Материалдар / Тарих пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1531
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МУХТАРБЕКОВ НУРЛЫБЕК АДИЛБЕКУЛЫ


Қ.Билялов атындағы гимназия КММ

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы



Тарих пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері.



«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Ушинский

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.
Ал ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры болып отыр.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Оқытудың ұйымдастыру формасы мен әдіс-тәсілдерінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялар санын кейбіреулер елуден асырады. Солардың арасында оқытудың компьютерлік (ақпараттық) технологиясы да бар, оның авторы – Н.В.Апатова. Оқытудың компьютерлік технологиясының мақсаты – ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру.
Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:
ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру;
өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;
дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;
пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;
сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
білім мен тәрбиенің бірізділігі;
сабақтың жүйелілігі;
әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;
әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;
өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;
үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалім-
дерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Мысалы 8 сыныпта «Ішкі Бөкей ордасындағы 1836-1838жылдардағы шаруалар көтерілісін» өткен кезеңде көтеріліс басшылары туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.
Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
10 сынып оқушылары тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан.
«Алғашқы адамдар өмірі» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.
Мысалы:
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтың нәтижелiлiгi мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етедi (интерактивтi қасиетi);

  • қажеттi ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкiндiк бередi;

  • гипермәтiндiк түсiндiруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;

  • әрбiр жеке тұлғаның, бiлiмiн, бiлiк iскерлiгiн әрбiр тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықтар болашақ мұғалiмдерге үлкен ақпараттық бiлiм алқабына жол көрсетедi. Электрондық оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетiмен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкiндiк бередi;

  • сабақты иллюстрациялық материал ретiнде жабдықтауда көмектеседi;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетiмен әртүрлi деңгейлi, шығармашылық тапсырмалар орыфндауға мүмкiндiк берiлген;

  • емтиханға дайындық кезеңдерiнде пайдаланылады.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.
Тарих пәнін оқыту барысында жылдар бойы қалыптасқан оқытудың әдістеріне өзгерістер енгізіп, сабақтардың сапасын арттыру үшін және білімгерлердің өзіміз жүргізетін пәннен білімін көтеру үшін жаңа технологияларды орынымен пайдаланумыз қажет. Әрбір білімгердің бойында саналылық пен отаншылдық қалыптастыру үшін де инновациялық технологияларды орнымен қолдану қажет деп ойлаймын. Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы, қоғам дамуы мен технологияны енгізу сапалылығы осы елдің білім беру жүйесінің жолға қойылғандығымен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.

Мысалы: Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы 10 сыныпта «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде электорнды оқулықтан үзінді алынып, анықтама беруге болады. «Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері»тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал еттеді Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетіледі. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.
Мен өзім жасаған «Туған жер тарихы» атты үйірме жұмысына арналған электронды оқулықты сабағымда пайдаланамын. Электоронды оқулықты жасаудағы мақсатым оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен

мақтанышын нығайту. Туған елінің тарихи тұлғалары мен

ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Электронды оқулық FrontPage бағдарламасы бойынша жасалды, электронды оқулықта суреттер, видеолар, мәтінді ақпараттар қойдым оқушылрға өздері қызықтырған ақпараттарды алып оқып көруге мүмкіндіктері бар және үйірме барысында оқушылар материалдарды жинақтады. Электронды оқулық 14 тақырыптан тұрады. Туған жерім – алтын ұя бесігім тақырыбында өлке тарихы туралы не білеміз? Өлке тарихы жайында аңыз әңгімелер деректерді оқушылар материалдар жинақтайды. Жер – су аттарына шолу тақырыбында өлкеміздегі жер – су аттарымен таныстыру, олардың аталу ерекшеліктерін атау. Батырлар мен әулиелердің аттарымен аталу себептерімен таныстыру болып табылады. Ал тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте тақырыбында Мақта ана, Ырғызбай Әулие, Байжігіт баба, Қабанбай, Дәулетбай батыр, Сасан би туралы деректер мен аңыздар жинақталған.

2014 жылы сәуір айында «Жаңаша оқыту-жаңаша ойлау» тақырыбындағы тарих пәні бойынша өткен аудандық семинарда Тарих пәні бойынша үйірме жұмыстарында электронды оқулықты пайдалану, «Туған жер тарихы» авторлық оқулығының презентациясын өткізіп, Тарбағатай ауданы тарих пәні мұғалімдерінің алдында тәжірибемді тараттым.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
Тіл байлығын дамытады;
Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.







Пайдаланылған әдебиеттер:


1.С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.
2. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2005ж.
3. Поташник. Инновационный процесс в школе. Москва, 1991.

4. Е.С.Сарманов, С.К.Сапаров. Сабақта жаңа технологияларды қолдану.Шымкент 2006.







2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!