Сабақтың басы
5 мин.
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. «Castlots»
платформасы бойынша топқа бөлу.
4. Топ басшысын сайлап
алу.
5. Оқушыларға қағаз қиындылары
тарату.
1-топ «Input»
2- топ «Print»
|
1. Мұғаліммен амандасады.
2. Сабақтың тақырыбын дәптерге
жазады.
3. Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындылары
арқылы QR суретті құрастырады(топ атын анықтайды)
|
|
Жұмыс дәптері
|
6 мин.
|
Топтық жұмыс
Үй тапсырмасын қайталау
Wordwall платформасы бойынша
«Сұрақ менен, жауап
сенен» әдісі
арқылы алдыңғы тақырыпқа байланысты төменде берілген сұрақтарға
жауап береді.
|
-
Python программалау
тілі дегеніміз не?
-
Python тілінің тарихы
қандай?
-
Python-ның басқа
бағдарламалау тілінен ерекшелігі неде?
-
Python программалау
тілінде файлдың қандай типтері бар?
-
Write режимінің
сипаттамасы қандай?
-
Файл дегеніміз
не?
-
file.close ()
сипаттамасы қандай?
-
Файлды ашудың қандай
режимдері бар?
Сұрақтарға жауап
береді
|
Бағалау: Оқушыларға «Медаль» тарату
арқылы бағалау.
1 медаль 1 балл
|
|
Сабақтың ортасы
22 мин
|
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
таныстыру.
2.Жаңа
тақырыпты түсіндіру. 3.Слайд материалы арқылы таныстырылым
жасайды.
Алгоритм дегеніміз – реттелген амалдар
жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі. Программалау
барысында алгоритмдер 3 түрге бөлінеді.
-
сызықтық
-
тармақталған
-
циклдік
Тармақталған алгоритм- орындалуы керек
қадам белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты
жүзеге асырылатын алгоритм.
Бұл алгоритмде міндетті түрде шарт
қолданылады.
Тармақталған алгоритмде «егер», «онда», «әйтпесе»
түйінді сөздері
қолданылады.
Python бағдарламалау тілінде шарт
тексеруге арнайы if- else операторы қолданылады. Ағылшынның «if»
сөзі «егер», ал «else» сөзі «әйтпесе» мағынасын береді.
Егер шарт орындалса, яғни ақиқат болса,
онда көрсетілген команданы орындауға көшеді.
«Бағдаршамнан өту» мысалының блок сызбасын
түсіндіру, сол блок сызба арқылы Python-да тармақталу алгоритмдерін
кодтарын жазу арқылы, есептін шығару жолын және нәтижесін
түсіндіру.
Практикалық жұмыстар
(Т) 1-тапсырма
1-топқа: Қандайда бір а санын енгізіп, а санының оң немесе теріс екенін анықтайтын
программа құру?
2-топқа: Қандайда бір а санын енгізіп, а санының тақ немесе жұп екенін анықтайтын
программа құру?
|
1.Мұғалімді тыңдайды
2. Сабақтың мақсатымен
танысады.
Дескриптор:
- Енгізу операторын қолданады-
1 балл
- Шарт құрады – 1
балл
- Нәтижені экранға шығарады – 1 балл
|
Бағалау: Оқушыларға
«Медаль» тарату
арқылы
бағалау.
1 медаль 1 балл (барлығы 3
балл)
|
7-сынып оқулығы.
Сурет/слайд
Компьютер
|
|
(Ж) 2-тапсырма
Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда етік
киеміз, әйтпесе туфли киеміз. Есептің программасын
құрыңдар?
|
Дескриптор:
- Енгізу операторын қолданады-
1 балл
- Шарт құрады – 1
балл
- Нәтижені экранға шығарады – 1 балл
|
Бағалау: Оқушыларға «Медаль»
тарату
арқылы бағалау.
1 медаль 1 балл
(барлығы
3 балл)
|
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
|
Сабақты
бекіту
Wordwall платформасы бойынша
жаңа тақырыпқа байланысты төменде берілген сұрақтарға жауап
береді.
-Құрамына байланысты
алгоритмдер неше түрге бөлінеді?
-Соңғы Python нұсқаларында
модульдерді жинақы сақтау үшін қай мұрағатқа орналастырса
болады?
-Python бағдарламау тілі қай
жылы ойластырылған?
- Түйінді сөздерді көрсет:
- «W» деген мәтіндік файлда нені
білдіреді?
- Алгоритм атауы кімнің есімінің латынша
айтылуынан шыққан ?
Кері
байланыс:
Padlet тақтасы арқылы оқушылар
сабаққа қатысты өз ойларын айтады.
Мақсаты:
Сабақты
қорытындылау.
|
|
Бағалау:
Мұғалімнің қорытынды
бағалауы
|
|