400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тарих пәні сабағында LS зерттеу жұмысының ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пен мәдениетті түсіну: «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» сияқты пәндер білім алушыларға қоғамның тарихи және мәдени аспектілерін және олардың қазіргі заманға әсерін түсінуге көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 1 Алматы қаласы Алатау ауданы

152 мектеп-гимназия

тарих пәнінің мұғалімі

Ныгыманова Алтынай Сагимовна

педагог-модератор







«Тарих пәні сабағында LS зерттеу жұмысының ерекшеліктері»

Адамның адамшылығы – ақыл,

ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы

құрбы, жақсы ұстаздан болады.


Абай Құнанбайұлы


Тарих пен мәдениетті түсіну: «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» сияқты пәндер білім алушыларға қоғамның тарихи және мәдени аспектілерін және олардың қазіргі заманға әсерін түсінуге көмектеседі[1]. Әлеуметтік дағдыларды дамыту: Бұл салада оқыту қарым-қатынас, ынтымақтастық, көшбасшылық, өзгерістерге бейімделу және топтық жұмыс сияқты әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал етеді.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады[2].

Сабақта қадағаланатын басты нәрсе – оқушының сабақ барысындағы белсенділігі, іс-әрекеті және оның не үйренгендігі[3]!

Зерттеу дегеніміз – проблеманы зерделеуде ғылыми әдістерді қолдану. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағытындағы зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс жасай отырып, сабақта қаралып отырған проблеманың көзге көрінбейтін аспектілерін анықтауға мүмкіншілік туады.

Зерттеу жұмыстары сабақтағы ақпараттарды жинаудан басталады. Жиналған ақпараттардан проблемалық жағдай туындатамыз (зерттеу жұмысын қажет ететін теориялық немесе практикалық сұрақ) және зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаймыз.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері біріккен зерттеу тобы білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту және қоғамдық-гуманитарлық пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру үшін сабақтарда ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды мақсат етіп алдық. Бұл зерттеу тобының жұмысының нәтижелілігі-мұғалім жалғыз өзі ғана емес, зерттеу тобымен бірігіп жасаған сабақ жоспары, сабақ жоспарына қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді зерделенуі зерттеу тобындағы әрбір мұғалімнің тәжірибесін арттырады. Мұғалім мен білім алушының арасында сенімді қарым-қатынас орнайды.

Зерттеу сабағында алдын-ала жүргізілген сараптама негізінде білім алушылар А, В, С деңгейіндегі оқушылар арасында бірегей оқу ортасын құруда мұғалімнің шығармашылығы мен терең әдіскерлік білімін жан-жақты дамыту жұмыстарын жүргізу үшін мынандай әдіс-тәсілдер таңдалып алынды:

«Серпілген сауал», «Құпия зат», «Галерияға саяхат», «А,В,С», «Дана үкі», «Зейінге шолу», Шындық/Жалған (True/False), «Пазл», «Plikers», «Өрмекші торы», «Фишбоун», «Wordwall» т.б

Зерттеу сабағын өткізу кезінде қадағаланатын нәрселер:

  • Қадағалау барысында қадағалаушылар өз рөлдерін алдын-ала бөліп алу қажет;

  • Зерттеу жұмысы бойынша зерттеу сабағы барысында қадағалаушы мұғалімдер ескертпелер жазып отыруы қажет;

  • Зерттеу сабағы барысында зерттеу тобы бірігіп жасаған сабақ жоспары тиімді болды ма, осыны басты назарда ұстау қажет;

  • Қадағалауға алынған оқушыларды басты назарда ұстау қажет;

  • Қадағалауға алынған оқушылардың сабақтың әртүрлі кезеңдерінде берген жауаптарын жазып алу;

  • Қадағалауға алынған оқушылардың білімінде, басқа оқушылармен қарым-қатынасында, пәнге деген қызығушылығында өзгерістер көрген болса, оны бақылау парағына жазып алып отыру қажет.

  • Әңгімелесушілер бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдауы;

  • Олар бір-бірінің көзқарастарын құрметтеуі;

  • Проблеманы бірлесіп шеше алуы;

  • Өз пікірін дәлелдей білуі;

Осы циклдық зерттеу жұмысынан кейін білім алушылардың бір-біріне қарым-қатынасы оң нәтиже көрсетіп, сыныптағы оқушылардың 95% ның сабаққа қызығушылығы артып, оқу жылының аяғында білім сапасында пайыздық арту көрініс тапты.












Пайдаланған әдебиеттер



1. «2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ.Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 50 бет.

2. Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 1995. – 30 маусым

3. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы. NIS Астана -2018 ж. 20 бет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.06.2024
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі