Материалдар / Тәрбиешілерге арналған «Қауіп-қатер тобындағы балалармен жұмыс» атты хабарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиешілерге арналған «Қауіп-қатер тобындағы балалармен жұмыс» атты хабарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Хабарламада қауіп-қатер тобына жататын агрессивті, гиперактивті, алаңдаушы, аутист, т.б. балалар жайында баяндалған, оларға мінездеме беріліп, оларды қолдау стратегиясы көрсетілген. Бұл балабақшада жұмыс істейтін барлық педагогтарға қажет мәлімет, себебі мұндай балалар әр балалар ұжымында, өкінішке орай, бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2018
3262
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Салтанат» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

«Салтанат» бөбекжай-бақшасы» МКҚК




Picture 2












Тәрбиешілерге арналған

«Қауіп-қатер тобындағы

балалармен жұмыс»

атты хабарлама






Педагог-психолог: Г.Р.Калиева









Петропавл қаласы


Қауіп-қатер тобындағы балалар санатына агрессивті, гиперактивті, алаңдаушы, аутист балалар жатады.


А Г Р Е С С И В Т І Б А Л А Л А Р

Агрессия (латын тілінен аударғанда «бас салу, шабуылдау» деген мағынаны білдіреді) – қоғамдағы адамдардың өмір сүру ережелері мен нормаларына қарсы келетін, шабуылдаушы объектілерге зиян әкелетін мотивтендірілген деструктивті жүріс-тұрыс. Ол қырсықтықта, ашу қысуда, ызалануда, ырықсыздықта (импульсивтілік), тістеуде, төбелесқойшылықта көрініс табады.

Агрессивтілік – агрессияны білдіруге (көрсетуге) дайындықта көрінетін тұлғаның қасиеті.

А г р е с с и я н ы ң с е б е п т е р і

жеке

тұлға, бағдар, гендер

әлеуметтік

фрустрация, вербалды және физикалық шабуыл, айдап салу, БАҚ,

отбасылық тәрбиелеу стильдері

сыртқы

ауа райының ыстықтығы, шу, кеңістіктің тарлығы, ауаның кір болуы


Мектепке дейінгі жастағы агрессияның пайда болуына ықпал жасайтын басты фактор – отбасы, ата-ана қарым-қатынасы, ата-ана мен баланың қатынасу стилі:

  • ата-ана балаға қатысты физикалық немесе вербалды агрессия көрсетсе, балада қорғаныш агрессивтілігі немесе ата-аналарға еліктеу (бала жиі қақтығысқа түседі, төбелеседі, сабақтарда орнында отырып, сөйлей береді) пайда болады;

  • ата-аналар баланың ашушаңдығына назар аудармайды, мінез-құлқын бақыламайды;

  • ата-аналар балаға жеке таңдау жасатуға, өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді, => бала ашуын ашық түрде көрсете алмайды, өз эмоцияларын басады => деструктивті агрессия => басқаларды келемеждеу, оларды агрессивті әрекеттерге итермелеу, ұрлық, аңдаусыз ашу қысу;

  • ата-аналар баланың көзінше айналадағыларға агрессиясын білдіреді => айналадағы адамдарға кінә тағу;

  • ата-аналар арасындағы қақтығыс, ажырасу.

Агрессивтіліктің себептерін анықтау үшін:

  • байқау;

  • тәрбиешілер мен ата-аналарды анкеталау және олармен әңгімелесу;

  • проективті әдістер: «Жанұяның суреті», «Өмірде жоқ жануар», «Қол тесті» жүргізіледі.

А г р е с с и я н ы ң ф о р м а л а р ы

(Э.Фромм бойынша)

жақсы сапалы

(қауіп-қатер төнген кезде ғана пайда болады, қорғаныш қызметін атқарады)

жаман сапалы

(тұлғаның тұрақты ерекшеліктерімен байланысты)


А г р е с с и я н ы ң т ү р л е р і

дене

басқа адамдарға бағытталған физикалық әрекет

(ұрып-соғу, тебу, т.б)

вербалды

басқа адамдарға бағытталған сөздік әрекет

(ұрыс, айқай, сөз арқылы қатер төндіру)

жанама

тікелей емес жолмен басқа адамдарға моральдық тұрғыдан зиян тигізу

(өсек, әдейі бағытталған әзіл, анекдот)

жақтырмау

қарсы келу мен жақтырмауда көрініс табады

тітіркену

ашуланшақтықта көрінеді


Агрессивті балалармен жүргізілетін

түзетушілік жұмыстың негізгі бағыттары


1. Агрессивті балаларды ашуды жағымды түрде білдірудің амал-тәсілдеріне үйрету

  • өз сезімдері туралы тура, сыпайы түрде айтуға үйрету;

  • ашуды жанама жолмен (ойындық тәсілдердің көмегімен) шығару.

2. Агрессивті балаларды өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұстау тәсілдеріне үйрету

  • релаксацияны (бет және дене бұлшықеттерін босатуға арналған жаттығуларды) қолдану;

  • ашуланған кездегі адамның көріксіз (жаман) болатындығын көрсету.

3. Агрессивті балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту

  • рөлдік ойындарды ойнату.

4. Агрессивті балаларда жағымды тұлғалық сапаларды (эмпатия, басқаларға деген сенім, мейірімділік, т.б) қалыптастыру

  • әңгімелерді бірге оқу, талқылау;

  • әңгімелерді ойдан шығару, талдау.




Агрессивті балалардың тәрбиешілерімен жұмыс

1. Ақпарат беру («агрессия» түсінігі, оның пайда болу себептері, жағымсыз салдары мен бала дамуына ықпалы жөнінде мәлімет беру);

2. Агрессивті балалармен қатынасудың эффективті тәсілдеріне үйрету (ұстаздардың жүріс-тұрысы – бала үшін басты үлгі екендігін ескеру, жазалау әдісін қолданбау, сенім арту мен мадақтауды басшылыққа алу, жүріс-тұрысты модификациялау техникасын жүзеге асыру)


Ашудан құтылудың мазмұны мен жолдары

Мазмұны

Құтылу жолдары

1.

Балалармен үйлесімді қарым-қатынас орнатыңыз

  • балаларды тыңдаңыз;

  • балалармен көп уақыт өткізуге тырысыңыз;

  • балалармен өз тәжірибеңізбен (балалық шақтағы қылықтарыңызбен, жеңістеріңіз бен табыссыздықтарыңызбен) бөлісіңіз.

2.

Өз жүріс-тұрысыңызды (әсіресе стресс немесе ашу жағдайында) байқаңыз және бақылаңыз

  • балалармен ортақ ісіңізді басқа жолға қалдырыңыз;

  • тітіркену кезінде балаларға жоламауға тырысыңыз.

3.

Сіз ренжулі болған жағдайда балалар ол туралы білуі тиіс

  • сезімдеріңіз, тілектеріңіз және қажеттіліктеріңіз туралы тура айтуға тырысыңыз;

  • демалыңыз, босаңсуға және жағымсыз энергияны сыртқа шығаруға тырысыңыз.

4.

Ашуды шақыртуы мүмкін жағымсыз жағдайларды алдын ала көруге және болдырмауға тырысыңыз

  • жағымсыз жағдайды тудыратын себептерді алдын ала көруге және болдырмауға ұмтылыңыз;

  • балалардың сізді қалыпты жағдайдан шығаруына жол бермеңіз.


Агрессивті балалардың ата-аналарымен жұмыс

1. Ақпарат беру («агрессия» түсінігі, оның пайда болу себептері, жағымсыз салдары мен бала дамуына ықпалы жөнінде мәлімет беру);

2. Агрессивті баламен қатынасудың эффективті тәсілдеріне үйрету (ата-ананың жүріс-тұрысы – бала үшін басты үлгі екендігін ескеру, жазалау әдісін қолданбау, сенім арту мен мадақтауды басшылыққа алу, жүріс-тұрысты модификациялау техникасын жүзеге асыру)



Ашудан құтылудың мазмұны мен жолдары

Мазмұны

Құтылу жолдары

1.

Балаңызбен үйлесімді қарым-қатынас орнатыңыз

  • балаңызды тыңдаңыз;

  • балаңызбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз;

  • балаңызбен өз тәжірибеңізбен (балалық шақтағы қы-лықтарыңызбен, жеңістеріңіз бен табыссыздықтарыңызбен) бөлісіңіз;

  • егер жанұяңызда бірнеше бала болса, олардың әрбіреуіне көңіл бөлуге тырысыңыз.

2.

Өз жүріс-тұрысыңызды (стресс немесе ашу жағдайында) байқаңыз және бақылаңыз

  • балаңызбен ортақ ісіңізді басқа жолға қалдырыңыз;

  • тітіркену кезінде балаға жоламауға тырысыңыз.

3.

Сіз ренжулі болған жағдайда балаңыз ол туралы білуі тиіс

  • сезімдеріңіз, тілектеріңіз және қажеттіліктеріңіз туралы тура айтуға тырысыңыз;

  • демалыңыз, босаңсуға және жағымсыз энергияны сыртқа шығаруға тырысыңыз.

4.

Ашуды шақыртуы мүмкін жағымсыз жағдайларды алдын ала көруге және болдырмауға тырысыңыз

  • жағымсыз жағдайды тудыратын себептерді алдын ала көруге және болдырмауға ұмтылыңыз;

  • балаңыздың сізді қалыпты жағдайдан шығаруына жол бермеңіз.


Ерте балалық шақтағы балаға қырсықтық, ыза мен ашудың қысуы, ырықсыз қимылдар, тістеу, төбелесқойлық, қызбалық тән. Оның басты себептерінің біріне отбасын жатқызуға болады. Өйткені, агрессияның пайда болуына отбасы зор ықпал жасайды. Мәселен, ересектердің тәрбиелік шараларда шектеулер қоюы балалардың ойлағанын іске асыра алмауына әкеледі. Көптеген ғалымдар ата-аналардың өзара қарым-қатынасының, ата-ана мен баланың қатынасу стилі агрессивтіліктің пайда болуына жағдай жасайтындығын баса айтады:

  • ата-аналар өздері балаға қатысты физикалық және вербалды агрессия көрсетсе, балада қорғаныш агрессивтілігі немесе ата-аналарға еліктеу пайда болады, соның негізінде балалар жиі қақтығысқа түседі, төбелеседі, сабақтарда орнында отырып сөйлей береді;

  • ата-аналар қатал жазалау әдістерін қолданады, оның салынан балалардың агрессивті әрекеттерге дайындық деңгейі артып, реактивті (жауап қайтару) агрессивтілігі немесе қорғаныш агрессивтілігі пайда болады;

  • ата-аналар баланың ашушаңдығына назар аудармайды, мінез-құлқын бақыламайды;

  • ата-аналар балаға жеке таңдау жасатуға, өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді, сондықтан бала ашуын ашық түрде көрсете алмайды, өз эмоцияларын басады, кейін деструктивті агрессия пайда болып, ол басқаларды келемеждеуде, оларды агрессивті әрекеттерге итермелеуде, ұрлық жасауда, аңдаусыз ашудың қысуда көрінеді;

  • ата-аналар баланың көзінше айналадағыларға агрессиясын білдіреді, мұны көрген бала айналадағыларға кінә тағады;

  • ата-аналар арасындағы қақтығыс, ажырасу.

Агрессивті баланы қостаудағы басты міндет: 1) қақтығыстық жүріс-тұрыстың алдын алу, ұжым жағдайларына бейімделу; 2) жақын айналасымен (отбасы мүшелері) жұмыс істеу, жүріс-тұрыстың жағымсыз (бұзушы) формаларын түзету.



Г И П Е Р А К Т И В Т І Б А Л А Л А Р

Гиперактивтілік («нормадан асқан әрекетшіл» деген мағынаны білдіреді) – зейінсіздікпен (зейін тапшылығымен), алаң болушылықпен, импульсивтілікпен және қозғалғыштықпен сипатталатын тұлға қасиеті. 1-3, 6-7 жас аралықтарында айқын байқалады.


Себептері

1. ананың баланы көтеру және туу кезіндегі патологиялар;

2. эмоционалды зейіннің, тәрбиедегі қаталдықтың жетіспеуі және қажет бақылаудың жоқтығы.

Гиперативті балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстың негізгі бағыттары


1. Тапшы функциялармен жұмыс

  • зейінді, мінез-құлықты және қимылды бақылау бойынша жеке жұмыс жүргізу;

  • зейінді, мінез-құлықты және қимылды бақылау бойынша параллельді түрде жұмыс жүргізу

2. Ересектермен және құрбыларымен өзара әрекеттесудің нақты дағдыларын дамыту

  • тыңдауға, түсінуге үйрету, бірлесе отырып алдын ала мадақтау мен жазалау жүйесін белгілеу бойынша жеке жұмыс;

  • топтық жұмыс: басқа балалармен әрекеттесуге үйрету (2-4 баладан тұратын топ), кейін жалпы топтық ойындар мен сабақтарға қатыстыру.


Гиперативті балалардың тәрбиешілерімен және ата-аналарымен жұмыс


1. Лекторийлер ұйымдастыру (гиперактивті балалардың тұлғалық ерекшеліктерін баяндау, түсіндіру);

2. Жеке консультациялар (туындаған мәселелер бойынша) өткізу.


Гиперативті балалардың ата-аналарына берілетін ұсыныстар


  • қатаң талаптар мен көлемді жүктемелер бермеңіз;

  • талап қою бірізділік қағидасының негізінде жүзеге асырылуы керек, ал күн тәртібі айқын және тұрақты болуы тиіс;

  • манипуляциялауға жол бермеңіз;

  • ескертулерді жиі жасамаңыз (баланың өзіндік бағалау деңгейі төмендеуі мүмкін), мадақтауды қолданыңыз;

  • берілетін нұсқаулар қысқа (10 сөзден артық емес), тапсырылатын әрекет түрі физикалық түрде де, уақыт бойынша да орындалатын болуы тиіс;

  • бала әрекетін жағымды салаға бұрыңыз (үйде өзін тыныш ұстай алмаса – далада ойнату, қатты айқайлағысы келсе – бірге қосылып ән айту);

  • орындалатын әрекет туралы балаға алдын ала ескертіп қойыңыз (өйткені бала зейінін бір әрекет түрінен екіншісіне бірден шоғырландыра алмайды);

  • эмоционалды қозуға жол бермеңіз (көп адамдар жиналатын жерге апармау, күннің эмоционалды қанықтылығы шектен асып кетпеуі тиіс)


Гиперативті балалардың тәрбиешілеріне берілетін ұсыныстар


  • баланың ерке қылықтарына назар аудармаңыз, олардан баланың зейінін басқа нәрселерге аударуға тырысыңыз;

  • таңдау жасатыңыз (нақты кездегі мүмкін болатын басқа әрекет түрі);

  • тосыннан сұрақ қойыңыз;

  • балаға бұрынғыдан өзгеше түрде жауап қайтарыңыз;

  • баланың әрекетіне мүлдем тыйым салмаңыз;

  • жарлық бермеңіз, керісінше, өтініңіз;

  • баланың айтайын дегенін тыңдауға үйреніңіз, кері жағдайда ол сізді де тыңдай алмайды;

  • бөлмеде жалғыз қалдырыңыз (егер балаға қауіпсіз болса);

  • егер бала кешірім сұрағысы келмесе, зорламаңыз.

А Л А Ң Д А У Ш Ы Б А Л А Л А Р

Алаңдаушылық – адамның жиі және қарқынды мазасыздануға бейімділігінде көрінетін жеке психологиялық ерекшелік.

Алаңдау – мазасызданудың эпизодты түрде көрінуі. Мәселен, 2 жаста – нақты жағдайларға байланысты (дәрігерге бару) мазасыздану, қорқу, 3 жаста – символикалық түрдегі мазасызданулар (қараңғылық, жалғыздық), т.б.

Алаңдаудың түрлері

мобильдеуші

босаңдатушы


Алаңдаушы балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстың негізгі бағыттары

1. Баланың өзіндік бағалауын арттыру

Көп жағдайда алаңдаушы балалардың өзіндік бағалауы төмен деңгейде болады, ол айналадағылардың бәрін сыни қабылдауда, табыссыздықтар үшін өзін кінәлауда, жаңа қиын тапсырманы алудан қорқуда көрінеді. Олар басқаларға қарағанда ересектер мен құрбылар тарапынан манипуляциялауға жиі ұшырайды.

