Материалдар / Тәрбиенің өресі – өзін-өзі тануда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиенің өресі – өзін-өзі тануда

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиенің өресі – өзін-өзі тануда «Тәрбиесіз берілген білім бекер» демекші, бүгінгі заманда әр баланы тұлға ретінде тәрбиелеу өте қажет. Еліміздің тарихында өсіп келе жатқан ұрпағымыздың тәрбиесі ерекше орын алады. Ертеңiне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу - басты міндет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиенің өресі – өзін-өзі тануда


Момынжанова Гульнур Серибаевна

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы

Тараз қаласы


Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек,
тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы.
Әбу Насыр Әл - Фараби


«Тәрбиесіз берілген білім бекер» демекші, бүгінгі заманда әр баланы тұлға ретінде тәрбиелеу өте қажет. Еліміздің тарихында өсіп келе жатқан ұрпағымыздың тәрбиесі ерекше орын алады. Ертеңiне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу - басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпак, өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани - адамгершілік білім беруді басты идея етiп ұстанатын Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетекшілігімен өмірге келген « Өзін - өзі тану » рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы мен мәні туралы айтпай кетуге болмас. Иә, әлемді мейiрiмдiлiк пен сүйіспеншілік негiзiнде тәрбиелеуге үлес қосып, өскелең ұрпақты рухани білім беру арқылы дамытуға бағыт бағдар беретін өзін - өзі тану пәні – шынында да өзекті пәндердiң бiрi әрi бiрегейіне айналып отырғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. « Өмірдің мәні неде ? Қалай бақытты өмір сүруге болады ? » деген сұрақтар әрбір адам үшін маңызды. Өмір мәнін таппай, жаhандану мәселелерімен тығырыққа тірелген, орындалмаған арман - мақсат жетегінде жүрген жастардың пайда болуы әлемді таңдандырып отыр. Аутоагрессиялық әрекет ( суицид ), ерте жүктілік, өз өміріне шексіз қанағаттанбаушылық сандық және сапалық тұрғыдан өріс алып келе жатыр. Адамдар ашкөздігінің кең қанат жаюының қайтарымы ретiнде зілзала, су тасқыны сияқты және емдеуге келмейтін аурулар белең алуда. Экологиялық зардаптар, экономикалық дағдарыс. Бұдан шығудың жолдары қандай? Не істеу керек?

Capa Алпысқызы өзінің «Өмір әдебі» кітабында : «Біз әртүрліміз, сондықтан өмір тағлымын әркім өзінше таниды» десе, ежелгі ғұламалар былай деген екен: «Өзiңдi тани білсең, әлемді тани білесің!». Бiздiң биологиялық және рухани тұрғыдағы ауыртпашылықтарымыздың бәрі ішкі жан дүниеміздегі жаман ниет - пиғылдан, менмендіктен, қызғаныш, жалқаулық пен өзін басқа адамдардан жоғары қоюдан деп ай тудан шаршамаймын. Сондықтан, бірінші -рухани жағынан, екінші – шынайы жаңарусыз адамзаттық қоғамды өзгерту мүмкін емес. Біз адамдардың күнделікті өмірінде ізгілік, мейірімділік, риясыз сүйіспеншілік, қайырымдылық, кешірімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттердің болуына ықпал етуіміз керек, одан басқа жол жоқ»

Қазіргі таңда жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі өзекті мәселеге айналуда. Осыған орай жастарға рухани - адамгершілік білім беруді басты идея етiп ұстанатын өзін - өзі тану пәнінің алға қойған мақсатының өзі ерекше. Өзін - өзі тану пәнiнiң басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез - құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан - жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Тіпті Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл - ойды сақтайтын қойма - адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Сонымен қатар өзін - өзі тану рухани – адамгершілік тәрбие баланың өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы - талдауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Қазіргі таңда білім беру жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып отыр. Осы орайда, елімізде білім жүйесін ізгілендіру, білім берудің үздіксіздігі, білім жүйесін ақпараттандыру, білім беру жүйелерінде пәнаралық ықпалдастыруды жүзеге асыру істері негізгі бағыттар болып, жалғасын табуда. Жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оларды жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет . Ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді.

Ал рухани - адамгершілік тұрғысынан бiлiм беру әр тұлғаның азаматтық қабілетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын пәндерi мазмұнының құндылықты мәнін күшейту мәселесі ретінде де қарастырылған қабілеттерін жетілдіру . Өзін - өзі тану пәні адамның қоршаған ортаны дұрыс қабылдауынан, оларға деген дұрыс қарым - қатынасынан басталады. Өзін - өзі тану пәні мемлекетіміздің ертеңгі азаматтары болатын, бүгінгі жас жеткіншектерге рухани - адамгершілік тұрғыдан бағыт - бағдар беру міндеттерін атқарады. « Баланы – жастан » деген халық мәтелі тегін айтылмаған Кішкентай кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, отаншылдыққа тәрбиеленген бала адамгершілігі мол азамат болып шықпақ . Осындай жағдайлардың жүзеге асуына өзін - өзі тану пәні көмектеседі . Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтер шешуші рөл атқарады . Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев : « Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан, – деп ұрпақтың білім алып, тәрбие үйренудегі ұстаз релін жоғары бағалаған. Жас ұрпаққа тәлім - тәрбие беруде, оларды адами ізгі қатынастарға үйретуде өзін - өзі тану пәнінің маңызы ерекше. Осы пәннің негізін қалаушы Сара Алпысқызы: «Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш - жігеріне сенуі, өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды!» - деген. Ал біз осы балалардың өмірдегі орнын табуына көмектесуіміз керек. Өзін - өзі тану пәні – өзгешелігі мен ерекшелігі мол сабақ . Өзін - өзі тану пәнінің мақсаты – рухани - адамгершілік тәрбие беру . Пәннің әр тарауы , әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани - адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен халқымыздың мол мұрасы осы пән арқылы келесі ұрпаққа жетіп жатса біздің де мақсатымыздың орындалғаны. Қорыта айтқанда, өзін - өзі тану пәні – баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді . Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады .

«Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасы XXI ғасырдың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған: ізгілік пен қайырымдылық, жауапкершілік пен заңға мойынсынушылық, барлық адамдарға деген кішіпейілділік пен құрмет қасиеттерімен сипатталатын, ұлы Абайдың « Адам бол ! » қағидасын ұстанатын кемел адамды тәрбиелеу. Олай болса, осы бағытта бірлесіп қызмет жасайық, ізгі ұрпақты тәрбиелеп, елімізді дамытуға еңбек етейік !








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!