400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тармақталған алгоритм

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні бойынша қысқаша анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәнінен сабақ жоспары

Сыныбы

7 «»

Пәні

Информатика

Мұғалімнің аты-жөні

Абдрахманова Меруерт Магметолловна

Оқулық


Сабақ №, тақырыбы

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты

Сызықтық алгоритмдерді программалау тілінде жазу


Іс –әрекет түрі

Ресурс


Орындалуы


Оқы


Сызықтық алгоритм-тарақталу мен қайталану әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм. Сызықтық алгоритм-барлық әрекетті тізбекпен, бірінен соң бірін табиғи реттілікпен бір реттен орындалатын алоритмдік құрылым.

Сызықтық программа

Сызықтық программа деп шартты тексеру, тармақталу және қайталану операторлары жоқ, енгізу, шығару операторларынан және орындау командаларынан тұратын, қарапайм программаны айтамыз. Программалау тілін пайдаланып, компьютерге мәліметтерді енгізуге, өңдеуге, өңделген нәтижелерді экранға шығаруға немесе файлға жазуға болады. Өткен тақырыптарда танысқанымыздайПаскалб программалау тілі модульді программалау тіліне жатса, Lazarus – Паскаль тілі негізінде жасалған объектіге-бағытталған визувлды программалау ортасына жатады. Lazarus программалау ортасында модульдік программа жазуға мүмкіндік бар. Ол үшін «Создать..Модуль–Модуль Паскаля» командаларын орындау керек. Біз сендермен модульдік және объектіге–бағытталаған программалау тілдерін салыстыра отырып үйренеміз. Бұл сендерге программалау процесін түсінуге үлкен көмегін тигізеді. Енді Паскаль негізінде мудульдік программалау жолдарымен танысайық. Программада мәліметтерді енгізу үшін Read операторын қолданамыз.

Read операторы

Жалпы жазылуы: Read (a, b, c, …, n). Бұл жерде енгізілетін a, b, c, …, n айнымалы шамалар. Айнымалылар әртүрлі типтерге тиісті болуы мүмкін. Енгізу кезінде айнымалыларды бос орынмен бөліп енгізу керек. Әрбір айнымалыны жеке қатарға енгізу үшін Readln (Readln(a, b, c, …, n)) операторы қолданылады.

Write операторы

Жалпы жазылуы: Write (a, b, c, …, n). Бұл жерде a, b, c, …, n

Экранға немесе файлға жазылатын нәтижелер. Ал әрбір нәтижені жеке қатарға шығару үшін Writeln (Writeln(a, b, c, …, n)) операторы қолданылады. Сонымен бірге Write операторын мына түрде қолдануға болады: Write(‘қосынды=’,’ең үлкені’). Математикада көптеген алгоритмдер сызықтық алгоритм түрінде шешіледі.

Lazarus-та сызықтық программалардан тұратын жобалар жасауға болады. Мұндай жағдайда «Жоба пішініне» ақпаратты енгізу немесе нәтижені шығару үшін өткен тақырыптарда танысқан компоненттерден Edit-ті қолданамыз.

Енді осы операторлардың іс жүзінде қалай жұмыс жасайтынын көріп шығайық..


Орында


Тапсырма

1.Тіктөртбұрыштың ауданын табудың программасын құрыңдар

Дескриптор:

Тіктөртбұрыштың ауданын табудың формуласын жазады.

айнымалыларды анықтайды

Нәтижені анықтайды

Тіктөртбұрыштың ауданын табудың программасын құрады

Программаны орындауға жібереді.

Нәтижені экранға шығарады

2

Автокөлік S км жолды 2 сағатта жүріп өтті. Автокөлік қандай жылдамдықпен қозғалды?

Дескриптор:

  • Жылдамдықты табудың формуласын жазады

  • айнымалыларды анықтайды

  • Нәтижені анықтайды

  • Программасын құрады

  • Программаны орындауға жібереді.

  • Нәтижені экранға шығарады




Рефлексия


Мен бүгін... білдім

Көп нүктенің орнына өз ойыңды жаз

Мен бүгін ... үйрендім

Мен ....тағы білгім келеді


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.02.2021
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі