Материалдар / Тәрбиешілерге арналған тренинг: "Ерте жас тобындығы балалардың балабақшаға бейімделу кезінде жүргізілетін жұмыстар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиешілерге арналған тренинг: "Ерте жас тобындығы балалардың балабақшаға бейімделу кезінде жүргізілетін жұмыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологынің тәрбиешілерге арналған семинар тренингі. Бұл тренингте ерте жас тобындағы балаларды бейімделуге көмектесуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
1261
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерте жас тобындығы балалардың балабақшаға бейімделу

кезінде жүргізілетін жұмыстар

Сәлеметсіздер ме? Құрметтті әріптестер! Уақыт бөліп бүгінгі семинарға келгендеріңізге үлкен рахмет.

Балабақшаға бірінші рет келген бүлдіршін үшін алғашқы ай бейімделу кезеңі болатыны сөзсіз. Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа немесе өзгерген жағдайға үйренуі. Кез келген балаға жаңа бөлменің, жаңа ойыншықтардың, жаңа адамдардың, жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды және мәліметтік стресс болып келеді. Нақты күн тәртібі, ата-ананың жоқтығы, құрбыларымен қарым-қатынас, мінез-құлыққа жаңа талаптар, жалпы жаңа орта балабақшаға, жаңа келген бала психикасына ауыр жүк болып, нәтижесінде ұйқысы бұзылып, тәбеті жоғалып, қорқыныштар да пайда болып, бала жиі ауырады.

Баланың балабақшаға бейімделу дәрежесі оның психикалық және физикалық денсаулығын анықтайды. Бейімделу сипаты келесі факторларға байланысты:

  • Баланың жасына;

  • Баланың даму деңгейіне және денсаулық жағдайына;

Жағымды бейімделу бес күннен 15 күнге дейін созылып, балада салмақтың түсуі, көңіл-күйдің және тәбеттің болмауы, ұйқының бұзылуы сияқты жағымсыз белгілер байқалмай, күн тәртібі сақталып, белсенді ойын, жақсы тамақтану, ұйықтау, құрбыларымен және ересектермен араласу орын алады. Егер бала аурушаң болса, жүйке-психикалық дамуы қалыс қалса (мысалы сөйлеу дамуының артта қалуы диагнозы), үй және балабақша тәртіптері арасында үлкен айырмашылық байқалса, отбасында жеткіліксіз эмоционалды қатынас жасалса, қолайсыз бейімделу өтеді. Мұндай жағымсыз психоэмоционалды жағдай бір айдан алты айға дейін созылып, бүлдіршін өзін жайсыз сезініп, жабырқаулы көңіл-күйде болып, топ балаларымен белсенді ойнамай, жылап, тәрбиеші сөзіне, балабақша ережелеріне бейжай қарауы мүмкін.

Бейімделу мәселесінде тәрбиеші ата-анаға баланың күн тәртібін балабақшаның күн тәртібіне жақындастыру керектігінен бастау керек. Әр баланың ерекшелігін ата-анасынан сұрап, оны ескеріп, қарым-қатынас жасаған жөн. «Бала жылап-жылап қояды» деген жаңсақ пікірден алшақ болып, балада балабақша туралы теріс пікір қалыптаспауын қамтамасыз ету керек. Оны болдырмау үшін:

  • Топта эмоционалды қолайлы атмосфера тудыру керек.

  • Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.

Бейімделу кезінде ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып, «бала-ересек», «бала-бала» арасындағы эмоционалды қарым-қатынасты жақсартқан абзал.

Балабақша педагог-психологы ерте жас тобындағы балаларды күнделікті қадағалап, бейімделу үрдісін байқайды. Байқау нәтижелері тәрбиешілермен бірлесе отырып бейімделу парағына толтырылады.

Бейімделу парағынан қай балада бейімделу жеңіл, орташа, ал кімде ауыр өтіп жатқанын байқап, педагог-психолог дамыту-түзетушілік жұмыс жүргізеді. Бұл топта ойындар ойнату, ертегі оқу, сахналау немесе сурет салғызу түрінде өтеді.