Баланың өзіндік бағалауын арттырудың әдіс-тәсілдері:

  • қолдау көрсету;

  • шынайы қамқорлық білдіру;

  • әрекеті мен қылықтарына жағымды баға беру;

  • есімімен атау, басқа балалар мен ересектердің көзінше мадақтау;

  • басқа балалардың нәтижелерімен емес, өз нәтижелерімен ғана (кеше – бүгін – ертең) салыстыру;

  • уақытқа (жылдамдыққа) тапсырма бермеу, асықтырмау

2. Баланың бұлшықеттік және эмоционалдық зорланудан арылту амалдарына үйрету

  • релаксациялық ойындар;

  • негізінде дене контактісі жатқан ойындар;

  • сумен, құммен, балшықпен ойналатын ойындар;

  • массаж элементтерін қолдану;

  • импровизациялық маскарад-шоуларды қою.

3. Жарақаттайтын жағдайларда баланың өзін ұстау дағдыларын дамыту

  • рөлдік ойындар (бұрын болған және болуы мүмкін жағдайларды ойнату):

- әлсіз, қорқақ персонаждарды ойнату арқылы балаға өз үрейін сезіндіру және нақтыландыру, басқалардың әлсіз мінез-құлқын көре отырып, өз алаңдауына сырт көзбен қарауға мүмкіндік беру;

- күшті персонаждарды ойнату арқылы оларға сенімділікті және қиындықтарды жеңе алу сезімін ұялату.

Ең маңыздысы – ойындық жағдайды дамыту емес, қалай баланың ойын барысында алған өмірлік жағдайларды шешу тәжірибесін қолдана алу туралы онымен талқылау.

  • қуыршақтармен ойнау: алғашқыда ересек – «батыл қуыршақ», бала – «қорқақ қуыршақ», кейін ересек – «қорқақ қуыршақ», бала – «батыл қуыршақ» болып, орын ауыстырып ойнайды.

Алаңдаушы балалардың тәрбиешілерімен және ата-аналарымен жұмыс


Бала алаңдаушылығының қалыптасуы оны дұрыс тәрбиелемеудің салдары болып табылады:

  • қоятын талаптардың жоғары болуы;

  • ата-аналар тұлғасының алаңдаушы болуы, өзіндік бағалауының төмендігі, баласының қауіпсіздігі мен қорғансыздығы үшін қорқуы;

  • ата-аналардың өздеріне қанағаттанбауының салдарынан орындалмаған барлық арман-тілектерін өз баласы арқылы іске асыруы;

  • авторитарлы тәрбиелеу стилін қолдану, т.б.


Ата-аналардың өзіндік бағалауын арттыруға бағытталған ұсыныстар

Мазмұны

Жолдары

1.

Өмірге жағымды түрде қатынасуға тырысыңыз

  • жағымды тұжырымдардан тұратын ішкі диалог орнатыңыз

  • жағымсыз ойлардан жағымдыларға бірден ауысуға тырысыңыз

2.

Адамдарға тиісінше (лайықты) қатынасыңыз

  • әрбір адамда оның кемшіліктерін емес, артықшылықтарын іздеңіз

3.

Өзіңізге құрметпен қараңыз

  • өз артықшылықтарыңыздың тізімін құрастырыңыз және оған өзіңізді сендіріңіз

4.

Ұнамсыз қылықтардан арылыңыз

  • айнаға жиі қараныңыз (өзіңізге: «Өзгеруім қажет пе?» деген сұрақ қойыңыз), егер өзгеру қажет болса – істі ертеңге қалдырмаңыз.

5.

Шешімдерді дербес қабылдауға кірісіңіз

  • дұрыс және дұрыс емес шешімдердің жоқ екендігін естен шығармаңыз

  • қабылдаған шешімдеріңізді әрқашан ақтауға және негіздеуге (қорғауға) құқығыңыз барын ұмытпаңыз

6.

Айналаңызды жағымды ықпал жасайтын заттармен толықтырыңыз

  • ұнайтын кітаптарды, магнитофондық жазылымдарды сатып алыңыз

  • өз «әлсіздіктеріңізді» айтуға, білдіруге ұялмаңыз

7.

