Материалдар / Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
615
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Әбдібай Керімжан Құралбайұлы



Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы

«Темірлан» жалпы орта мектебі

Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

Мемлекеттік университеті

Мамандығы: тарих,құқық және экономика негіздері

Педагогикалық өтілі: 12 жыл

Санаты: II (екінші)

Курстан өту мерзімі: 2.09.- 30.11.2014 жыл

Тобы: 26

Топ тренері: Орақова Амангүл Шахарбекқызы


















А есебі

Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп

«Қазақстан Республикасының білім жүйесін сапалы түрде қайта құру кезеңінде дүниежүзілік білім жүйесіне ену үшін әлемдік білім жүйесіндегі озық тәжірибелерді жинақтап, сұрыптап, оның тиімді тұстарын енгізу қажет болып отыр». (Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.11.2013).

Оқыту мен оқу үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар үнемі жаңартылып отыруды қажет етеді. Мұғалім оқушыға білім беруде тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы болса, оқушы өз бетінше ізденуші болып табылады. ХХІ ғасырдың оқушысы білім мен ғылымды ұштастыра алатын жеке тұлға болуы тиіс.

«Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі- ол да маңызы жағынан біріншіден кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының (бұдан әрі- Екінші деңгей бағдарламасы) мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған» (МАН, 4).

Зерттеу тақырыбым: «Тарих сабағында Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру».

Мақсаты: Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, танымдық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Нәтижесі: Оқушылар АКТ-ні пайдалана отырып құнды ақпараттар жинап сараптайды, талдау жұмыстарын жүргізіп бағалайды, шығармашылық жұмыстарымен айналысады және оны өз тәжірбиесінде ұтымды пайдаланады.

«Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы» (МАН,10).

Бұл тақырыптың менiң сыныбым үшiн маңызы:

Сабақты тартымды әрі қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді.

Интербелсенді тақтаның көмегімен әр-түрлі тапсырмалар бере отырып, оқушылардың білім деңгейін тексеруге септігін тигізеді.

Оқулықтан тыс материалдарды оқушылар өз бетімен ізденіп тауып, зерттеуге жол ашады.Электронды оқулықтарды пайдалана отырып мәліметтер жинақтайды.Өз-өздерiне сенiмдi болады және АКТ-ны пайдалану арқылы есте сақтау қабілеттері артады. Оқушылар АКТ құралдарын тиімді пайдалану арқылы уақытын үнемдейді. Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады танымдық белсенділігін қалыптастырады. «Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештенеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады» (МАН, 46).

Менiң мектебiм үшiн маңызы: АКТ арқылы сабақ өтуді дәстүрге айналдыру, әріптестер арасында тәжірбие алмасу. Мектепте мұғалімдер арасында жаңашыл ізденімпаз, шығармашылық топ қалыптастыру.«АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті,әсіресе проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады.(Kennewell and Beauchamp, 2007). Алайда техникалық құралдардың болу фактiсi оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегiмен жетiстiкке жетуге болатын аспектiлер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерiмдi арттыруға кепiлдiк бере алмайды (Beaucamp,2006). Сондықтан АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшiн мұғалiмдер ақпараттық–коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерiнiң педагогикалық бiлiмдерiн дамытуға тиiстi(Mishra and Koehler,2006)және мұғалiмдердiң осы технологияны пайдаланудағы құзыреттiлiгi мен сенiмдiлiк деңгейiмен үйлесуi керек(Kennewell and Beauchamp,2007)» (МАН,110) Жеті модульдің ішінен «АКТ-ні тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру» тақырыбын таңдау себебім бұл модульде уақытты ұтымды пайдаланып сабақты тартымды әрі қызық етіп өткізуге болады. Әрбір сабақта оқушыларға АКТ арқылы интербелсенді тақтамен, электрондық оқулықтармен, тест материалдарымен жұмыстар жүргізіп, оқулықтан тыс өз бетінше ізденіп ғаламтордан тарихи құнды мәліметтер жинақтауына ықпал етуге және танымдық қабілеттерін қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруды алдыма міндет етіп қойдым. Сонда ғана зерттеу тақырыбымның нәтижесі болатынын түсіндім. «Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі-АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр» (МАН,110).

