Тәрбиеші армандаған мамандық пағ әлде өмірдегі кәсіп пе?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиеші армандаған мамандық пағ әлде өмірдегі кәсіп пе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші мамандығын дұрыс таңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші армандаған мамандық па, әлде өмірдегі кәсіп пе?

Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі

Халық даналығы

Бала жарық дүние есігін ашқан кезде ақ қағаз секілді болады, балабақша жасына дейінгі уақытта яғни, 2-3 жасқа дейін ұдайы үйдегі ата-анасының тәрбиесінде болады. Балабақша табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ бала сорғыш қағаз сияқты болып балабақшадағы екінші анасы іспеттес болған тәрбиеші апайдың берген тәрбиесін бойына сіңіре бастайды. Үйдегі тәрбие мен бақшадағы тәрбие біріге отырып, баланың бойындағы ең жақсы қасиеттерді дамытуы керек.

Осы тақырыпты тарқату мақсатында тарихқа бірсыпыра үңілсек. Тәуелсіздік алғанға дейін осы балабақша мәселесіне, бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлінген болатын. Республика көлемінде, барлық ірілі-ұсақты елді-мекендерде балабақшалар жұмыс жасап тұрды. Ата-аналар еш алаңсыз, уақыты келген кезде балаларын балабақшаға апарып, қызметтерін атқарып жүре алды. Балабақша тәрбиешілерін оқыту мәселесі де жоғары деңгейде болды. Кез-келген адам бақша тәрбиешісі бола алмайтын еді, арнаулы білімі бар, тәжірибелі ұстаздарды таңдау тәртібімен жұмысқа алатын. Тәуелсіздік алып, одақ ыдырағаннан кейін, жұмыссыздық белең алып, балабақшалар жабылып, бақша ғимараттары қиратылып, тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері күн көріс қамы үшін, мамандықтарымен қош айтысты. Балаларды жекелеген адамдар үйлерінде қарап, өз білімінің деңгейінде қарап, тәрбие беріп отырды.

ХХ ғасырдың 90 жылдары, ХХІ ғасырдың басында тәрбиеші мамандығы аса сұранысқа ие болған жоқ. Оқу орындарында гранттар көптеп бөлінгенімен өскелең ұрпақ бұл мамандыққа қызығушылық танытқан жоқ. Кейіннен ғана, осы өткен онжылдықтың көлемінде республика аумағында жекелеген балабақшалар көптеп ашылып, мамандыққа деген сұраныс көбейді.

Тәрбиеші болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы шарт? Ең бірінші, мамандығына шын мәнінде ғашық болуы керек. Балабақша әлемі- сан мыңдаған бояулы өте ғажайып әлем. Балабақшада тәрбиеші болу үшін адамға- бөтен адамның баласына деген шексіз махаббат пен мейірімге толы жүрек керек. Теңізден де терең шыдамдылық, төзім керек. Себебі әр отбасыдан, әртүрлі тәрбиемен келген, кенже мен тұңғыштарды мейірімді жүрегімен баурап, олардың сан қырлы мінездерін көтере білуі қажет. Баланы былай қоя тұрып, әуелі тұлға ретінде қалыптасып үлгерген ата-анамен жұмыс жасап, қарым-қатынас қалыптастыра білуі шарт.

Тәрбиеші мамандығын таңдап, өмірлік кәсіп етіп алғаннан кейін, адам толығымен сол мамандыққа шын беріліп, қызмет атқара білуі керек. Біреуге тәрбие беру үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Бір мамандық иесі бола отырып, бала тәрбиесіне көп пайдасы тиетін суретші, құрылысшы, дәрігер, психолог, аниматор, адвокат сияқты мамандықты игереді. Табыс көзі ретінде игерген мамандығын армандаған мамандықпен ұштастыра білген тұлға ғана нағыз маман иесі болары анық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2024
284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі