«Тәрбиеші – ұлағатты мамандық»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәрбиеші – ұлағатты мамандық»

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық білім саласында жұмыс жасайтындарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбиеші – ұлағатты мамандық»

Тараз қаласы, №54 мектеп жанындағы «Алтын ұя» шағын орталығының тәрбиешісі Мырзабай Айгүл Тілеуқабылқызы

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Абай

Еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі бесіктегі балаға байланысты. Тәрбиелі де, өнегелі, білімі мен біліктілігі ұштасқан баланы тәрбиелеу ата-ана мен балабақша, мектеп ұстаздарының, қоғамның еншісінде. Бүгінгі бала – ертеңгі еліміздің қамшы ұстар, елдің қорғаны, бесік тербеген ақ жаулықты анасы.

Менің мамандығым – тәрбиеші. Айтылуы қарапайым болғанымен, бұл мамандықтың салмағы мен мәні, маңызы орасан зор. Әрбір бала әсем гүлге тең. Гүлді қалай баптасаң, солай гүлденіп, жұпар иісін жан-жаққа шашатынындай, баланы да сүйіспеншілік пен махаббатқа толы мейіріммен тәрбиелесең ұғымтал, зерек, үлкенді сыйлай білетін, тәрбиелі де, тәртіпті бала өсіп шығады.

Мен мамандығымды сүйемін. Себебі мен де - анамын. Әрбір баланың балабақшаға екінші үйіндей қуана, асыға келуі мен үшін үлкен мәртебе. Әр баланың отбасындағы тәрбиелеу формасы мен қарым-қатынас түрі түрліше болғандықтан әр баламен байланыс орнатудың да әдіс-тәсілі түрліше болады. Бала психологиясы өте нәзік, сезімтал, жараланғыш болғандықтан тәрбиеші әр сөзі мен қимылын, эмоциясын баланың көңіл-күйіне қарай ыңғайлайды. Тек қана тәрбиелеу әрекеті ғана емес, біз баланы оқыту мен дамыту, білім беру процестерін жүзеге асырамыз. Баланың әр сабақтан жаңа білім алып, дүниетанымын байтып, көзқарасын кеңейтуді басты назарда ұстаймыз. Әр бала ерекше қайталанбас индивид. Тәтті қылықтары мен қызықты әрекеттері жұмыс барысындағы шаршағанымызды басады. Олардың алдыға қарай аттаған әрбір қадамы мені қуантады, жігерлендіреді, білімді сапалы және қызықты етіп өткізуіме өзімді талпындырады. Балаға деген махаббатым мен мамандығыма деген сүйіспеншілігім білімімді шыңдау үшін түрлі жарыстарға, семинарлар, дамыту сабақтарына қатысуға итермелейді.

Сөз соңын, ұлы педагог Г.Песталоццидің «Егер өмірді сүйе білмесең баланы тәрбиелеуге құқың жоқ» деген сөзімен толықтырғым келеді. Әрбір адам өзін психологиясы мен физиологиялық ерекшелігін толықтай қабылдап, жан-тәнімен сүйе білу керек. Өзін сүйген адам өзгеге де мейірімі мен шапағатын шаша алатыны анық. Ал бала тәрбиесінде мейірімділік мен сүйіспеншілік ең бірінші орында. Қазақ ағартушысы, Ахмет Байтұрсынов: «Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деп айтып өткен. Тәрбиеші – қай дәуірде болсын үлкен орны бар, маңызды да, мақтанышқа толы мамандық болып қала береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі