Көкшетау
қаласы
№12
ЖОББМ
«Тарих сыр
шертеді»
(интеллектуалдық- танымдық
ойын5-6 сынып аралығында)
Дайындаған:
тарих пәнінің
мұғалімі
Нуркенова
М.Е.
2021жыл
Сынып: 5-6 Өткізілген күні:
09.12.21ж.
Тақырыбы: «Тарих сыр шертеді »
интеллектуалдық- танымдық ойын.
Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім
негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтары мен
байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу
шешендігін шыңдау арқылы танымдық қабілеттерін
дамыту.
Білімділік: оқушылардың Қазақстан
тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты көзқарастарын
дамыту;
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау,
есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын
арттыру;
Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген
патриоттық сезімдерін қызығушылықтарын
кеңейту;
Сабақтың
түрі: ойын,
сайыс.
Сабақтың
әдісі: интерактивті әдіс, топпен
жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: Презентация.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Амандасу.Психологиялық
ахул.
2. Сайысқа қатысушы топтарды
орындарына отырғызу
Мұғалімнің
сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 5-ші және 6-шы сыныптардың арасында тарих апталығы аясында
«Тарих сыр шертеді» тақырыбында өткелі отырған
интеллектуалдық-танымдық ойын.
ІІ. «Тарих сыр шертеді»
интеллектуалдық-танымдық ойынды жүргізу
жоспары:
1. Сайыстың мақсаты мен
міндеттерімен таныстыру;
2. Сайысқа қатысушы топтармен
таныстыру;
3. Әділ қазылар тобымен
таныстыру;
4. Ойын шартымен
таныстыру: Сайыстың
технологиялық картасы:
Ойынымыз негізгі 4 турдан
тұрады.
1 кезең. Ойлы сұраққа ұтымды
жауап.
2 кезең. Сандар сыр
шерткенде.
3 кезең. «Кім өнерлі»
кезеңі.
4 кезең. Терминдермен
жұмыс
5 кезең.
Ол кім ? Бұл не? Өздеріңнің
таңдауларың бойынша тарихи сахналық
қойылым.
1.Ойлы сұраққа ұтымды
жауап.
5-сыныптың
сұрақтары.(Жауаптары).
1 Алғашқы адамдардың
әлеуметтік құрылысы қалай аталады?
Алғашқы қауымдық
құрылыс.
2 Тас ғасырдың ең алғашқы
кезеңі қалай аталады? (палеолит)
3.
Аталық ру қай кезде пайда болды? (Қола дәуірі).
4.
«Алтын Адам» қайдан табылды? (Есік қорғанынан).
5. Тарих сөзі қандай мағына
береді? Зерттеу, өткен оқиғалар
жайлы
әңгіме.
6. 1927 жылы синантроп қай жерден табылды?
Қытайда.
7. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады?
Саналы адам.
8. ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев қай жылы президент болып сайланды? 1991 жылы 1
желтоқсанда.
9. Қай дәуір «қыш құмыралар заманы» деп аталады?
(Неолит).
10. Рулық қауымдағы адамдар
тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат
құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім.
(Тотемизм).
6 сыныптар
жауаптары
1.Түрік қағанаты қай жылдары
билік құрды?(552-603)
2.Түргеш қағанатының
қоныстанған аумағы? Іле,Шу
3.Атлах шайқасы қай жерде болды?
Таразда
4.Ортағасырлық қала неше
бөліктен тұрды және қалай аталады
Цитадель,шахристан,рабад.
5. «Диуани лұғат ат түрік»
кітабының авторы кім? Махмуд Қашқари
6. Ашина» атауы қандай
мағынаны білдіреді? /қасқыр/
7.Моңғол мемілекетінің негізін қалаушы?
Темучин
8.Шыңғыс хан қандай заң құрды?
ЯСА
9.Ұлы жібек жолының бойындағы
тасымалданған тауарлар?
Аң
терісі,тастар,иіссу,женьшень,бояу,тәтті
тағамдар.
10.Патшалар мен елшілерге
қандай сыйлық берді?
Жібек мата, күміс
теңгелер.
2.Сандар сыр
шерткенде.
5
сынып
1-Тас дәуірінің
хронологиясы-б.з.б.2,5-3мыңжылдықты
қамтиды.
2-Темір дәуірінің
хронологиясы- б.з.б.8-б.з.6ғ.
3-Сақтар өмір
сүрді?- б.з.б. I
мыңжылдық.
4-Мезолит
– б.з.б. 12-5
мыңжылдық.
5-Жер беті күрт суи бастады
– (100 мың жыл
бұрын)
6- Неолит
– б.з.б.5-3мыңжылдық.
6
сынып.
1-
Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603
жылы/
2-Ұлы жібек жолы қай мың жылдықтарда өмір
сүрді; б. з. дейінгі
III—ІІ-
3-Дербес қыпшақ
хандығы (XI ғ. — 1219
ж.).
4-Оғыздар неше тайпаға
бөлінді./24
тайпадан/
5-
Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603
жылы/
Екі сыныпқа қойылатын
сұрақтар.
1.1992 жыл 4 маусым
- алғаш рет тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік
рәміздері бекітілді.
2. 1992 жыл
наурыз- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып
қабылданды.
3.Тарих атасы –
Геродот.
4.Тәуелсіздік күні -16
желтоқсан.
5.Қазақстан жер көлемі жағынан
әлемде нешінші орын алады? -9 орын
6.ҚР Мемлекеттік Туының авторы
кім? суретшi Шәкен
Ниязбеков
3 . «Кім өнерлі»
кезеңі.
Әділ қазылар алқасы қорытынды
шығарғанша әр сыныптан екі оқушыдан келіп, берілген тапсырманы
қимылмен көрсету керек.
1.Гүлдің
солуы
2 Судан шығып қалған
балық
3. Таңертең ерте тұрған қораз
даусын салу
4 Мысықтан қорқып қашқан
тышқан
5 Гүлдерді тозаңдандырып
жүрген ара болу
6 Банан жеген маймыл
болу
7 Қорыққан
қоян
8 Бүршік жарған
ағаштар
4.Терминдермен
жұмыс
5-сынып.
Номадизм-
малшылардың “көшпелі” өмір - салты дегенді
білдіреді.
Ғасыр-
Жертөле-
Тотемизм-
Петроглиф-
Тобыр-
6-сынып.
1.Басқақ
2.Жатақ
3.Жабғу
4.Жасақ
5.Рабад
6.Фельс
5. Ол кім ? Бұл не? Өздеріңнің таңдауларың
бойынша тарихи сахналық қойылым.
-сахналық
көрініс.
Құрметті көрермен қонақтар,
сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Қазақта қонақкәде деген бар.
Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге қояр тапсырмамыз бар. Мына
үзік - үзік сөздерден мақал құрастыру
керек.
1. Ұяда
ұшқанда
2. Ата...
бала...
3. Ер...
ез...
4. Өле...
бөле..
5. Таяқ...
сөз...
6. Мал...
жер...
7. Тентектің...
түстен...
8... сүйіндіреді,...
күйіндіреді...
9. Мысыққа...,
тышқанға...
10. Мектеп...,
білім,
Жауабы:
Ұяда ұшқанда Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің.)
2.
Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)
3.
Ер... ез...(Ер бір өледі, ез мың өледі.)
4.
Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)
5.
Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен
өтеді)
6.
Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)
7.
Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін
кіреді.)
8... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз
сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9.
Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім
керек.)
10.
Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)
ІІІ. Ойынды
қорытындылау.
Әділқазылар алқасына сөз
беру.
Топтарды
марапаттау.