Материалдар / ТАРИХ ПӘНІҢ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТАРИХ ПӘНІҢ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАРИХ ПӘНІҢ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖОЛДАРЫ


Даутова Назгуль Абдуллаевна

54 орта мектеп


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады....» -деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар аударып отыр.

Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің , сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де ең алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Ал, Тәуелсіз Қазақстан үшін жаңа қоғамды құрушы, сонда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр.Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны-жалпы білім беретін мектеп.Тарих пәні небір тамаша тарихи , оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың барлығы жас ұрпақтың сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. [2]

Тарих-ғылым, білім ретінде қоғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. [5]

Міне осындай қасиеттер әр мұғалімнің бойынан табылып отырса орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Осыған орай біздің яғни траихшылардың 12 жылдық білім беруде алдарына қоятын басты міндеті-оқушылраға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін, қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени –тарихи тәжірибесінің негізінде оқытып меңгерту. [4]

Қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи біліммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғары сатысына жете алмайды. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушыларына тарихи танымдарды насихаттау, отансүйгіштік тәрбие беруде «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» екенін, құлыны тайдай, қыздары айдай көрінетін жер қадірін, ел қадірін сездіру тарих білімдерін меңгертумен тығыз байланысты. Баллар әр нәрсені білуге, көруге, тыңдауға құмар. Дәл ос ыкезде жас балғынның өмірлік білімінің негізі қаланады. Ондай білімнің бір құрамдас бөлігі Қазақстан тарихы пәні. Қазіргі таңдағы білім жүйесінде тарих пәнін оқыту ең маңызды мәселе.Тарих пәнін оқытуда ең алдымен ұстаз мынадай қағидалармен жұмыс жасай білуі қажет:

-көркем,тарихи әдебиеттерді сабақта кіріктіре пайдалану( оқушылардың тарихи білімінің жүйелілігіне әер етеді);

-оқушылардың жаңа материалды жақсы меңгеруі үшін танымдық түрлі деңгейдегі жаңа сұрақтар мен тапсырмаларды дайындап, оны оқушыларға қоя білу;

- оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету және кеңейту соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылығын оятып, таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру;

-өмірмен байланысты тығыз іске асыра білу және оқушыларды қоғамдық пайдалы әрекеттермен түрлендіре білу;

-Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;

-Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;

-оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;

-Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру;

Осындай қасиеттерді ұштастыра білген мұғалімінің болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Мен осы орайда Қазақстан тарихы пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдарын ұсынар едім. Интерактивті әдісте проблеманы немесе бір мәселені шешу үшін үрдісінің мәні ерекше. Өйткені интерактивті әдістің мақсаты оқушыға дайын күйніде жай ақпарат беру емес, оларға өздігінше оқып үйренуге, жауап іздеуге, өздігінен оқу материалын қабылдау дағдыларын дамытуға, «қалай оқу керектігіне үйренуге» бағытталған тәсіл. Белсенді оқыту әдістемесінде басты білім көзі оқушылардың өмірлік тәжірибесі болып саналады. ҚР 12 жылдық білім беруге көшуді көздейтін отандық және әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, қоғамдық пәндердің білім мазмұнын өзгерту, ұлттық сананы жандандыру, жас ұрпақты тәрбиелеудің адамгершылык-этникалық нормаларын бекітуге баса назар аударады.12 жылдық білім беру тұжырымдамасы мектептің алдында тұрған басты мақсатын анықтап береді.12 жылдық оқытуға көшу шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық модельді дамытуға, «Жалпыға арналған білім»үлгісінен, «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік біілім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайында оқыту болып табылады. [6]

12 жылдық мектепте тарих пәнінен білім беру принциптері.

↓ ↓ ↓

Ғылымилық Логикалық жүйелілік оқиғалар мен шығармашыл

және құбылыстарды тұлға

хронологиялық уақыттық және тәрбиелеу

бірізділік кеңістік аспектіде

оқып-үйрету

Белсенді оқыту әдістемесінде топтағы оқушылардың сандық құрамы өзара қатынастың не оқудың сапалылығын білдірмейді. «Өзара қатынас» әдісінің басты айырмашылығы оқушылрадың өзін-өзі ашуы, ашылу үрдісімен байланыстылығында.Оның мәні-оқушылар білім алу дағдыларын өзара қарым-қатынас арқылы меңгереді. Белсенді әдістеме білім берудің сапалы нәтижелі болуына көмектеседі. Белсенді әдістеменың мақсаты-оқушылардықалай оқу керектігіне үйрету немесе оқытуға үйрету.Мұғалім оқу үрдісінде оқушыларға тек ақпарат беріп қана қоймайды, оларды өздігінен оқып үйренуге, талдауға үйретеді, ал өзі балалардың жаңа материалды қалай меңгерудегі жол көрсетуші, сарапшы, көмекші, жетекші ретінде басқарады.

Мысалы, пікір-сайыс өткізгенде, мұғалім оқушыларға тапсырманың жоспарын береді, талқылайды, жалпы осы жұмысты басқарады. Мақсатқа жету үшін түрлі әдістерді пайдаланады.Осындай жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың бойында бай тарихты меңгерген,белсенді азамат етіп тәрбиелеуге болады.

Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғамда процесінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттерден бастау алатыны белгілі. Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақпен, ана сүтімен ұйыған елжандылық арнасында өскен ортасы мен азаматы ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де, текті дүниетаным негізінде ғана бітеді.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа »ата дәстүр болып қала бермек. Өйткені білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл келешегі тұрлаусыз.Біздің қазақ халқы-батыр халық» Тарихын сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Күлтегіннен,Қазақ хандығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй,терме, толғаулардан бастап айтып, оқып,естіп келе жатқан баланың рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. [2]

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін»-дейді. Ендеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосайық.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қайбулдаева Г. / Қазқстан мектебі.2006,№3.

2. Б.Мәтекова./Тарих сабақтарында оқушылардың білімдерін нәтижелі қалптастыру /Қазақстан тарихы. 2006,№11.

3. Г.Жусанбаева./ Тарих пәнінің жаңаша мазмұны және оқыту әдістері/ / Қазақстан тарихы. 2005№9

4. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

5.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

6. К.М. Төлеубаева./ Қоғамдық пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін шешуде жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы ынтымақтастық.// Қазақстан тарихы. 2006.№9


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!