Материалдар / «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» Тәрбие сағаты 10-сынып 25 қазан республика күніне.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
1206
13 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» 

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

8-САБАҚ

10–сыныптар: «Онлайн ойындардың қауіптілігі және интернетке тәуелділік»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу

Қауіпсіздік мақсаты

онлайн ойындардың қауіптілігі мен интернетке тәуелділіктің салдарын түсіндіру.

Қауіпсіздік міндеті

1. Оқушыларды онлайн ойындардың қауіптілігі жайлы ақпараттандыру. 2. Интернетке тәуелділіктің салдарын талдау.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Отаным – алтын бесігім!

Сабақтың барысы



Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

І. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?

-Бүгін сабақта кім жоқ?

  • Оқушылар амандасады.

  • Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндайды.

слайд

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді,- деген өлең жолдарын айта отырып, біздің бүгінгі «Қазақстан – менің Отаным» атты класс сағатымызды бастаймыз.

Әнұран орындалады.



III. Жаңа материалды түсіндіру

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,

Таңдарсың он жүректің сазын әлі.

Шіркін- ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!



Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни Республикамыздың территориясына 7 мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 орында. Ал ТМД елдері бойынша 2 орында.

Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес: олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан және Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Ел ордасы – Астана қаласы.

Қазақстан туған елім,

Алтын бесік- Ақ Ордам.

Даңқың сенің арта берсін,

Елім менің жаңарған.



Келесі кезекті оқушыларға берейік.





Қазақстан Республикасының мерекелеріне байланысты сұрақтарға жауап береміз:

  1. Қазақсатан Республикасының «Республика күні» қашан тойланады ?

  2. Қазақстанның елбасы қашан сайланды ?

  3. Астанадағы бәйтерек неше метр ?

  4. «Қазақстан КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде қашан бекітілді ?

  5. ТМД қашан құрылды ?

  6. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды ?

  7. Ел астанасы Ақмола қаласына Астана деп ат берілген күн

  8. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды ?

  9. Семей полигоны қашан жабылды?

  10. Қазақстан Республикасы БҰҰ қашан мүше блолды ?

  11. Қай жылдары «Ауыл жылы» болып жарияланды ?

  12. Жаңа Астананың ресми тұсаукесері қай күні болды ?

  13. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәіров қашан ғарышқа ұшты ?

  14. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесің ? (өз ойларын қағазға жазу)

  15. «Менің Отаным» атты 4 жол шумақ өлең жолын жазыңдар.



Әдеби монтаж.

1 – оқушы:

Бойымда жігер тұрғанда сенім,

Жалындап өтем жолыңда сенің!

Өзіңсің мәңгі бақытым, барым,

Аяулы Отан, ардақты елім!

Болашақ саған қол созған бүгін,

Ерікіті еліміз еңсесі биік.

Көк туың көркем, жібектей ғажап!

Қазақстан Республикам менің.

2- оқушы:

Көп ұлтты елім гүлденіп өскен , Тыныштық тілеп бірлігін сақтар!

Түсініп терен өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім!

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Отаным – ордам, Отаным – Анам!

Қазақстан Республикам менің!

3 – оқушы:

Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан секрпіп бостандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін!



Оқушылар жауаптары :

  1. 25- қазан

  2. 1- желтоқсан

3.

4. 1990 ж. 25 қазан

5. 21- желтоқсан

6. 4- маусым

7. 6- мамыр

8. 1995 ж. 30-тамыз

9. 1991 ж. 29 – тамыз

10. 1992 ж. 2- наурыз

11. 2003-2005 ж.ж.

12. 10- маусым

13. 2- қазан

14.

15. Оқушылар өлеңдерін оқиды.


Қауіпсіздік

10 мин

Педагог компьютердің алдында ұзақ отырудың және шектен шыққан ойынпаздықтың салдары туралы баяндайды. В.М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институт ғалымдары компьютерге әуестіктің белгілерін анықтады: - компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; - ата-аналарымен кикілжіңге бару; - үйге кешігіп келу; - сабақ үлгерімі нашарлау; - сабаққа жиі бармай қалу; - баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; - өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; - күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; - берген уәдесін орындамайды; - ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады; - ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады. Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында жарық, белгілі температура, санитарлық режим нормаларының сақталмауы жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді.

