы Хайрелов Жақсылық Нұрманұлы!

Бірге: БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ 
ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

(қол шапалақтауы оқушылардың)

(бейнефильм көрсетіледі)

(Ж.Хайреловты таныстыру)

Сұрақтар :

1. Нұрфат:«Қазақстан білім қоғамы жолында» атты Елбасының дәрісінде мақсат-міндеттерді анықтауда жастарға бірнеше тапсырмалар берген болатын. Ұлт көшбасшысы әдеттегідей жастарға ерекше назар аударады.Жаңақала ауданы бойынша жастармен жасалып жатырған жұмыстар туралы не айта аласыз және нәтижесі қандай?

2. Жетіс: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жарар» демекші Президентіміз де жастарымыз мыңды жаратын білімді болу керек деді. Сіздің инстаграм желісініздегі мына суретте латын әріптерімен пікір қалдырған екенсіз. Жалпы латын тіліне ауысуға көзқарасыңыз қандай?

3. Нұрсыйла:Елбасымыз жастар мәселесін жиі қозғайды, соның ішінде ауылдың жастары. Ауылдың одан әрі көркеюіне үлес қосуда қазіргі ауыл жастарына не жетіспейді деп ойлайсыз?

4. «Жайдарлы Жасұлан » КВН (9-10-11сыныптар ұлдарының дайындаған әзілдеріне кезек береміз),болашақ жайдарманшыларымыздың бағытын қалай бағалайсыз және жайдарман ойнап жүрген кезіңздегі қызық оқиғаларыңыздан айтып берсеңіз?

5. Айдарбек:«91» тобына деген көз қарасыңыз, осындай өзгерістерге біздің қоғам дайын ба?

6. Акерке: «Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ кезектен тыс съезінде Батыс Қазақстан облысы делегаттарының қатарында сізде болған екенсіз. Бұл съезд көшбасшылардың бас қосуы болды. Жалпы көшбасшы деген атқа ие болу үшін бойында қандай қасиеттер болу керек және неден бастау керек? Біздің жастарға, оқушыларға көшбасшылық қабілеттерін қалай дамытуға болады?

7. Бүгінгі еркін пікір бағытында ұйымдастырылған Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласынегізінде «Болашақ жастар көзімен» атты тәрбиелік шара туралы қорытынды сөзіңіз.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Ақерке:    Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ жастары  тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың  қолында.

«Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз.Ұлттық мүдде қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы – көтеру басты мақсатымыз»

Бірге: Қазақстанның болашағы –жастардың қолында

Айсұлу: Арқауы ерен ерлік дастанының, 

Қайраты елге әйгі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта, 

Жұлдызы жарқырайды аспанының.

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады».

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» жолдауын негізінде «Болашақ жастар көзімен» тақырыбындағы еркін форматта ұйымдастырылған шараға аудан жастарының көшбасшы Жақсылық Нұрманұлына алғысымызды білдіреміз. Биік рухты ұрпақ тәрбиелеуге өз белсенділіктерін көрсетіп жүрген ұстаздар қауымына алғыс айтамыз.

Білімді де, білікті оқушыларымызға ризашылығымызды білдіреміз! ұрпақтарымызға да алғысымызды білдіреміз!

Бірге!Тұғыры биік тәуелсіздігіміз мәңгі жасап, гүлдене берсін!




Picture 1 Picture 7





























Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі





«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»

«Болашақ жастар көзімен»





Picture 1

















2017-2018 оқу жылдары





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!