Сіз кіммен кеңестіңіз?

Не туралы сөйлестіңіздер?

Бұл сіздің жоспарыңызға қалай әсер етті?

Мектеп директоры






Кембридж тәсілілі негіздері бойынша ІІ-деңгей бағдарламасының мақсаты, міндеттері, нәтижелері туралы түсіндіріп өттім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде атқарылған жұмыстармен таныстырдым.

Біздің мектептен әзірге ІІ-деңгей бойынша пән мұғалімдері курсқа бармағаның ескертіп, мектептегі тәжәрибе кезінде өтілетін әрбір жұмысымның сапалы, құнды болуын талап етті, және сәттілік тілеп,сенім білдірді.

Жетекші маман

Әріптестермен кеңесе отырып, тәлімгерлік және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары туралы ойларын, пікірлерін білдім.

Мектептегі тәжірибе жоспарын, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспарларды жүйелеп, 8 «ә» сыныбына іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізе бастадым.

Басқа әріптестер

Педагогикалық ұжымға Кембридждік ІІ-деңгей бағдарлама сы туралы түсіндірдім. Тәжірибе кезінде өтілетін жұмыстарға тоқталып өттім.

Өтілетін сабақтарға қатысуға әріптестер тарапынан зор қызығғушылық орын алды.

Осы бағдарлама бойынша оқып жатқан басқа тыңдаушылар

Бетпе-бет кезеңінде ІІІ-деңгей бойынша тыңдаушы әріптесім екеуміз үнемі коучин, сабақтарға дайындық кезінде пікірлесіп, ой бөлісіп отырамыз.

Дегенмен әріптесім екеуміздің ойымыз бір жерден шықпай жататын да кездер орын алады. Мұндай жағдайда білім, сенімділік, талап, жауапкершілік қажет екенің ұқтым.

Басқа мүдделі адамдар

26-топпен әлеуметтік желі арқылы күнде байланысып, пікір алмасып отырдым. Себебі мектепте үш айлық курстан өткен мұғалім жоқ.

Шығармашылық топпен бірге жұмыс істеу оң нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.

Мектеп психологы

Мектеп психологымен кеңесе отырып, 8 «ә»сыныбын таңдадым. Сыныптан психологиялық сауалнама алып, АВС оқушылардың деңгейін анықтауда көмек беруін өтіндім.

Психологпен бірге 8 «ә» сыныбына жүргізілген зерттеу жұмыстары оң әсерін тигізді.

