400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша әдіскерлеріне арналған, тәрбиешілердің танымдық-зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

Іскерлік ойын
«Айтылғанды ұмытамын, көрсетсең есте сақтармын»

Омарова Маргарита Леонидовна

«Күншуақ» балабақшасының әдіскері

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылы


Мақсаты:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған білім беру аясында педагогтардың инновациялық технологияларды қолдануда құзыреттілігін арттыру. Іскерлік, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Ойынның өту барысы:
Жүргізушінің кіріспе сөзі: ойынның тақырыбын, шарттарын және әділқазылар алқасын жариялайды.

1 тапсырма : «Таныстыру»

Кәсіби автопортрет

  1. Күн

  2. Жүрек

  3. Жұлдыз

Шарты: Әр топқа алдын-ала символдар беріледі (Күн, Жүрек, Жұлдыз), осы символдарға сүйене отырып, кәсіби автопортрет құрау қажет.

2 тапсырма: «Ойлан тап»

3 командаға М.Монтессори технологиясы бойынша 3 сұрақтан беріледі.

1 топ:

1. Монтессори әдістемесінің іске асу жолдары?

2.Математикалық аймақтың мақсаты не?

3. М.Монтессори балаларды тәрбиелеудегі идеясы?

2 топ:

1. М.Монтессори технологиясының ұраны?

2. Тілдік аймақтың қызметі?

3. Монтессори әдісін қандай педагогикамен ұштастыруға болады?

3 топ:

1. М.Монтессри педагогикасы негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қандай дағдылары қалыптасады?

2. Күнделікті өмір жаттығулар аймағының қызметі?

3. Монтессори дамытушы ойындарымен бала жұмыс жасаған мезгілде тәрбиешінің қызметі?


Жауаптары:

1 топ:

  1. Монтессори әдістемесінің іске асу жолдары?

1. Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.

2. Сезімдік аймақ.

3. Математикалық аймақ

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштық аймақ.

2.Математикалық аймақтың мақсаты не?

Математикалық даму аймағында бала қосу, алу, көбейту және бөлу операцияларын, реттілік санауды, сан мен символ байланысы, пішіндер туралы нақтылы білім алады.

3. М.Монтессори технологиясының балаларды тәрбиелеудегі идеясы?

Еркін тәрбиелеу.

2 топ:

  1. М.Монтессори технологиясының ұраны?

 Әдістің ұраны:

«Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес. Мен өзім» .

2. Тілдік аймақтың қызметі?

Тіл дамыту және жазу аймағы

Тіл дамыту аймағындағы материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді. Бала бүдір әріптерді саусақпен сипау арқылы, манка бетіне сурет салу, әріптермен тану мүмкіндігін алады.

3. Монтессори әдісін қандай педагогикамен ұштастыруға болады?

Этно-педагогикамен .

3топ:

1.М.Монтессри педагогикасы негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қандай дағдылары қалыптасады?

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары қалыптасады.

2. Күнделікті өмір жаттығулар аймағының қызметі?

Мұндағы орналасқан материалдар мен жаттығулар, балаға өзін-өзі қарауына көмектеседі. Мұнда ол түймені дұрыс қадауға, бау байлауға, қол жууға, ыдыс жууға, кір жууға, үтіктеуге және үйде рұқсат берілмейтін істерді жасауға көптеген нәрселерді үйренеді.

3. Монтессори дамытушы ойындарымен бала жұмыс жасаған мезгілде тәрбиешінің қызметі?

Тәрбиеші тек бақылаушы, бағыттаушы.

3 тапсырма: «Актерлік қабілет»
Әй, Асқар тау,
Кімге сен бағынасың!
Бойыңа әсемдікті,
Тағып ап - сың.
Қаншама қадам жасап барсам дағы
Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың! Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың!

1.Топ – мәнерлеп оқиды

2. Топ – рэп стилинде оқиды

3. Топ – әндетіп айтады

4 тапсырма: Тәрбиешілермен шығармашылық жұмыстар:
Үш топқа жұмбақ құрастыру тапсырылады.
Бірінші топ - көбелек, ит, сағат
Екінші топ - гүл, түйе, телевизор
Үшінші топ – кітап, жапырақ, тышқан

5 тапсырма : «Мен өзім»

М.Монтессори технологияларының дамытушы ойын элементтерін

өз қолымызбен жасап көрейік.

Шарты: Топтарға бірдей қалдық материалдар беріледі. Осы берілген қалдық материалдардан әр топ Монтессори технологиясының дамытушы ойын иэлементтерін өз қолдарымен жасау қажет.

6 тапсырма «Постер» қорғау

Әр топ бүгінгі семинардан, М.Монтессори технологиясынан алған әсері бойынша постер жасап қорғайды.

7 тапсырма «Құнды кеңес»

Әр топ мүшесі өздеріне ұнаған қанатты сөзді таңдап алады.

Ол сөзді неге таңдап алғанын түсіндіріп айтады.

Ойын жеткізетін қанатты сөзін таба алмаса, өз ойын білдіретін

қанатты сөзін ұсынады.

  • Тәжірибенін құны қымбат болса да, ол мың мұғалімнін берген білімінен артық ./Карнейль/

  • Ең үздік тәлімгер – ол тәжірибе./ Овидий/

  • Шеберлік -жаттығулармен шыңдалады. / Тацит/

  • Өмірде өз тәжірибеңнен артық ештене жоқ./ Вальтер Скотт/

  • Бәрі қарапайым болу керек, бірақ та қарапайымдылау емес .

/ Альберт Энштейн/

  • Биікке ұмтылған, өз сатысын өзі табады./ Коносукэ Мацушита/

  • Адастыратын жолға түскенше, адастырмайтын амал ізде.

/ Дмитрий Емец/

Мен тек қиялдан ғана туындаған мың пікірден гөрі, жасаған бір тәжірибені жоғары қоямын.

/ Михаил Васильевич Ломоносов/


Picture 1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.10.2020
1092
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі