«Тарих беттері. Жетістік энциклопедиясы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тарих беттері. Жетістік энциклопедиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беру үдерісіне келетін болсақ әрбір адам өзінің қоғам алдындағы нақты жауапкершілігі мен міндетін білуге тиіс. Қазіргі таңда білім беру мен оқытуда барлық білім саласында жаңаша көз-қарас қалыптаса бастады. Кез –келген оқытушы өз мамандығын жетік маманы болу керектігін түсінді. Ал, екіншіден осы үш айлық курстан өтіп келгеннен кейінгі білімге , оқуға , оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым – қатынас өзгере түсті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін " КММ

информатика пәнінің мұғалімі Мухатай Март


«Тарих беттері. Жетістік энциклопедиясы»


Жалпы білім беру үдерісіне келетін болсақ әрбір адам өзінің қоғам алдындағы нақты жауапкершілігі мен міндетін білуге тиіс. Қазіргі таңда білім беру мен оқытуда барлық білім саласында жаңаша көз-қарас қалыптаса бастады. Кез –келген оқытушы өз мамандығын жетік маманы болу керектігін түсінді. Ал, екіншіден осы үш айлық курстан өтіп келгеннен кейінгі білімге , оқуға , оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым – қатынас өзгере түсті. Себебі білім бар, бірақ оны тиімді пайдалана білдік пе? деген сұрақ туындайды. Сол кездегі өз өмірімдегі әрбір тарих беттеріме көз жүгіртсем білім алдым, бірақ ол білімді келешек ұрпаққа да бердім. Солардың барлығын сәйкестендіре отырып, терең зерттеу жүргіздім. Менің сондағы жүргізген сараптама қорытындым бойынша білімді жаттанды түрде алып, жаттанды түрде беріп келгеніме көзім жетті. Сондықтан да болар өз сөзіме, өз іс-әрекетіме баса назар аударып келгенімді байқадым.

Осы кезде мүлдем білім беру жайлы көз қарасым түп нұсқасымен өзгерді деп нақты айта аламын. Себебі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану арқылы көптеген оқушылардың шығармашылық қабілеттерін аша отырып, өз ойларын пікірлерін, ұялмай ортаға толық салып талдау, талқылау жүргізуге өз беттерімен ізденіп білім алуға ықпал ету барысында көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Оқушыларға жақсы білім алуға, өз еріктерімен ізденуге жол аша отырып, оларды зерттеу жұмыстармен шығармашылық жұмыстар, жобалар құрғызуға, қорғауға өз жасаған жұмысын дәлелдеп көрсетіп беруге үйреттім. Сондықтан да болар менің оқушыларым аудан бойынша информатика пәнінен ІІ орын алып грамота мен 11 «А» сынып оқушысы Жанарбек Наурызбай деген оқушым марапатталды. Ал облыстық бейне таспа презентациялау ашық сабақтарына қатысып 10 «А» сынып оқушысы Ерсін Сәулет І дәрежелі диплом иегері атандық.

Сонымен қатар облыстық, республиқалық, халықаралық конференция жинақ кітаптарында көптеген мақалаларым жарыққа шықты бұл менің ғана емес барлық оқушылармен біріге жасаған жұмыстарым алған білімімді өміріме тиімді қолданудың арқасында қол жеткіздім. Жоғарыда айтылған қарым-қатынастан бастап жетістіктерге дейін менің жетістік энциклопедиям деп толық сеніммен айта аламын.

Диалогтық оқытудың маңыздылығы бір-бірімен жиі қарым-қатынасқа түсу, сөздік қорды молайту, бір-бірінің пікірін тыңдау арқылы еркін талдау жүргізу проблемалық жағдайларды өз беттерімен шешуге үйрену. Сондай-ақ ақпараттық және иновациялық, функцияналдық сауаттылығына баса назар аудару қажеттілігі туындайды. Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану кезінде оқушылардың визуалды көру арқылы есте сақтау қабілеті арта түседі. Сондықтан да сабақ барысында АКТ-ны сабағымда жиі пайдалана отырып ситуациялық проблемалар туындатып олардың шешу жолдарын тиімді қарастыру.

Визуалды көру арқылы адамның есте сақтау қабілеттілігі пайыздық көрсеткішпен есептегенде 81% есте сақталады. Сондай-ақ мен үнемі сабағымды АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, оқушыларға дәлелдеп көрсетіп отырымын. Ал оқушылардың визуалды көру арқылы есте сақтау қабілеттерінің жақсара бастағанын байқадым. Менің болашақтағы алға қойған мақсатым оқушылардың функцияналдық сауаттылығын қалыптастыра отырып өзімнің жұмыс барысымдағы алдыға қойған мақсатыма жетудің жолдарын үздіксіз ізденіс арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге бар күш-жігерімді саламын. Менің жетістіктерім менің мақтанышым алдымдағы шәкірттерім екендігін тағы да дәлелдеп көрсету мүмкіндігін игеремін. Сын тұрғысынан ойлау блім жүйесін жүйелендіруге ықпалын тигізеді. Қазірге кезде оқушылар сын тұрғысынан ойлай алады, сыни көз-қарастарын қалыптастыру жүйелі түрде жүргізіле отырып бір-бірінің пікіріне , идеясына сын көзбен қарай отырып өз пікірлерін нақты жеткізе алатын дәрежеге жетті. «Тарих беттері. Жетістік энциклопедиясы» мақаласын Елбасымыздың мына бір сөзімен қорытындылағым келеді:

Елбасымыз айтқандай «Ұлт болашағы - білімді ұрпақта» демекші әрбір адам жеке бір көшбасшы болуға талпыныс жасау жолдарын қарастыру арқылы өзін-өзі жетілдіруге жол ашады.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2021
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі