Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы
Материал туралы қысқаша түсінік
Ең алдымен тәрбие соң білім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
14 Ақпан 2019
2485
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың роліПатриотизм –тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің раrties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке –бірлінінде, ынтымақ- ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан-байтақ жерінің біртұтастығында. Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғы шарттар қажет: - Төл тарихмызды білу. - Ана тілді ардақтап, құрметтеу. - Ұлттық салт-дәстүрді, әдет- ғұрыптарды қадірлеу. Патриоттық сезім –ұлттық рух деңгейінің өлшемі.Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі –білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, біздің барлық іс-әрекетіміз осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине , кітаптан. «Кітапхана білімнің күн шуағы» деуміздің мәні де осында. Өйткені тәрбие мен білім егіз – ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы: «Ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек»,- деген сөздерін тірек ете отырып, жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойындағы ана тіліне бағытталған сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайту . Қазіргі қоғам дағы патриоттық сана 2 топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі. 1.Оқушылардың сана –сезімін өз ұлтынның мәдениеті мен ана тілін меңгеру негізінде дамыту. 2.Әлемдік өркениет жетістіктерінің, жалпы адамдық қасиеттерінің жүйесін меңгеру негізінде дамыту,яғни оқушылардың өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерін үйрену.Сапалы жұмыс жүргізу үшін оқырмандармен жүйелі жұмыс жүргізу керек. Ол үшін кітапхана оқырмандарын жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, кітапхана жұмысының тиімді формаларын қолдану керек.
Мектептегі өскелең ұрпақтар- болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің тірегі- білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақтымәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтары-мыздың көп болуы әбден керек- ақ... Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан- 2030» Жолдауынның «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «... біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп үміт артып отыр . Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастыру Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды. Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру және насихаттау мақсатында әр түрлі тақырыптарда ертеңгіліктер,тәрбие,сынып сағаттары, таңымдық кештер т.біс-шаралар өткізілді. Атап айтсам: 1-4 сыныптарда «Еліміздің мемлекеттік нышандары», «Сен және сенің құқығың», «Біздің жаңа Заңымыз», 5-8 сыныптарда «Қазақстан: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты», «Менің Отаным- Қазақстан», «Қазақстан Республикасының жаңа Заңы және мемлекеттік нышандар», «Отанды қорғау- әр азаматтың міндеті», 9-11 сыныптарда «Мен- тәуелсіз мемлекет азаматымын», «Туған жерді сүю- парыз, күзетінде тұру- парыз», «Мемлекет. Құқық. Этика» және т.б. Сондай- ақ «Мен өз елімнің патриотымын ба?», «Қазақстандық патриотизм деген не?» атты пікір- сайыс, «Өз елінің патриоты болу - міндетіміз», «Ұрпағының мәңгі есінде», «Қазақстанның даму кезеңдері» атты ауызша журнал , «Ата Заңым- айбарым», «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілік, «Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?», «Заң білмеген зардап шегеді» атты сұрақ- жауап және пәнаралық байланыс негізінде «Қазақстан еліне саяхат», «Менің ауданым. Менің көшем. Менің аулам» атты танымдық ойындар ұйымдастырып өткізілді, онда жас ұрпақтың қабілеті мен таланты ашылып, шығармашылық ойлау қабілеті жетіледі, өзіне деген сенімі артады. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде және жоғарыда аталған іс- шараларды өткізуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырларды атап өтуге болады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық істер жайында туған мақал- мәтелдер халықтың ой- тілегі, арман- мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан- ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. Патриотизмге тәрбиелеудегі көркем шығармалардың орны.М.Әлімбаевтың «Сөз құдреті» өлеңінде: Бал қаймақтай тәтті сөзҚара тастай қатты сөз- деп сөздің кісіге қалай әсер ететінің жеткізеді. Ақын ӘТәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңіндегі: Туған тілім тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы.Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім , менде бірге өшемін, -деген шумағында тілдің ұлттық,елдік мән-маңызы насихатталады.Бұған қоса,туған жер, туған ел тақырыптарын қозғаған Абай, Ыбырай Алтынсарин,Жамбыл өлең жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынов,М.Дулатов,Ж.Аймауытов,М.ӘуезовтыңҒ.Мүсірепов сияқты ақын- жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады. Ж.Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін туған жер » атты үзіндісінде: «... Қартқожа үйге сүйеніп , ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл біртүрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді,қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ исі де тәтті...» деп келетін жолдар арқылы жазушы ауылдың мамыржай қалпын суреттеп қана қоймай, баланың жан-жүрегін баурап алып, оны тебіренье түседі. Онан әрі «Ыстық қой , шіркін, туған жер!Кім сүймесін өз жерін? Сүмесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек зердесіз...» деген жолдар оқушының намысын оятып,ойын ұшқыр, санасын сергек етуге жәрдемдеседі. Осылайша оқушының туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, түсінігіне жеңіл шығарманың бірі Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесі. Шығарманың негізгі ойы – «дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс- әркімнің өз мекені, өз жері екен» деп тұжырымдалған соңғы сөйлемде берілген. Қорта айтқанда, көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесінің қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру өзекті де күрделі мәселе болып табылады. Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт- бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:Біз қазақ мал баққан елміз,Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,- деп қазақ елінің ешкімге барып соқтықпағаны, «Жаным- арымның садағасы»- деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал ХХ ғасырдың өр ақыны Ж. Молдағалиев:Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,- деп еліне, жеріне дегенсүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді. Мазмұны батырлық, ерлік, ар- намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейілінше қатал, өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін көркем шығармалар арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені кеңінен беруге болады. Мұндай шығармалар оқушыларды ерлік ісіне, табандылыққа, ақылдылыққа,елін, жерін сүйетін намысына беріктікке, отаншылдыққа үйретеді. К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс»- дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі- Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс- шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)