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін 8 «ә» сыныбын бекітіп алдым. Бұл сыныпта 16 оқушы бар.Үлгеріміне тоқталар болсам 1 үздік, 3екпінді 12 оқушы қанағаттанарлық деген бағаға оқиды. Оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығы орташа деңгейде, өз ойларын ашық білдіре алмайтын оқушылар сыныпта көптеп кездеседі. «Шынайы сынып –(грек. аuthentkys –түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып» (МАН,134). Керісінше қарсы сыныпта үздік, екпінді оқушылар саны басым, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Сондықтан 8 «ә» сыныбын таңдадым. Себебі осы сыныпқа жетінші сыныптан бастап сабақ беремін, оқушылардың үлгерімі және мінез-құлықтарымен таныспын. Сабақ барысында оқушылардың өз ойын еркін білдіруін және бір-бірімен топтарға бөліну арқылы ынтымақтастықта жұмыс жасауын бақыладым.«Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілген, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген» (МАН,78). Алдыңғы дәстүрлі сабақтарымда сабақтың көп уақытында өзім жаңа тақырыпты түсіндіріп, оқушыға дайын мәліметтерді жеткізіп отыратынмын, үй тапсырмасын айтуда оқушылар тек оқулықпен шектелетін. Қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерден ұққаным мен күнделікті дәстүрлі сабақтарда оқушылардың өз бетінше ізденіп жұмыс жасауына ,ой-пікірлерін ашық айтуына аса мән бермегенім менің қателігім екенің түсіндім. Сабақтарымда ой шақыру, кубизм, постер жасау, джигсо, АКТ арқылы презентациялармен, картамен жұмыс, басмармақ арқылы бағалау әдістерін пайдаландым. АКТ-ні тиімді пайдалану арқылы оқушыларды өз бетінше ізденуіне, шығармашылықпен айналасуына, танымдық белсенділіктерін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруды алдыма міндет етіп қойдым. Мен сабақтарымда мұғалімнің ынталандыру мадақтау сөздері арқылы формативті бағалау түрлерін пайдаландым. Бағалаудың басқа да түрлерін сабақтарда тиімді пайдалануды білімімді теориямен ұштастырып алдағы уақыттың еншісіне қалдырып отырмын. «Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқу үшін бағалауды (қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқу үшін бағалау- оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс» (МАН, 75). Өткізілетін төрт сабақтардың жоспарын жасау кезінде оқушылардың білім деңгейін ескеріп отырдым. Сыныптағы А, В, С оқушыларды анықтап соларды басты назарда ұстап жеке тапсырмалар бере отырып іс-әрекеттерін зерттеуге кірістім. А оқушы Жұлдыз, В оқушы Арысбек С оқушы Бахтияр. Жұлдыз – «А» оқушы. Мектеп мақтанышы. Сабақ үлгерімі өте жақсы, музыкаға әуес, логикалық ойлау жүйесі жақсы қалыптасқан, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, сыныптастарының арасында беделі жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол. Арысбек– «В» оқушы. Сабақ үлгерімі жақсы, үйге берілген тапсырмаларды үнемі орындап келеді, сурет салғанды жақсы көреді, өз ойын пікірін еркін жеткізе алады, гуманитарлық бағыттағы пәндерге қызығушылығы басым. Бахтияр- «С» оқушы. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық, пәнге деген қабілеттері бар, бірақ қызығушылығы төмен, жақсы баға алуға тырыспайды, техникаға әуес.Алғашқы сабағымның тақырыбы: С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Сабақта оқушылар асықтардың түстеріне қарай топтарға бөлінді. Әр топ ақылдасып өздерінің алтын ережесін жасады. Ережедегі негізгі талаптар мен тапсырмаларды барлық сабақтарда орындау қажет екенімен танысып шықты. Үй тапсырмасына шолу жасағаннан кейін жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруі үшін ой толғаныс, мағынаны ашу әдісін қолдандым. Интербелсенді тақтадан С.Датұлының өмір жолдары, көтерілістің шығу себептері, қозғаушы күштері туралы бірнеше ашық сұрақтар қойып, оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудардым. «Танымдық даму –баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай-ақ зейіп, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты» (МАН,58). Әрбір топ постер құрастырып қорғаған кезде тағы да А және В оқушылар белсенділігін көрсетті де С оқушы жұмыс жасамай жолдастарының көмегіне сүйенді. С оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында деңгейлеп жеңіл тапсырмалар бердім. «Көтерілістің шығу себептері, мақсаты не?» деген сұраққа С оқушым тағы да толық жауап бере алмады. «Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА)- оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық»(Выготский)(МАН,38).Бірінші сабағымда С оқушымның жауабына қанағаттанбасам да ынталандырып, топпен бірге қол шапалақтап бағалап өттім. Осы мақсатта қысқа мерзімді жоспарымды сыни тұрғыдан ойлау әдісін негіздеп жасадым. В оқушым Арысбек үй тапсырмасы: «Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуына не себеп болды?» деген ашық сұраққа өте жақсы деңгейде жауап берді. А оқушым Жұлдыз «Көтерілістің болған территориясын картадан тауып көрсетіп түсіндір» деген тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты. Оқушылар көтеріліске қатысқан кіші жүз қазақтарының руларына шолу жасап, интербелсенді тақтада түзілген кесте бойынша өз ойларын жеткізді. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін жинақтау арқылы топтар арасында «Ойлан тап» ойының ойнатып, деңгейін анықтадым. Алғашқы сабағымда оқушылар топқа бөлініп отыруда күнделікті сабақтағыдай орындарына жайғасты. Алдағы сабақтарымда осы жағдайлардың қайталанбауын жадымда ұстадым. «Бірлескен оку ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдын да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясына шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайда.Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылыр құрбы-құрдастарымен қарым-қатыныс жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әр түрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді катысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor,1992)» (МAН,78). Сабақ барысында назарымды үлгерімі төмен Бахтиярға, жақсы оқушы Арысбек, өте жақсы оқушы Жұлдызға аударып, тапсырма орындау кезінде бақылап отырдым. Оқушыларды ынталандыру мадақтау сөздері арқылы формативті түрде бағаладым. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, тақырыпты қалай түсінгендері туралы ойларын жазып қалдырды. Үйге тапсырма: АКТ-ні немесе энциклопедияны пайдалана отырып, С.Датұлы туралы құнды деректер жинап келу болатын. Сабаққа қатысқан әріптестерім,сабақтың жетістігі мен кемшіліктерін анықтауда өздерінің талдаған сараптама жұмыстарын ұсынды.



