Материалдар / "Тәрбиеші үздіксіз ізденісте..."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәрбиеші үздіксіз ізденісте..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болуы керек. Ол үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін - өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2021
1127
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиеші үздіксіз ізденісте

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болуы керек. Ол үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін - өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Жас маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым:
- пән бойынша үздіксіз ізеніп оқытудың жаңа технологиясын ендіріп отыру (модульді, деңгейлеп оқыту, топтап - қарқынды оқыту, т. б.)
- сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру;
- сабақтың эксперименттік бөлігін көбейту;
- оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, бірлесе шығармашылық жұмыс жасау.
- қиын сәттерде кінәліні табуға ұмтылмай, кемшіліктер мен ауытқушылықтың қай тұстан кеткенін іздеу,
- бұйрық беріп, талап етудің, бақылаудың орнына сендіру және сенім білдіру
- үнемі жағымды өзгерістер жасауға ұмтылу, жаңа идеяларға ашықтық, ұжым мүшелерінің жаңа идеялар ұсынуын дағдыға айналдыру.
- дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;
Қорыта айтқанда, бүгінгі заман талабына сай жаңа педагогикалық, инновациялық технологияларды игергенде, баланы тұлға деп танып, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білгенде ғана табысқа жетуге болады деп ойлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!