Тәуекелге бел байлаңыз

  • жауапкершіліктен қашпаңыз

8.

Сенуге тырысыңыз

  • айналадағыларға (адамдарға, тағдырға, жағдайларға) сенім артыңыз



А У Т И С Т Б А Л А Л А Р

Аутизм (грек тілінен аударғанда «өзі» деген мағынаны білдіреді) – баланың ОЖЖ-нің биологиялық тапшылығымен шартталған психикалық дамудың бұрмалануы.


Аутизмнің негізгі клиникалық белгілері:

  • коммуникацияның қиындықтары;

  • сенсорлық тітіркендіргіштерге сәйкес емес жауап-әрекеттердің (реакциялардың) пайда болуы;

  • сөйлеудің дамуындағы бұзылыстар;

  • мінез-құлықтың стереотиптілігі.


Аутизмнің жіктеуі (О.С.Никольская бойынша)

І топ

айналадағылармен контактіге түсу қажеттілігінің жоқтығы, агрессивтілік белгілерінің болуы, өзіне қызмет ету дағдыларының болмауы

ІІ топ

сыртқы ортаны шеттету, үрейдің, стереотипті қимылдардың, импульсивтіліктің, мәнерліліктің, анасымен симбиотикалық байланыстың болуы

ІІІ топ

абстрактілі қызығушылықтар мен фантазиялардың болуы, сөйлеудің ілгері дамуы, анасының, айналадағылардың көмегін, бақылауын көп деңгейде қажетсінбеуі, эмпатия деңгейінің төмендігі

ІV топ

тежелудің басым болуы,

қарым-қатынаста ұялшақтықтың, алаңдаушылықтың, сенімсіздіктің болуы, анасына эмоционалды түрде тәуелділігі





Аутизмді балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстың негізгі бағыттары


1. Түйсіктерді, қабылдауды және көру-моторлық кординацияны дамыту

  • бұлшықеттік, тактильдік, көру-тактильдік түйсіктерді, қабылдауды, кейін зейін, ес және қиялды дамыту;

  • көру-моторлық координацияны дамытуда айнаны (ересектердің әрекетін қайталау үшін) қолдану;

  • балаға өз денесін тануға көмектесу.


2. Өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту

  • әрекеттің операциялық (кезеңдік) картасын бірлесе құрастыру және қолдану.


3. Сөйлеу мен коммуникативті бейімділіктерді дамыту

  • аутизмді балалардың әр тобымен жекелей түрде жұмыс жүргізу:

    • І топпен жұмыс істегенде: айтатын сөздерді нақты түрде жеткізу, балалардың бұл сөздерді айтуына (қайталауына) назар аудару және жәрдемдесу;

    • ІІ топпен жұмыс істегенде: балалардың сөздік белсенділігін күшейту (сөйлемнің құрылымын қиындату);

    • ІІІ топпен жұмыс істегенде: балаларды диалогтық сөйлесуге (ересектердің олардың айтқанын тыңдауы, сұрақтар қоюы, белгілі әңгімені, ертегіні жалғастыртуы) үйрету, эмоционалды қолдау, сөйлеуін бөлмеу, айтқанын соңына дейін тыңдау;

    • ІV топпен жұмыс істегенде: сезімталдылық пен қажет деңгейдегі зейінді аударуды басшылыққа алу;

      • коммуникативті бейімділіктерді дамытуда ойындық әдіс-тәсілдерді қолдану


Аутизмді балалардың тәрбиешілерімен және ата-аналарымен жұмыс


Тәрбиешілер мен ата-аналарға берілетін ұсыныстар:

  • психологпен және дәрігермен бірлесе жұмыс істеңіздер;

  • баламен сенімді қатынас отнатыңыздар;

  • бірігіп ертегі, әңгімелер оқыңыздар, сурет салыңыздар, теледидар бағдарламаларын, көріңіздер;

  • күн тәртібін сақтаңыздар (пиктограммалар арқылы бейнелеу маңызды);

  • дәстүрлерді (ритуал) ойластырыңыздар және күнделікті қолданыңыздар;

  • әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрыстың стереотиптерін қалыптастырыңыздар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!