SWOT талдау:

Күшті жақтары

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушылар еркін өз ойын айтуы

АКТ-ның пайдалануы

Сын тұрғысынан ойлауының қалыптасуы

Әлсіз жақтары

Терминдік сөздердің мағынасын білмеуі

Уақытты тиімді пайдаланбау

Хронологиялық кестемен жұмыстың аз болуы

Мүмкіндіктер

Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану

Тақырыптық зерттеу жүргізу

Бағалау түрлерін пайдалану

Қауіптер

АКТ-ны тиімді пайдалана алмауы

АКТ құралдарының талапқа сай жұмыс істемеуі


Екінші сабағымның тақырыбы: С.Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы, нәтижиесі. Сабақта өз бетінше ізденіп АКТ-ның көмегімен А оқушым Жұлдыз С.Датұлы туралы тың материалдар дайындап әкеліп түсіндірді. А оқушым мына мәселелерге тоқталып өтті: С.Датұлының шыққан тегі, көтеріліске қатысқан кіші жүз қазақтарының ахуалы, тарихи құндылықтары. В оқушым Арысбек көтерілістің тарихи маңызы туралы кубиктегі сұрақтарды басшылыққа ала отырып жауап берді. С оқушым Бахтияр «Кім жылдам» ойынындағы «Көтерілістің мақсаты не?» деген сұраққа жауап беріп таң қалдырды. Бахтиярға деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырсан нәтижесі шығатын секілді болып көрінді. С оқушының бойында алғашқыда сенімсіздік байқалғаны жасырын емес еді. Мен ол оқушымды жиі қадағалап, мадақтау сөздерді орынды қолданып отырдым. Мен оқушымды жалықтырып алмас үшін жеңілден қиын тапсырмаға қарай сұрақтар беріп отырдым. Келесі сабақты жоспарлағанда осы оқушыма қандай тапсырма берсем болады, тағы қалай қызықтыра аламын деген ойда болдым. Әр топ мүшелері сабақта постер жасап оны қорғады. Сабақта АКТ-ні пайдаланып оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады. Вен диаграммасы арқылы С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі мен Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі осы екі көтерілістің ерекшелігін және ортақ мәселелерін сәйкестендіріп тақырыпты қорытындылады.

Үшінші сабағымның тақырыбы: ХVIII-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Үй тапсырмасын тест материалдары арқылы тексердім. Сабақта топтық жұмыспен қоса жұптық жұмыстар да орын алды. Оқушылар белгілеген тест материалдарының дұрыс жауабын арнайы экраннан көріп, бір- бірімен алмасып тексерді. Сабақта «джигсо» әдісін пайдаландым. Тақырыпты әр топ талдап бір-біріне түсіндірді. «Ұжымдық диалогтік оқыту –ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым- қатынас жасауына ықпал ететін оқыту» (МАН,134). Сабақта оқушылар АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, өз бетінше ізденіп мәліметтер жинақтап келгендігі олардың пәнге деген қызығушылығынын артқанын байқатады. Енді әдеттегідей А, В, С, оқушыларыма тоқталар болсам, С оқушым Бахтиярдың «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» туралы тапсырмаларға интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы ойын еркін жеткізіп түсіндіргені пәнге деген қызығушылығының артқаның көрсетеді. В оқушым Арысбек XVIII ғасырдағы Қазақстан жерлерін зерттеген орыс саяхатшылары туралы топпен бірге жасаған постерін қорғап, картамен жұмыс жасап алғырлығын танытты. А оқушым Жұлдыз өз бетінше ізденіп интернеттен, энциклопедиядан Бұқар жырау туралы құнды мәліметтер жинақтап презентациялар арқылы түсіндірді. Топтағы тапсырмаларды орындау кезінде С оқушым Бахтиярдың «Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа топтың көмегімен жауап беруге тырысты. Өйткені ол топпен бірлесіп жұмыс жасап пәнге деген қызығушылығын арттырып отырғанын байқадым. «Бірлескен оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және әңгімелесу арқылы білім алады» (МАН,78).

