Тәрбиешілерге психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиешілерге психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға «Күлкімен адамды емдеуге бола ма?» деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілер мен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттерәкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту

басқармасының «Шардара ауданының адами

әлеуетті дамыту бөлімі»

Қ. Тұрысбеков ауылдық округі

МКҚК «Кәусар» бөбекжай балабақшасы










«Күлкі — өмір кілті» педагогтарға

арналған психологиялық тренинг







Педагог-психолог: Г. Тукеева



















2021-2022 оқу жылы

«Бекітемін»

«Кәусар» бөбекжай балабақшасының

директоры:____________________

Н. Тагайханова



«Күлкі — өмір кілті» педагогтарға арналған

психологиялық тренингі



Жігіттер, ойынарзан, күлкі қымбат

Абай

Күлкі – өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен…

Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді.

Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйық болады. Адамдар мен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі.

Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдар үлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.

Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.

Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді.

Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?

Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен. Ал қолыңызды иегіңіздің астына апарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз. Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңыз. Егер күлердің алдында, басыңызды әнтекеңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз. Күлгенде, мұрныңызды тыржитасы зба? Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпия задамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлужұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі.

Күлкі туралы қызықты дерек

· Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.

· Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.

· Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.

Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға «Күлкімен адамды емдеуге бола ма?» деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілер мен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттерәкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.

І. Сәлемдесу

Жаттығудың мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен амандасуы Қатысушыларға шеңбер бойында отырып, үш топқа бөлінуі тиіс. Олар: жапондықтар, европалықтар және африкалықтар. Әр қатысушы шеңбер бойымен жүріп, бір-бірімен жапондықтарша – иіледі, европалықтар – қол алысады, африкалықтар дәстүрі бойынша мұрындарын түйістіреді.

Бұл жаттығу көңілді және эмоциялы болып өтеді.

II. «Менің көңіл-күйім неге ұқсайды?»

Педагогтар шеңбер жасап отырады. Қатысушылар шеңбер бойымен бір-біріне өзінің көңіл-күйі неге ұқсап тұрғанын және бір нәрсеге(жеміске, табиғат құбылыстарына, затқа т.б.) салыстырмалы түрде айтуы керек

ІІI. «Спорт – өмір көркі» ойыны. 

Бәріміз екі топқа бөлініп стол ойындарын ойнаймыз. Футбол ойыны. Шашка ойыны. Оң аяқ, сол аяқпен секіру ойыны. Футбол ойынында шырын ішетін түтікше арқылы допты үріп отырып қақпаға гол салу. Қолмен ұстауға болмайды. Келесі шашка ойыны, резенкені тартып шашканы тесіктен кім бірінші өткізсе сол жеңімпаз болады.


ІV. «Майшам» «Тілек шамын» жағамын. Бұл шамды жаққан себебім әрқашан алдарыңыз осы жарық шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Бір – біріне тілек айту. Құрметті тәрбиешілер бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса балабақшада балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге атсалысайық.


V. Қорытынды. «Күлкі»

Күні бойы өзіңізге бірнеше минут бөліңіз. Ол уақытта көзіңізді жұмып, ештеңе ойламауға тырысыңыз. Сол кезде жүзіңізде міндетті түрде күлкі болуы керек. Егер де 10-15 минут жүзіңізде күлкі ұстай алсаңыз, көңіл-күйіңіз көтерілгенін, сабырлық танытқаныңыз сезіледі. Күлкі уақытында бетіңізде импульс пайда болады, ол нерв системаларына әсерін тигізеді. Егер, өтірік күлкі жасасаңыз да жағымды әсер аласыз.

Құрметті әріптестер! Күлкінің төресі – кез-келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды» депті Элла УилерУилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық.



Педагог-психолог: Г. Тукеева

















Жапондықтар мен американдықтарша амандасу



Үстел үстіндегі ойындар: «Шашка» «Футбол»



Оң аяқ, сол аяқ, бес саусақ ойыны. «Тілек шамы»







14.01.2022 жыл




























































IV.«Ұстаз тұлғасы» психологиялық жаттығуы.

Қажетті құралдар: үлестірмелер

Уақыты: 15 минут

Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз – лидер» т.с.с.) үлестірмелер бар үлкен қорап қойылады. Әрбір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алады. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.

V. «Бұл керемет!» презентация

VI. «Сиқырлы таяқша» ойыны

Мақсаты: вербальды және вербальды емес қарым-қатынас түрлерін дамыту, жылдам әрекет етуге үйрету.

Шарты: залда музыка қосылып тұрады, қатысушылар сағат тілімен сиқырлы таяқшаны бір-біріне береді. Музыка тоқтаған сәтте таяқша кімнің қолында қалса сол ортаға шығып карточка алады. Үлестірмеде жазылғанды залға көрсетеді, қатысушылар нені көрсеткенін табу керек.

VІI. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 10 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде … әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әрбір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» — 1-ші топқа арналған хат;

«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» — 2-ші топқа арналған хат;

«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» — 3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

VIII. Қорытынды. «Күлкі»

Күні бойы өзіңізге бірнеше минут бөліңіз. Ол уақытта көзіңізді жұмып, ештеңе ойламауға тырысыңыз. Сол кезде жүзіңізде міндетті түрде күлкі болуы керек. Егер де 10-15 минут жүзіңізде күлкі ұстай алсаңыз, көңіл-күйіңіз көтерілгенін, сабырлық танытқаныңыз сезіледі. Күлкі күлкі уақытында бетіңізде импульс пайда болады, ол нерв системаларына әсерін тигізеді. Егер, өтірік күлкі жасасаңыз да жағымды әсер аласыз.

Құрметті әріптестер! Күлкінің төресі – кез-келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды» депті Элла УилерУилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2024
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі