Материалдар / «Тарих сабағында білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тарих сабағында білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тарих сабағында білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызы»тақырыбындағы баяндама мұғалімдер арасындағы әр түрлі жиын тақырыбына сәйкестігіне байланысты ой қозғау кезінде материалдың пайдалы болатын айтқым келеді
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№13 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылы

Тарих пәні мұғалімі: Нурахметова Гулим Тилеубековна

«Тарих сабағында білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызы»

 «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.          

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. 

Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу.Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі,адамгершілігімол,иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті.
              XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық- психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог эерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.
«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз.
«Тарих сабағында оқушылардың коммуникативтілік дағдыларын қалып-
тастыру» әдістемелік құралында берілген сабақ жоспарларындағы мақсат пен
оған жетудің жолдары оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес қойылған.
Жоспардағы бағалау критерийлері, зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулары, оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейі, құндылық-
тары да тақырыпқа сай таңдалды. Оқу жоспарында оқушылардың білімін
саралау мақсатында ізденуге, зерттеушілік қабілеттерін шыңдауға, дәйектер
келтіруде қолжетімді ресурстарды таңдап алынды. Жаңартылған білім мазмұны
бағдарламасы аясында оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру
мақсатында тиімді стратегияларды қолдана білу орасан зор шеберлікті талап
етеді. Атап айтқанда, диалогтік оқыту, проблемалық және ақпараттық түсіндірмелі шығармашылық тапсырмалар енгізілген. Мұғалімнің оқушылармен жұмыстанған уақытында ойлау, пайымдау, ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау мен жинақтау сияқты дағдылардың болуы олардың сыни тұрғыда ойлауына жетелейтін іс-әрекеттері әдістемелік құралда айқын көрініс тапқан. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады. Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту  барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.        Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді. Пәндік ерекшеліктерге байланысты өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Тарих пәнін оқу мен оқытуда шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде.Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады. Оқушының  шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс- әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: тарих пәнін оқытуда Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық  қабілетін дамыту барысында күтілетін нәтижелерді атап айтсақ

  • кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай шағын және нақты мәліметтерді қолдана алады;

  • алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіру үшін сөйлеу дағдыларын қолданады;

  • топпен,командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін сөйлеу дағдыларын пайдалана алады;

  • жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;

  • интеллектуалдық ойындар барысында жалпыадамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;

  • өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;

  • ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады.

  • интеллектуалдық даму деңгейі жоғары дарынды  тұлғалар  айқындалады.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындардың атқаратын  маңызы зор. Интеллектуалдық ойындар арқылы  оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Берілген тақырып аясында Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.Негізгі ойды бере отырып,тарихи оқиғаның шығу себебін,алғышартын,барысын,нәтижесін және тарихи маңызын еркін және өзіндік әрекет ету арқылы жеке қызуғушылығының ғана емес,сайысты өткізілген  «Көкпар», «Алтын сақа», «Ата жұрт» сияқты т.б түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.Оқушылардың ақыл — ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек. Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми — ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан — жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн . Қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады. осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады; білім сапасы көтеріледі; оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артады; әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Оқушының  қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Жалпы адамзаттық, рухани-адамгершіліктік өмір құндылықтарының мәнін түсінетін, айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алатын, ұжымда, топта еңбектене білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, оны болашақта қоғамнан өз орынын таба білуіне ықпал жасау баршамызға ортақ міндет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!