Материалдар / "Тарихыңды біл!" ойын-викторинасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тарихыңды біл!" ойын-викторинасы

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына арналған "Тарихыңды біл!" викторинасы тарихқа деген қызығушылқты оятып, алған білімдерін анықтауға мүмкіндік береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2022
336
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 сыныпқа арналған

«Тарихыңды біл!» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ұштастыру, танымдық қызығушылығын арттыру

Білімділік – оқушыларды үш топқа бөле отырып, оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;

Дамытушылық - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың шығармашылыққа ынталандыруын, ойлау, іздену қабілетін дамыту;

Тәрбиелік – оқушыларды отан сүйгіштікке, шұғыл шешім қабылдай білуге, іскерлік қабілетке, жинақылыққа, өз ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайд, суреттер, Қазақстан картасы

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Ойынның шартымен, сайыстың түрлерімен таныстыру

2. Әділ қазылар алқасымен, топ құрамымен таныстыру (6 сыныптар аралығы)

1 кезең

«Терминология»

Тапсырма. Берілген терминдердің мағынасын жазу (5 балл)

1) Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі

2) Инал – Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.

3) Вакф – мешіттер мен медреселердің жер иелігі

4) Орда – хандық биліктің орталығы

5) Руна – түркілердің көне жазуы

6) Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым

7) Ихта – феодалға шартты түрде берілетін жер үлесі. Жер иеленудің бір түрі.

8) Сүзеген - Сұлу қағанға берген арабтардың атауы.

9) Селиф - салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға берген атақ

10) «тат» - құл

2 кезең.«Математикалық шкатулка»

Тапсырма. Есеп шығарып, сол датада қандай оқиға болғанын айту. 3 минут

1 топ тапсырмалары:

1) 5 х 100 х 3: 2 – 198 = 552 (Батыс түрік қанаты) (5 балл)

2) (20 х 5) + (60 х 3) + (320х2)+40 960 (Қарахан мемлекетінің ислам дінің қабылдауы) (5 балл)

2 топ тапсырмалары

1) 25 х 5 х 20: 2- 499 = 751 (Атлах шайқасы) (5 балл)

2) (1000: 20 +160): 30 + 935 = 942 (Қарахан мемлекеті өмір сүрді) (5 балл)

3 кезең.«Ғалымдар айтады»

Оқылған мәтінді тыңдап деректердің авторын табу. (10 балл)

1) Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. (Махмуд Қашғари).

2) Түркістан аймағында оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіргенін айтқан ғалым. (Ибн Хаукаль).

3) Қай ғалым Оғыздар мен қимақтар туралы «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп айтты. (Әл - Идриси).

4) Қарахандардың жылқы малына ерекше көңіл бөлетінін айтқан ғұлама Ж.Баласағұн

5) «Монғол жеріндегі ІХ - ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан... әсерінен әлсіреді» деп айтқан ғалым: (Рашид ад - Дин).

4 сайыс «Шешендік» сайыс

Алдын ала берілген тақырып бойынша капитан командалары арасындағы ой толғау жарысы

«Қазақстан Республикаының қалыптасуы», «Қазақ хандығының құрылуы»

  • Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, оқушылар тарихтан алған білімдерін жоғары денгейде көрсете білді. Қорытынды жасау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!