Бейімделу кезінде сурет салуды педагог жиі қолданған жөн, себебі сурет – теріс эмоция мен сезімдерді шығарудың бір жолы, сол себепті балалармен жиі сурет салған бейімделу кезінде маңызды. Жалпақ сызық қалдыратын фломастерлер мен маркерлер балаларға ләззат сезімін сыйлайды. Ал сумен, құммен ойнаған балаларды тыныштандырып, босаңсытады.

Топта ойындар ойнату арқылы ұжымды біріктіріп, баланың топта өзін жайлы сезінуі қамтамасыз етіледі. Сіздерге арнайы «Баланың балабақшаға үйрену кезіндегі педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру» атты жадынама дайындап әкелдім. Бұл жадынаманың ішінде балаларды бір-бірлеріне жақындастыруға бағытталған ойындар бар. Өздеріңіз оқып танысып, алдағы уақытта қолданасыздар деген үміттемін.

Баланың балабақшаға үйрену кезіндегі педагогикалық

іс-әрекетті ұйымдастыру

(Ерте жас тобындағы тәрбиешілер мен көмекшілерге

арналған жаднама)

  • Балабақшаға әр бала әртүрлі үйренеді, сондықтан біртіндеп күн тәртібіне үйренетін балаларға шыдамды болыңыз;

  • Балабақшаға келген күнінен бастап бала өзіне деген қамқорлықты, сүйіспеншілікті сезінуі қажет;

  • Балаға үйінен өзінің жақсы көретін ойыншығын әкелуге рұқсат беріңіз;

  • Баланың әр күнін өзгеше қызықты етіп ұйымдастыруға тырысыңыз;

  • Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойындарды ұйымдастырыңыз;

  • Баланың көңілін аулаудың бір түрі – оның күлкісі, сондықтан балаға көңілді ертегілер оқып, мультфильмдер көрсеткен жөн;

  • Балада басқа адамдарға жағымды қатынас қалыптастыруға ұмтылу керек;

  • Топта баланың кез келген дербестігін, өз бетінше әрекет етуін қолдаңыз;

  • Балаға терең ойлануға арналған ойындарды және дене жаттығуларын беруге ертерек;

  • Тәрбиеші әр баланың мінез-құлқына (үндемейтін немесе жылдам бала, т.б.) көңіл аударып, әңгімеге тартқан абзал;

  • Баланың мінез-құлқын, тәртібін баланың көзінше талқыламаңыз;

  • Ата-анаға баласы жайлы көп шағым жасамаңыз, кері жағдайда ата-ананың ғана емес баланың да наразылығына ұшырайсыз;

  • Ата-аналармен күнделікті әңгімелесіп, қиын бейімделіп жатқан бала ата-анасын жағымдылыққа баулып, баласы біртіндеп үйренетіндігіне үміттендіріңіз.

«Кел, танысайық!» ойыны

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберде тұрады. Тәрбиеші қолына доп (доп жеңіл, әдемі болуы керек) алады. Бала допты қағып алып, өзінің атын айтып, келесі балаға береді, ойын осылай жалғасады.

«Көпіршіктер!» ойыны

Балалар орындықта жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір баланың жанына барып «Сенің атың кім?» атыңды қатты дауыспен барлығы есітетіндей етіп айтшы деп сұрайды!» Бала өзінің атын айтады. Тәрбиеші баланың атын қайталап, қолынан ұстап, келесі балаға келеді, осылай барлық бала кезекпен бір - бірінің қолдарынан ұстап тәрбиешімен жүреді. Алдымен ойынға құштарланып тұрған балаларға барған жөн. Егер бір бала ойнағысы келмесе қинаудың қажеті жоқ. Олар ойынды бақылап отырып, ойынға қызығып өздері ойынға қосылады.

Балалар үлкен шеңбер болады. Тәрбиеші, «қараңдаршы бізде қандай үлкен көпіршік сияқты шеңбер пайда болды! Қараңдаршы, біз қалай көппіз.- Ал енді кішкентай шеңбер жасаймыз».

Балалар тәрбиешімен тығыз шеңбер жасап, көпіршікті үрлей бастайды.

«Кімнің дауысы?» ойыны

Балалар жартылай шеңбер жасап отырады, ойын бастауға бір бала шығып, балалардың артында тұрып бір баланың атын атайды, балалар кім екенін табады. Ойын осылай жалғасады.

«Жаңғырық» жаттығуы

Педагог: «Орманда қатты айқайласаң, бірер уақыттан соң сол дауысыңды қайта естисің. Мұны жаңғырық деп атайды. Қане кезекпен бір баланың атын айтайықшы» дейді. (Ислам, Дильяра, Айша, Санжар, Әміртай, т.б.)

«Ау!» ойын-жаттығуы

Педагог: «Бір бала басқаларға арқасымен тұрады. Бұл бала орманда адасып қалыпты. Қазір оны кезекпен «Ау!» деп шақырайық. Ал жоғалып қалған бала кім оны шақырып жатқанын тауып алуы керек» дейді.

«Менің атым …» жаттығуы

Ортада шеңберде отырған әр балаға педагог кезекпен доп лақтырады, допты қағып алған бала өзінің атын айтады. Қалған балалар шапалақтайды.

«Қоңырауды бер» ойыны

Балалар шеңберде отырады. Педагог шеңбердің ортасында тұрып, «Қазір мен ортаға бір баланы шақырамын. Ол менің орныма тұрып, мына қоңырауды сылдырлатады» дейді де, бір баланы шақырады. Ол бала ортаға шығып, қоңырауды сылдырлатып, басқа баланы атымен атап, шақырады немесе қолымен көрсетеді. Педагог әрбір баланың атын дауыстап айтып отырады.

«Ойыншықпен әңгіме» ойыны

Балалар сүйікті ойыншықтарын қолына ұстап отырады, ал педагог қолына қолғап ойыншығын киеді. Педагог баланың ойыншығына жақындап, сипап, сұрақтар қояды: «Сенің ойыншығың қандай? Сенің балабақшада досың бар ма? Достарыңның аты кім? Қандай ойындар ұнайды?» және т.б.

     «Иә» десең – қолмен шапалақта, «Жоқ» десең – аяқпен тыпырлат» ойыны.

Педагог: «Мен сендерге қазір бір нәрсе айтамын, егер сендер «иә» десеңдер – қолмен шапалақтаңдар, ал егер келіспей «жоқ» десеңдер – аяқпен тыпырлатыңдар, бірақ ешкім сөйлемеуі керек, тек қимылмен көрсетеміз. Түсінікті ме?» дейді.

Менің барлық балалармен ойнаймын.

Мен балаларды ұрамын.

Мен ойыншықпен бөлісемін.

Мен көп жылаймын.

Мен үлкендерді тыңдаймын.

«Ойыншықтармен алмасу» жаттығуы

Педагог: «Балалар қолдарыңа ойыншық алып, шеңбер бойлай дөңгеленіп отырайық. Мен көзімді жұмғанда үндемей ғана ойыншықтарыңды дос баламен ауыстырыңдар» дейді.

«Кенгуру» ертегісі

Баяғыда Кенгуру өмір сүріпті. Оның кішкентай баласы болыпты. Ол басында өте әлсіз болып, анасы оны өзінің қалташасына салып жүріпті. Қалта өте жайлы еді, онда кенгурудың баласы тамақ ішіп, ойнайды. Бірде ол ұйқыдан тұрса, анасы қасында жоқ екен. Бала қатты жылап, анасы келгенше дейін айқайлап тұрыпты. Оны естіген анасы қасына жүгіріп келіп, баласын қалтасына сала қояды. Кенгурудың баласы өсіп, анасының қалтасына сыймай қалады. Бірақ ол бәрібір қол-аяғын қысып жинап, қалтаға болмай кіріп алады.

Кешке қарай кенгуру анасымен қонаққа барады. Қонақта көп балалар болады, олар көңілді ойнап, секіріп жүреді. Кенгурудың баласы олармен ойнағысы келеді, бірақ анасын тастап кетуге қорқады. Бәрі келіп оған ойнайық дегенде, ол қалтада тығылып қалады.

Күндер өтіп, кенгурудың баласы мүлдем қалтаға сыймайтын болады. Оның құмда зәулім ғимараттар салып, далада жүгіргісі, ойнағысы келді, бірақ қорықты. Сондықтан анасынан айрылмады.

Бір күні анасы таңертең дүкенге кетті. Кенгурудың баласы көзін ашса, анасы жоқ, қатты жылап, айқайласа да, анасы келмеді. Терезеге қараса көршілердің балалары далада жүгіріп, ойнап жүр. Олар өте көңілді еді. Кенурудың баласы жылауын қойып, балалармен ойнағысы келді. Ол өзі киініп, жуынып, балаларға барды, олармен кешке дейін ойнап, көңілді уақыт өткізді. Анасы бұл қылығы үшін баласына қуанып, оны мақтады. Енді анасы баласын үйге қалдырып, дүкенге не жұмысқа бара алады, себебі оның баласы өсіп, үлкен болып, өзі басқа балалармен ойнай алады. Ал кешке анасы міндетті түрде үйге келіп, өзінің сүйкімді баласына оралады.

Баланың қажеттілігін қанағаттандыру, оған жағымды қарым-қатынас жасау, мейірімділікке бөлеу, күнде жаңа ойындар ойнап, қызықтыру – баланың балабақшаға тез бейімделуіне оң қадам.

Баланың балабақшаға бейімделуінде және ата-аналармен бейімделу кезінде кездесетін қиындықтарды шешу мақсатында «Ыстық картоп» ойынын ойнауға ортаға бес тәрбиешіні шақырамын. Ойынымызды бастаумас бұрын «Ыстық картоп» ойынының шартымен таныстырып өтейін. Барлығыңыз шеңберге тұрыңыздар. Менің қолымда үш ыстық картоп бар, әр ыстық картоптың ішінде ситуациялық сұрақтар жазылған қазір музыка қосылғанда шеңбер бойымен ыстық картопты бір-бірлеріңізге бересіздер, музыка тоқтағанда ыстық картоп кімнің қолында қалып қойса, сол адам ыстық картоптың ішіндегі ситуациялық сұрақты оқып, оның шешімін айтады. Ал қағандарыңыз сол шешіммен келісесіздер ме, әлде келіспейсіздермен, немесе өз қосарларыңыз болса, сол туралы айтып бересіздер. Ойын әрі қарай ыстық картоптар аяқталғанша жалғасады.

Ыстық картоп ойынының ситуациялық сұрақтары:

  1. Сіз ата-анасыз, балаңыз балабақшаға барудан бас тартты, себебін сұрадыңыз: барғым келмейді, әдетінше қөзінен жас моншақтап аға бастады сіздің әрекетіңіз?

Психолог ұсынысы: Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады. Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз. Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге және тобындағы балаларға байланысты. Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барар еді.


  1. Марат атты баланы ата-анасы күнде таңғы астан кейін топқа әкеледі, сол себептен Марат үнемі таңғы астан кеш қалады. Және ойындар мен жаттығуларға қатыспайды.

Тәрбиеші Мараттың ата-анасына балабақшаның күн тәртібін сақтау керек екендігін айтқанда, Мараттың ата-анасы баласын өзіне ыңғайлы болған уақытта алып келуге құқығым бар деп жауап береді. Тәрбиешінің іс- әрекеті?

Психолог ұсынысы: Мұндай жағдайда ата-аналармен қарым-қатынаста айыптау интонациясын қолдануға болмайды, өйткені бұл оларды «Шабуыл» түрінде психологиялық қорғауға итермелейді. «Мен-хабарлама» әдісін қолдану жақсы. Мысалы: Марат таңертең болмағанына өкінемін, өйткені бізде жаңа, осындай көңілді жаттығу маңызды сабақ, ойын болды деп ата-ананы қызықтырған жөн болар еді. Сонымен қатар тәрбиеші келесі ата-аналар жиналысында балалармен таңертеңгі ойын жатығулардың, слайдын, видеоролигін жасап көрсетіп, балалармен таңертеңгі жеке сабақтардың нәтижелерін атап өту маңызды.


  1. Балабақшаның бірінші кіші тобына Ербол атты бала келді. Бұл уақытқа дейін ол балабақшаға бармаған екен. Машинамен ойнап болған соң оны бөлменің ортасына тастап кетті. Бұл жағдайда тәрбиеші не істеуі қажет?

Психолог ұсынысы: Бұл жағдайда тәрбиеші баланың жаңадан келгенін, әлі балабақшаның ережесін білмейтінін ескеруі қажет. Оның үрейлі күйінде ескеру керек. Балаға ақырын балабақшаның ережесін түсіндіріп, «Ал екеуіміз мына машинаны гаражға апарып қояйық» деп баланың бұл тапсырманы қызығушылықпен орындауына мүмкіндік беру керек.