Бұл қауіптерді болдырмау үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет:

Біріншіден, ойынға кететін уақытқа шектеулер қою керек. Екіншіден, жеке ақпаратты қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану керек. Үшіншіден, ойыншылар онлайн ойындарда кіммен сөйлесетінін қадағалап, бейтаныс адамдармен байланыста болмау керек. Төртіншіден, балалар ойнайтын ойындардың мазмұнын қадағалап, олардың құрамында балағат сөздер мен агрессивті элементтер жоқ екеніне көз жеткізу керек. Қорытындылай келе, онлайн ойындар уақытты өткізудің көңілді және қызықты тәсілі ғана емес, сонымен қатар баланың әлеуметтенуіне араласады және оны жалпы бос уақытынан толығымен оқшаулайды – бұл қосымша шара, өйткені бұл оны құрдастарынан белгілі бір оқшаулауға әкелуі мүмкін. Егер сіздің балаңызда компьютерлік ойындарға тәуелділік болса, психологпен кеңесу ұсынылады

2. Негізгі бөлім(6 минутқа дейін) Қазіргі әлемде онлайн ойындар, әсіресе балалар мен жастар арасында танымал бола бастады. Алайда, олар психологиялық және физикалық денсаулыққа әсер етуі мүмкін белгілі бір қауіптерге ие. Бұл мақалада біз осы қауіптерді және оларды болдырмау жолдарын қарастырамыз. 1. Онлайн ойындардың негізгі қауіптерінің бірі – тәуелділік. Ойындар соншалықты қызықты болуы мүмкін, сондықтан ойыншылар өз міндеттері мен әлеуметтік өмірін ұмытып, оларға көбірек уақыт бөле бастайды. Нәтижесінде көңіл күй, ұйқы, сондайақ басқалармен қарым-қатынас проблемалары туындауы мүмкін. 2. Онлайн ойындардың тағы бір қауіптілігі – ойын қауымдастықтарында балағат сөздер мен агрессивті мінез-құлықтың болуы. Бұл ойыншылардың агрессивті 223 тенденцияларының дамуына, стресс деңгейінің жоғарылауына және жалпы психикалық денсаулықтың жағымсыз салдарына әкелуі мүмкін. 3. Сонымен қатар, онлайн ойындарда ойыншылардың жеке ақпараты мен ақшасына қол жеткізуге тырысатын хакерлер мен алаяқтар болуы мүмкін. Бұл деректердің бұзылуына және жеке ақпараттың жоғалуына әкелуі мүмкін.

Ұсыныстарды талқылау. Шынайы достармен көңіл көтеру және қарым-қатынас жасау үшін интернет қажет емес, нақты өмір қажет. Интернетті пайдалану уақытын қысқартыңыз! Виртуалды әлемде байланысу үшін күніне 1 сағаттан жеткілікті. Әлеуметтік желілердің сіздің денсаулығыңыз бен болашағыңызды құртуынажол бермеңіз! Шынайы өмірде көбірек уақыт өткізіңіз: достарыңызбен, ата-аналарыңызбен сөйлесіңіз, өзіңізге шынымен қызықты хобби табыңыз, оқыңыз, спортпен шұғылданыңыз, пайдалы әлеуметтік жобаларды ойлап табыңыз және іске асырыңыз, адамдарға көмектесіңіз, қоғамдық жұмыстарға қатысыңыз, өз таланттарыңызды батыл қолданыңыз.


ІV. Қорытынды

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін білу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз,- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған өз ойларын айту.



Елімізде әрқашан береке- бірлік болсын деген ниетпен «Қазақстан – кең байтақ Отаным!» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!

Назарларыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!

Оқушылар өз ойларын айтады.









«Атамекен» әні айтылады.













Сау болыңыз!

Іс – шара өз мақсатына жетті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!