Материалдар / "Тарихи таным" ойын сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тарихи таным" ойын сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, білімге құштарлығын арттыруда көмегі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1566
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылырдың зеректік қабілетін дамыта

отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру,

Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті пәндері бойынша

білім сайысына түсу арқылы білімдерін байқау.

Дамытушылық: Оқушылырдың дүниетанымын, тарихқа

деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін

дамыту, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Топ болып жұмыс істеуге, өз мүмкіндігін

дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы.


Пән аралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интерактивті тақта, шарлар.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар мектебімізде өтіп жатқан тарих

апталығына байланысты 6 сыныптар арасында өтетін « Тарихи таным» атты сайысымызды бастаймыз.

Ұйымдастыру кезеңі:

А) сайысқа қатысушы екі топты анықтау

Ә) сайысқа дайындағын тексеру

Б) Қазылар алқасын сайлау.

II. Негізгі бөлім:

Сайыстың шарттары:

  1. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топтың аты, ұраны.

  2. «Жұлдызды сәт» ойыны (сұрақ-жауап)

  3. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» (жарыс)

  4. «Полиглот» тіл өнер сайысы (үш тілде білім тексеру)

  5. «Менің білім деңгейім» тест сұрақтары:

  6. «Алтын қақпа» ойыны.

III. Қорытынды бөлім.

Қазылар алқасының берген қорытындысы бойынша жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.


Ендеше сайысымызды бастаймыз.

I кезең. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топтың аты, ұраны.

Армысыз, айналайын дана халқым

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын

Тіл ұшына оралар кездескенде

«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер өнегелі

Сәт те келіп қалғандай танысатын - дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысатын екі топ өздерін таныстырсын


II кезең. «Жұлдызды сәт» ойыны (сұрақ-жауап)

Алдымен «Тарих» тобына 10 сұрақ қойылады. Егер жауап дұрыс болмаса жауап беру мүмкіндігі келсі топқа өтеді. Әрбір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойылады.

«Тарих» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. «Тарих» сөзі қандай мағына береді?

  2. Қазақстан өзін қашан Тәуелсіз Республика деп жариялады? /1991ж. 16 желтоқсан/

  3. Әлем халықтары неше нәсілге бөлінеді? /3 нәсілге/

  4. Ислам дінінің негізін салушы кім? /Мұхаммед пайғамбар/

  5. ҚР мемлекеттік нышандары қай жылы бекітілді? /1992ж маусым, желтоқсан/

  6. Ең алғашқы адамдар қай жерді мекендеген? /Африка, Азия /

  7. Аналық ру қай дәіурде қалыптасты? /Кейінгі палеолитте/

  8. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды? /мезолитте/

  9. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы қалай аталады? /Тотемизм/

  10. Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы қандай? /Жүйрік атты турлар/

«Шежіре» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. «Шежіре» Қалай қалыптасады?

  2. Христиан дінінің негізін салушы кім? /Иса пайғамбар/

  3. Мұсылмандардың қасиетті кітабын ата. /Құран/

  4. ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды? /1995ж. 30 тамыз/

  5. Сақтардың ержүрек әйел патшасы кім? /Томирис/

  6. Тасқа салынған суреттер қалай аталады? /петроглиф/

  7. Қытай тарихының атасы кім? /Сыма Цянь/

  8. Қазақстанда ежелгі адам неше жыл бұрын өмір сүрген? /1 млн/

  9. Сақ қоғамы неш топтан тұрды? /жауынгер, абыз, малшылар мен егіншілер/

  10. Герадот өз жазбаларында сақтарды қалай атаған? /массагет/


III кезең. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» (жарыс)

  1. Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

Оқушылар мақал-мәтел жарысында бір рет айтылған мақал-мәтелді қайталамайды.

  1. Жұмбақ шешу.

Қарсы топтар бір-біріне жұмбақ айтады, шешуін тапқан топқа 1 ұпай беріледі


IV «Полиглот» тіл өнер сайысы (үш тілде білім тексеру)

Келесі айналымда оқушылар көптаген жұмбақтарға жауап бере отырып, өз ана тілімізбен қоса орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдеріңіз сарапталады. Ендеше, іске сәт!

1.Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,

Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып

Үйіме сәулеленіп түссе жарық

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. /жұлдыз, звезда, star/


2.Жол үстінде қу қазық.

Мергеншіге жол азық /қоян-заяц-rabbit/

3.Қанатым бар ұшпаймын

Көл астында қыстаймын /балық-рыба-fish/

4.Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті ақ /қант-сахар-suqar /


5.Бұдан кір қорқады

Судан бұл қорқады /сабын-мыло-soap/


6.Көкпеңбек еді көктемде

Қызарады күзге жеткенде /алма-яблока-aplle/


7.Білімнен мол сый-асы

Балғындардың ұясы /мектеп-школа-shcool/


8.Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айқай да шу /түлкі-лиса-fox/


V кезең «Менің білім деңгейім» Бұл кезеңде оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. Екі топқа да бірдей сұрақтар беріледі.

Дұрыс жауабын таңдау тесті

1.Аң аулау адамдардың шағын топтары мен жекелеген аңшыларға нені ойлап табудың нәтижесінде мүмкін болды?

А) найзаны

В) сына қаруларды

С) садақ пен жебені

2.Андронов мәдениетінің 30-дан аса тұрағы мен 150-ден аса қорымының табылған аймағы.

А) Оңтүстік Қазақстан

В) Орталық Қазақстан

С) Солтүстік Қазақстан

3.100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәрізді қару:

А) садақ

В) бумранг

С) найза

4.Грек авторлары «Азиялық скифтер» деп атаған тайпалар:

А) Қаңлы

В) Сақтар

С) Ғұндар

5.Қай елдің тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар «дұшпанға –қатал, досқа - адал » болған.?

А) Қытай

В) Грек

С) Парсы


Сәйкестендіру тесті:

«Тарих» тобы тапсырмалардың біреуін таңдап орындайды

1тапсырма


Космонимика ру, тайпа, халық аттарын зерттейді

Этнонимика өсімдік атауларын зерттейді Антропонимика аспан әлеміндегі ғаламшарды зерттейді

Фитонимия кісі есімдерін зерттейді


2 тапсырма

Люси Франциядан табылған археологиялық еск.

Синантроп Ява аралынан табылған қаңқа

Питекантроп Пекин маңынантабылған адам қаңқасы

Кроманьон Африкадан табылған әйел қаңқасы

VI кезең. «Алтын қақпа» ойыны

Ойын барысында көп ұпай жинаған топ «Тас қақпаны» ашуға жолдама алады. Одан кейін «Күміс қақпа» сұрағына жауап берсе, «Алтын қақпаны » ашады. Одан кейін «Алтын сандық»сұрағына жауап берген топ жеңімпаз атанады.

  1. «Тас қақпа» сұрағы:

Ежелгі тас ғасыры қалай аталады? /Палеолит/

  1. «Күміс қақпа» сұрағы:

Герадот қандай еңбек жазды? / «Тарих» атты еңбек/

  1. «Алтын қақпа » сұрағы:

Сақтардың Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан? /егіншілікпен/

  1. «Алтын сандық» сұрағы:

«Алтын киімді адам» қашан және қай жерден табылды? /Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, 1969ж. Есік обасынан/

III. Қорытынды бөлім.

Қазылар алқасының берген қорытындысы бойынша жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!