Ерте жастағы балаларының балабақшаға бейімделу кезіндегі ата-аналарға арналған ақыл-кеңестерді сіздерге ұсынғым келеді.


Баланың балабақшаға бейімделуіне ата-ананың көмегі

(Ерте жас тобындағы ата-аналарға арналған жаднама)

Ата-ана баласының бейімделуін жеңілдету үшін төмендегідей қадамдар жасағаны дұрыс:

  • Мекемемен (меңгерушімен, топ тәрбиешілерімен, дамыту және тәрбиелеу бағдарламасымен, үйге берілетін тапсырмалар мазмұнымен, күн тәртібімен, тамақтану мәзірімен, ойын алаңымен, т.б.) танысу;

  • Тәрбиешілерге бала туралы толық мәлімет беріп, оның ерекшеліктерін айту, оларға сенім білдіріп, бірлесе әрекет ету, ата-аналар жиналысына қатысып отыру;

  • Баламен әңгімелесу және ойнау (балабақшаны мақтау, яғни онда қызықты танымдық сабақтар болатынын, би билеп, ән салумен қатар суреттер салатынын айту, басқа балалар арасында ойнаумен, тәтті ботқалар жеумен қызықтыру, арнайы киімдер, кеңсе заттарын әперу арқылы қызығушылығын арттыру, балабақша жағдайын үйде ойнау, әсіресе балаға тәрбиешінің рөлін беру, т.б.);

  • Балабақшаға түсудің алғашқы күндері баланы серуендеуге қатыстырып, екі-үш сағаттан қалдырып, ойнау әрекетіне тарту, үйренуін қадағалап отыру, күнде топта болған жағдайларды сұрастырып, айтылған жайттарды үйде қайталап, өрісін кеңейту, жағымды сәттерге баса назар аудару, таңертеңгі уақытта баланы балабақшаға әкелгенде қолға ұстамау, жетектеу, топқа жіберер алдында көп әңгімелеспеу;

  • Бала үйде болғанда махаббат пен қамқорлыққа бөлеу (жылы сөйлеу, зейінді тыңдау, тактильді және көздік контакт жасау) және қауіпсіздікті қамтамасыз ету (міндетті түрде балабақшадан алып кететінін айту, белгіленген уақытта келіп отыру, балабақшаны жағымсыз бейнеде танытпау);

  • Баланың қарым-қатынас аясын кеңейту, басқа адамдарға жағымды қатынас қалыптастыру, үй ауласында таза ауада жиі серуендеу, қолдау ретінде өзіне ұнаған ойыншықтарды әперу, сүйікті ойыншықтарын топта ойнауға беру, дәруменге толы әртүрлі тамақ дайындау, денсаулығын қадағалау;

  • Демалыс күндері күн тәртібін сақтау, баланың тұру уақытын 30-40 минутқа ғана кешеуілдету, үйде дербестікті қолдау, өз бетінше әрекет етуге ынталандыру.


Баланың балабақшаға бейімделуінде маңызды орынды отбасы алады, себебі ата-анасына тым бағынышты балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі екіталай. Ата-ана зейін көрсетіп, қолдау жасауға, уақытында баладан алшақтай алуға, жайсыздықта керек сөзді тауып уатуға, қажет болғанда талап қойып, оны орындатуға, шыдамдылық танытып, байсалдылық көрсетуге дайын болғаны жөн.

Балабақша – бүлдіршін үшін ұжымдық қарым-қатынастың бірінші тәжірибесі. Әр баланың мүмкіншілігі, қабілет-қарымы әртүрлі болуына қарай бейімделуі де түрліше өтеді, сондықтан алдымен баланың жағымды ішкі эмоционалды жағдайын қолпаштау керек. Балаға жайлы және жақсы болғанда ғана ол ортаға тез үйреніседі, үйлесімді дамиды. Бүлдіршін ата-анасы сұрамай-ақ балабақшада жаттаған тақпағын көңілдене айтып берсе, күні бойы болған топ оқиғаларын өзі баяндаса – бұл оның бейімделгенінің бірінші белгісі. Ата-ана мен педагогтар бірлесіп, балаға оң психологиялық ахуал тудыра алса ғана бала тұлғасы қалыптасып, жан-жақты дамиды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!