Соңғы төртінші сабағымның тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті. Сабақты миға шабуыл стратегиясы бойынша ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін тексердім. Оқушылар әдеттегідей топтарға бөлінген соң әр топқа жеке тапсырмалар бердім. Бірінші топқа халық ауыз әдебиетінің жауһарлары. Екінші топқа әдебиет майталмандары және олардың еңбектері. Үшінші топқа музыка өнері және қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары. Оқушылар интербелсенді тақта арқылы тапсырмаларды орындады. А оқушым Жұлдыз бұл сабақта «Халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері» тақырыбына жасаған постерін қорғау кезінді іркіліп, ойын толық жеткізе алмады. Керісінше В оқушым Арысбектің қазақтың би шешендері жайлы айтқан ойлары өзінің тақырыпты толық меңгергенің аңғартып сыныптың көшбасшысына айналғандай әсер қалдырды. С оқушым Бахтиярдың сабақта өз ойын дәлелді түрде, ашық еркін жеткізуі, топта өзін тең дәрежеде ұстауы баланың бойындағы құлшынысты байқатады. Сабақты қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыра келе, оқушылар АКТ-ны пайдалана отырып әр тарау бойынша аңыз әңгімелер, шешендік сөздерге тоқталды. Сабақта «Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім- оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс- қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдер ұсынып, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады» (МАН,99). Сонымен қатар оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру мақсатында кубизм әдісін пайдаландым. Бірінші топ «Қазақтың әйгілі би шешендері», екінші топ «XVIII ғ. Қазақстанда ашылған мектептер, халық ағарту ісі», үшінші топ «Материалдық және рухани мәдениет» тақырыптары туралы тың құнды мәліметтерді интернеттен іздеп тауып жинақтап, электрондық нұсқада интербелсенді тақтаның көмегімен топ мүшелері түсіндірді. Өткізген төрт сабақтан байқағаным ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланып, интербелсенді тақта арқылы презентациялармен оқушылар жұмыс жасап, электрондық оқулықтардағы материалдарға сараптама жасап талдап, өз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянып, ойлау қабілеті қалыптасып, белсенділігі артады. «Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар» (МАН,69). Оқушылар берілген тапсырмаларды кубиктегі сұрақтарға салып тақырыпқа қорытынды жасады.Оқушылар кубиктегі бірнеше сұрақтарды басшылыққа ала отырып тақырыпқа қорытынды жасады. «Бес саусақ» стратегиясы арқылы оқушылардың пікірін анықтадым. Оқушыларды мадақтау ынталандыру арқылы формативте түрде бағаладым. АКТ-ні сабақ барысында тиімді пайдаланған жағдайда оқушының танымдық–белсенділігінің артқаның аңғаруға болады. АКТ-ні дұрыс пайдаланбаған жағдайда тиімсіз тұстары да жетерлік. «Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ-ның қолдану мүмкіндіктерінен негізінен тиісті саладағы тиімді оқытумен оқуға байланысты. Егер оқушылар АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей, оның мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде АКТ-ны пайдалану тиімсіз болуыда мүмкін. Бұл АКТ саласында және пәндік білім бойынша «кенжелеп» қалуға ықпал етуге мүмкін» (МАН,114).



Мектептегі тәжірбие кезінде өткен төрт сабағымды бейнежазбаға түсірген болатынмын, сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу кезінде осы материалдарды дәлелдеме ретінде пайдаландым. Оқушылардың сабақ барысында жасаған жұмыстарын суретке түсіріп жинақтадым. Өткізілген төрт сабақтан соң А, В, С оқушыларымның іс-әрекеттерін зерттеу үшін кері байланыс орнатып сауалнама алдым.

А оқушының жауабы:

Сұрақтар

Оқушының жауаптары

1


Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде сен қандай қиындыққа кездестін?

Маған қиын болмады себебі кітапта жоқ тақырыпты интернеттен, энциклопедиядан тауып оқыдым.

2


Сен оқу үдерісін қалай сипаттар едін?

Бұрынғы сабақтарға қарағанда өзгешелеу болды. Мен тек мұғалім тапсырмасын орындаумен болдым.

3

Оны жетілдіру жөніндегі сенін ұсынысын.

АКТ арқылы барлық сабақты қызықты етіп өтсек екен.


4

Саған сабақта жүргізілген жұмыстың қандай түрі ұнады?

Топтық және жұптық жұмыс.


В оқушының жауабы

Сұрақтар

Оқушының жауаптары

1


Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде сен қандай қиындыққа кездестін?

Оқулықта жоқ тапсырмаларды іздедім, кейін АКТ арқылы тауып дайындалатын болдым.

2


Сен оқу үдерісін қалай сипаттар едін?

Қызықты, әсіресе АКТ-мен жұмыс жасағанымыз.

3

Оны жетілдіру жөніндегі сенін ұсынысын.

Сабақта хронологиялық кестемен жұмыс жасасақ


4

Саған сабақта жүргізілген жұмыстың қандай түрі ұнады?

Топтық жұмыс .


С оқушының жауабы


Сұрақтар

Оқушының жауаптары

1


Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде сен қандай қиындыққа кездестің?

Мұғалімнің кітапта жоқ тапсырмаларды бергені, АКТ-мен жұмыс жасау

2


Сен оқу үдерісін қалай сипаттар едін?

Постер жасағанымыз қызық болды.

3

Оны жетілдіру жөніндегі сенін ұсынысын.

Білмеймін.Осылай өткен дұрыс шығар


4

Саған сабақта жүргізілген жұмыстың қандай түрі ұнады?

Топтық жұмыс.


Сауалнаманы тексеріп А, В, С оқушыларымның пікірін білдім, олардың жауаптарынан ұққаным сабақта АКТ-ні пайдалануды және топтық жұмыстардың ұнайтының айтты. Әрбір сабағымда рефлексия арқылы кері байланыс орнатып оқушылардың ойларын тексеріп отырдым. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырып, өзіндік түсінік пайда болады (МАН,132). А,В.С оқушыларымның бойынан білім деңгейлерінің жоғарылағаның аңғару қиын емес. Зерттеу барысында С оқушымның біршама өзгергенің, В оқушым топпен жұмыс жасауда, тапсырмаларды орындағанда өзінің қабілетінің артқанын, А оқушымның сыныптың көшбасшысына айналғаның байқауға болады. Әрбір сабағымда С оқушымды нысанаға алып үнемі бақылауда ұстадым. Нәтижесінде ол топтық тапсырмаларға бейімделіп,өз ойын еркін айтуға, сұрақтарға жауап беруге дағдыланды .Мектептегі тәжірбие кезінде өтілген төрт сабақтан соң, оқушылардың сабақтан алған әсерлерін ескере отырып «Оқушы үніне» бейнежазбаға түсірдім.Оқушылар өз ойларын бүкпесіз ортаға салып, талқылады. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты- оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (МАН,71).

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында бірнеше сұрақтар қойып білімдерін тексердім.


Мақсат деңгейлері

Мақсат бойынша нәтижеге қол жеткізу көрсеткіштері

Ұпай саны ( 0-3)


А оқушы

В оқушы

С оқушы

Білу

С.Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс пен Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының ерекшеліктерін, ортақ мәселелерін байланыстыра алады.

3

2


1

Түсіну

Көтерілістің тарихи маңызын, нәтижесін түсінеді.

2

3


1

Қолдану

Карталардан көтерілістің территориясын көрсетіп, ойын ашық жеткізе алады.

3

2

1

Талдау

Көтерілістің шығу себептерін және С.Датұлының ерекшеліктерін талдайды.

3

3

2

Жинақ

тау

Көтерілістің жеңілу себептері, басты нәтижесі, қозғаушы күштері туралы оқушылар ашық сұрақтарға жауап бере отырып ойын қорытындылады.

3

3

1

Бағалау

Топтарды бағалай алады.

3

2

2

Барлық ұпай саны:

18-16ұпай: Жоғары –«5»

15-11 ұпай:..Орта- «4»

10-6ұпай: .Төмен –«3»

17

15

8




Іс әрекеттегі зерттеу жұмыстарымды қорытындылай келе оқу үдерісіне түпкілікті өзгеріс енгіздім деп айта алмаймын, өтілген төрт сабаққа қорытынды жасап А,В,С оқушыларының бойынан мынандай өзгерістерді байқадым.


Оқушы

Зерттеуге дейін

Зерттеуден кейін

А

Пәнге деген қызығушылығы басым, өзіне сенімді тек үй тапсырмасына орындауда оқулық шеңберіне шыға алмайды, өзін жоғары ұстайды.Салыстырмалы түрде қарағанда сыныптағы оқушылардан білімі басым.

АКТ құралдарын еркін меңгеріп өз бетінше ізденіп тарихи құнды мәліметтерді жинап келді. Тапсырмаларға нақты жүйелі жауап берді.

Логикалық ойлау қабілеті жоғары екендігін көрсете білді.

В

Мінезі тұйық, сабаққа үнемі жақсы дайындалып келеді, тек мұғалімнің пұсқауымен жүреді. Гуманитарлық пән дерге қызығушылығы басым. Тақырыптық карталармен өте жақсы жұмыс істей алады.

Топпен жұмыс істеуде алғыр шапшаң екендігін көрсетті. Постер қорғап, бірнеше сұрақ тарға жауап беріп,ат салысып отырды. Есте сақтау қабілеті басым екендігін көрсетті.

С

Сабаққа үнемі дайындықсыз келеді. Достарымен көп қарым-қатынас жасамайды жеке отырғанды ұнатады. Пәнге деген ынтасы төмен.

Топпен жұмыс жасауда достарының көмегімен жеңіл сұрақтарға толық емес жауап беріп отырды,өз ойын бөлісе бастады.

Іс-тәжірибедегі жоспарланған жұмыс барысында мектептегі оқу үдерісіне өзгерістер енгіздім деп ойлаймын. А, В, С оқушыларымның іс-әрекетін бақылау, сауалнама алу арқылы дәлелдемелер жинау кезінде әртүрлі қиындықтар кездесті:

  • Оқушылардың топтық жұмысқа үйренбеуі;

  • Сөз қорының аздығынан өз-ойларын жеткізгенде қиындыққа тап болуы;

  • Сұрақтарға нақты, толық жауап бермеуі;

  • Өзін-өзі жоғары бағалауы;

  • Үлгерімі төмен оқушылардың тапсырмаларды орындамауы.

  • Оқушылардың сөздік қорының аздығы; « Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратыны туралы пікірі тәжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, окушылардың оқуына соншалықты әсер ететіні айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқоз тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті» (МАН,98).

Оқушылар қалай өзгерді: Пәнге деген қызығушылығы оянды.

Топта достарымен бірге жұмыс жасауға үйренді.

Өзінің ойын ашық айтуға дағдыланды.

Мен қалай өзгердім:

Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, оқушылардың өз бетінше ізденуіне жағдай жасадым.

Өзіме деген жауапкершілігім артты, барлық сабақтарымда жаңаша әдіс- тәсілдерді пайдалануға тырыстым.

Сабақтарымда АКТ-ны тиімді пайдалануға дағдыландым.

Менің деректерді жинау әдісім жоспарлағандай нәтиже берді. Сыни тұрғыдан ойлау теріс ойлағыш, шыдамсыз, қызба, тәртібі нашар, жалқау, әрекеттің салдары туралы ойламайтын, жаңа ақпаратқа немқұрайлы қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін оқушыларға пайдаланса, өз нәтижесін беретініне сенімім мол деген қорытындыға келдім. Бағдарлама негізіндегі теориялық білімді меңгеріп, педагогикалық тәжірибеме өзгеріс енгіздім.Тәжірибе кезінде өз білімімді жетілдіре отырып, өзімді-өзімді реттеп, орта, қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда алдымен өзімнің сыни тұрғыдан ойлану керек екенімді түсіндім. «Сын тұрғысынан бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынган ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін» (МАН,42). Сабақ барысында оқушылар алдына қойған мәселелерді шешуде балама шешімдерді көріп, дұрыс шешім қабылдай алды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер заман талабына сай білімді, өзіндік идеясы мен пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер етеді. Идеяларға күмәнмен қарай отырып, ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне көз жеткізді. Пікір алмасты, өз пікірін дәлелдей алды. Қарама-қарсы айтылған пікірлерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, шеше алды. Нәтижесінде оқушы білім дағдысын үйренді және оны қолдана білді. Бір-бірінің білімін толықтырып, кеңейте алды. Болашақта оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігіне қарай инновациялық әдістерін реттеп,іс-тәжірибемде қолданамын. Тәжірибеде пайдаланған әдістерімді қайта қарап,қажет жеріне өзгерістер енгізіп түзетемін. Себебі тәжірибеден өту кезеңі аз уақытты қамтығандықтан бәріне бірдей үлгеру мүмкін болмады. Дегенмен уақыттың аздығы менің педагогикалық кәсіби дамуыма шектеу қоя алмады.Өзімнің тәжірибемді жетілдіру мақсатында курстан көп пайдалы ақпараттар алдым. Алынған ақпараттардың болашақта оқу үдерісіне көп көмегін тигізетініне сенімдімін. Оқушылар АКТ- ны қолданып тапсырмаларды орындау кезінде әр топ бәсекелестікке түсе отырып тапсырмаларын шапшаң әрі дұрыс орындап, пәнге деген қызығушылығы жоғарылағанын байқадым.Интербелсенді тақтамен еркін жұмыс жасайтын болды. Электрондық оқулықтармен және АКТ арқылы интернеттен мәліметтер жинап түсіндіреді. Диалог арқылы сөздік қорын молайтады. Мұндай жаңа әдіс-тәсілдер қолданып сабақ өткенде мына мәселелерге көз жеткіздім: оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, топтық жұмыстарды орындуда жауапкершілікті сезінуі. «Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше әңгіме барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды»(МАН,99). Іс-әрекетті зерттеу жобасынан алған тәжірибемді педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдыларды алудағы білімділік қажеттіліктерін қанағаттандырып , кәсіби дамуына көмектесу үшін жалғастырамын.Болашақта оқытудың жаңа тәсілдерін мектептегі әріптестерімнің тәжірибесіне енгізу жұмыстарын жүргізсем деп ойлаймын. «Ынтымақтастық оқу-бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесімен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесе отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттілікпен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген» (МАН,134). Оқушылармен АКТ-мен жұмыс жасау барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал етемін. Сыни тұрғысынан ойлауға оқыту моделiн енгiзу арқылы оқушылардың iшкi жан дүниесiне терең үңiле бастадым, олардың сыни тұрғыда ойлау қабiлеттерiнiң дамығандығын байқадым, өз-өздерiне баға бере алатын дәрежеге жеттi, ақпараттарды салыстырмалы түрде түсiндiре бастады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас орнады. Оқушылардың сөйлеу қабiлеттерi, сөз мәнерi жетiле түсiп, олардың бойында ой еркiндiгi қалыптаса бастады.Оқушылардың танымдық iзденiмпаздығы қалыптасып, мәселелердi терең талдауға дағдыланды. Шығармашылық ой-өрiсi артып, ұжымдық ой-пiкiрлерi қалыптасып, топ мүшелерiнiң пiкiрлерiмен ортақ шешiмге келуге үйрендi. Мұғалiм мен оқушы арасындағы қарым- қатынас ынтымақтастықта болып, сенiмділiктерi артты, оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетiн сақтауға, бiлiмiн жүйелi түрде толықтыруға, өз әрекетiн сын тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап қорытындылауға үйрене бастады.






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Кудайбергенова К.С.«Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. Әдістемелік құрал». Алматы,2013.

2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 2012.

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 2014.

4.Үлестірме материалдар. Екінші апта. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. »,2012..

5.Орақова А.Ш. Жартынова Ж.А. және басқалары «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару». Алматы, 2014



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!